Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2030 0 пікір 15 Қазан, 2012 сағат 07:04

Ашық хат: Кедендік одақтан шығуымыз керек!

Қазақстан халқына!

Президент Н.Ә.Назарбаевқа!

Бастамашыл топтың Қазақстанда референдум өткізетіні  біршама уақыттан бері көпке мәлім болды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі -  Еуроазиялық одақтан бас тарту.

Референдум өткізу жөніндегі Алматыдағы алдыңғы аптада өткен дөңгелек үстел барысында Кедендік одақ (КО), Бірыңғай экономикалық аймақ (БЭА) тәуелсіздікке тікелей қауіп төндіретіні ресми сандармен тағы дәлелденіп өтті. Осы орайда қоғам қайраткері, белгілі экономист Мұхтар Тайжан алдымен Кедендік Одақтан шығу керек дегенді айтты.

Біз, бір топ керекуліктер, референдумда көтерілетін мәселелерді, соның ішінде әкімдерді халықтың сайлауын, азаматтардың барлығы бірдей заң аясында өмір сүруін, т.б. қолдайтынымызды білдіре отырып, ең бастысы - Бірыңғай экономикалық аймаққа, Кедендік одаққа түбегейлі қарсылығымызды білдіреміз. КО-шығу керек. Өйткені КО, келесі саты - БЭА бір-бірімен тікелей байланыста. Дөңгелек үстел барысында айтылған ресми сандарға назар аударайықшы: КО құрылғалы Беларустың мүше экспорты 22 пайызға, Ресейдікі 28 пайызға өскен. Ал ҚР-да керісінше, 30 пайызға кеміген!

КО-қа дейін де Ресеймен сауда айналымында 0 пайыздық кедендік ставка болатын. КО аясында кедендік тариф саясаты 92 пайыз Ресейдікі болғандықтан, шетел тауарларының бағалары күрт өсіп жатыр. Кедендік салықтардан түскен қаржының 88 пайызы Ресей бюджетін7 пайызы ғана Қазақстан бюджетін толықтырады.

Ал БЭА ол - ортақ валюта, ортақ темір жол, басқа да ортақ тарифтер, ортақ мұнай бағалары, басқа да ортақ бағалар. КО-ның сыртқы шекараларын демаркациялау деген сөз -  біздің Ресеймен бір шекараның ішінде, бірге боламыз деген сөз. Бір сөзбен айтқанда, КО біздің Ресейге жұтылып жатқандығымыздың айқын айғағы. Ал БЭА одан да қауіпті.

Осыны көре білуге көп ақылдың, білімнің қажеті жоқ. Біздің Ресей бодандығына кіріп бара жатқанымызды бүкіл әлем мемлекеттері бақылап отыр. Жоғарыда келтірілген жайттерді жақсы білетін отандастарымыз да, шет жұрттар да Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін өзі құртып отыр деп біледі.

Азаматтар, халайық! Ертеңгі ұрпаққа бодандық қамытын кигізбейік! Біз мемлекет үшін тарихи аса жауапты кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бұғып қалып, мәңгілік құлдыққа күмп бермейік, болашақ өз қолымызда! Екінші Беловеж қайталанбасын! Біз барлық жағынан теңдікті қамтамасыз ететін одақтан еш қашпаймыз. Ал  қазіргі интеграция - барлық жағынан өзіне басымдылықты қамтамасыз етіп отырған Ресейге бодан болу интегрциясы.

Президент мырза! Ертең еліміз бодандық қамытын шешілместей қайта кие ме, азат болып қала ма, ұрпақ, болашақ, мемлекет құрдымға кете ме, жоқ па, ең алдымен осы сауалдарға Өзіңіздің ерекше жауапты екеніңізді түсінесіз деп сенеміз. Халқыңыздың алдында да, Алланың алдында да осыған сіз жауапты боласыз! «Ештен кеш жақсы», әлі де біздің КО қамытынан құтылуға мүмкіндігіміз бар.

Р. Бейсенбай тегі, «Желтоқсан Ақиқаты» РҚБ Павлодар обл. төрайымы,

Қ. Нұрбаев, т.ғ.д., профессор

З. Ағымбаев, «Қазақстан патриоттар партиясының» Павлодар обл. филиалы басшысы,

А.Тойшыбай, тілші,

Қ. Нәбиев, «Аттан» ҚБ басшысы, Ақсу қ.

С. Байбосын, жорналшы

С. Нұрсила, ақын

А. Қаниев, ақын

Е. Алдабергенов, жастар белсендісі

А. Тоқтасын, уақытша жұмыссыз,

Г. Мырзағали студент,

Ж. Смағұлов, фермер,

Н. Шәкібаева, колледж мұғалімі,

Қ. Баязит, теміржолшы,

Р. Ғабдығалиев, оператор,

И. Сарбалаев, теміржолшы,

Т. Рамазанұлы, тіл жанашыры, қоғам белсендісі,

А.Қалиева, жұмысшы,

С.Қалиев, жұмысшы,

Ж. Хамитова, мұғалім,

Г. Дүйсенбина, кітапханашы,

Ж. Сәрсенбаев, жүргізуші,

А. Сәрсенбаева, сатушы

Е. Санатұлы, тәуелсіз жорналшы,

Г.Сейтқалиева,

Р.Бергенбек,

А.Бергенбек,

Қ. Қырықбай,

Н.Самархан т.б.

Редакциядан: Әдетте мұндай мазмұндағы ашық хаттарға әдеби-мәдени, саяси әм ғылыми атақ-дәрежесі зор қауымның белгілі бір шоғыры қол қойып, үндеу білдіріп жатады. Сондайға көзі үйреніп қалған жұрт жоғарыдағы тізімді өзінше қомсынып қалуы да мүмкін. Жоқ, олай емес! Тегінде зайырлы, әрі Атазаңында ең маңызды фактор - адам болып табылатын қоғамда әр азамат өзінің азаматтық дауысын барша жұртқа естіртуге толық қақылы. Ұлттық-азаматтық қоғамдағы азаматтардың белсенділігі дегеніміз де - осы. Ашық хатта ешкім ешкімді дау-шарға, мемлекетіміздің тұтастығына қарсы үндеп жатқан жоқ. Ендеше, Кедендік Одақ сияқты мүше болуға немесе бас тартуға болатын ұйым туралы әркім өзінің пікірін ашық білдіруге ерікті. «Есеміз кетіп қалмасын» дегенге саятын сергек, ояу ұл мен қыздың тілегі түптеп келгенде ел мүддесі үшін пайдалы боларын билік те, бұқара халық та бек ұқса, ұтылмаймыз.

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1680
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1634
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1363
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1298