Жексенбі, 28 Сәуір 2024
5217 18 пікір 21 Наурыз, 2022 сағат 16:01

Ұлыс оң болсын!

Ардақты ағайын! 

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. 

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!

Әлем алай-дүлей күйге түскен сәтте, елімізге тыныштық пен амандық, әр отбасыға шат көңіл, бақыт және береке сыйласын деп тілейміз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен, Abai.kz ұжымы! 

18 пікір