Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3090 0 пікір 9 Қазан, 2012 сағат 07:35

Дахан Шөкшір. Хан Абылайдың асына «Аққайың» алқабы сұранып тұр

Келесі жылы Абылай ханның 300 жылдық мерей тойы тойланады. Еліміз тәуелсіздік алған тұста Ұлы ханымызды ардақтап 280 жылдық мерей тойын Ақмола обылысы, Бурабай ауданы, Мәдениет ауылының «Аққайың» деген әсем табиғатты алқабында тойлаған еді.  Осы тарихи орынның маңыздылығын саралай келіп, Ұлы ханның 300 жылдық тойын осы алқапта өткізуді ауыл болып ұсынады. Бұл алқаптың аумағы кең жазық, орман тоғаймен қоршалған. Көптеген тарихи кино түсірілген. «Аққайың» алқабы аспан асты ашық мұражайына сұранып тұр. Бурабай табиғи ұлттық паркінің жанында.  Туристердің ынтасын тартары анық. Той қарсаңында Абылайдың қонысы болған қазақтың қаймағы бұзылмаған Мәдениет, Қызылағаш ауылдарын ХХI ғасыр ауылының талабына сай көркейтіп, басқаларға үлгі, тәжірибе  көрсеткен жөн. Қызыл ағаш ауылы - Абылай хан ордасын қондырған елді-мекен.

Аққайың алқабы көгілдір Көкше өлкесінің табиғаты тұнған әсем Бурабай тау сілемдерінің шығыс баурайында қанат жайған орманды алқаптың шетіне ортаға қарай сұғына орналасқан айналасы ат шаптырымдай кең алқап.  Қарағайлы   орманның жиегі ай қоралас кең алқап, әр тұсында мың бұралған шоқ қайыңдар өскендіктен, байырғы жұрт «Ақ қайың» алқабы атапты. Қазір бұл алқапты Бурабай маңындағы әсіресе сол маңға таяу орналасқан Мәдениет, Жаңаталап, Қымызын-ай ауылының тұрғындары «Абылай алқабы» деп те айтады. Себебі, Қазақ елінің тәуелсіздік жылнамасының бастауы болған 1991 жылы Алаштың басын қосып, осы өңірде Ақ ордасын тігіп 48 жыл хандық құрған Қазақ мемлекетінің ұлы ханы Абылайдың 280 жылдық тойы дүркіреп өткен тарихи орын. Ақ қайың алқабы Мәдениет ауылына 3  шақырым. Екі орта жадағай жазық болғанмен, кішігірім төмпешіктер шоғыры көзге ұшырасады. Алқаптың солтүстік шығыс бетінде биіктігі 50 метрге жуық, айналасы 100 шаршы метрдей қолдан жасағандай төбешік орналасыпты. Осы төбешіктің үстін арнайы тегістеп, тойдың, яғни, Абылай ханның бас ордасын тігіпті. Төбешіктің төбесін көп тегістеу қажет етпеген дейді, көргендер. Себебі, жорық жылдары хан Абылай осы төбеде тұрып, алқапта сап құрған сарбаздарына келелі кеңесіпен, бұйрығын берген деседі. Расында төбені  өз көзіңізбен көрсеңіз, төбе үстінде ақ боз арғымақтың үстіндегі Абылай ханды, төбешіктің етегін айнала сап түзеп, Абылайлаған қалың сарбаз, сардарларын еріксіз көз алдыңызға елестетесіз. Абылай ханның 280 жылдық мерейтойына Көкшетау облысының аудандарынан барлығы 100  астам үй тігіліпті. Бас орда орналасқан төбешіктің алдында ат жарысқан айналманың / ипподром/ сопақ ізі әліде сайрап жатыр.  Елімізде алғаш рет Бөгенбай батырдың 300 жылдық мерейтойынан соң, осы алқапта ашық аспан астында Абылай хан туралы тарихи драма  қойылған. Драманы  сәтті сахналаған, сол кездегі Ақмола облыстық музыкалық-драма театрының режисері, Мәдениет ауылының тумасы Жақып Омаров «Дала режисері» деген атаққа ие болады.Төбенің дәл қарсы жатқан орманды тау бөктерінде «Батыр Баян» киносы түсіріліпті. Қазбалай берсе алқаптың тарихи мәні зор.

«Abai.kz»

0 пікір