Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2333 0 пікір 8 Қазан, 2012 сағат 13:37

Исатай ҚАМБАРОВ. Астана! Басты «жыры» – баспана!

«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыру аясында Астанада жыл сайын 2020 жылға дейін 1,5 миллион шаршы метрге жуық үйлер пайдануға беріліп отырмақ. Бұл туралы Елорда мәслихатының ІХ сессиясының ашылуында қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун жария етті. «Ағымдағы жылдың 21 маусымында 9 негізгі бағыттар белгіленген «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» жаңа мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Оның ішінде «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі желісі бойынша азаматтардың барлық санаттарына арналған тұрғын үйлер», «жергілікті атқару органында кезекте тұрғандар үшін үйлер», «жас отбасылары үшін үйлер», «КИК» АҚ қорының үйлері - сатып алу мүмкіндігі бар әлеуметтік жалға беру», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тарапынан жалға берілетін үйлер», «апаттық жағдайдағы құлатылатын үйлер бойынша пилоттық жоба аясындағы тұрғын үйлер», т.б. бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл бағдарламаны іске асыру қаржыландырудың барлық көздері боынша 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үйлерді жыл сайын пайдалануға беріп отыруға мүмкіндік береді», - деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары. - Жалпы алғанда, мемлекеттік қаржыландырудың жоспарланған көлемімен айтар болсақ, Астана қаласы бойынша 2020 жылға дейін тұрғын үйлер тұрғызудың болжамы 2,5 миллион шаршы метрді құрайды немесе 49 600 пәтер пайдалануға берілуі тиіс.

«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын іске асыру аясында Астанада жыл сайын 2020 жылға дейін 1,5 миллион шаршы метрге жуық үйлер пайдануға беріліп отырмақ. Бұл туралы Елорда мәслихатының ІХ сессиясының ашылуында қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун жария етті. «Ағымдағы жылдың 21 маусымында 9 негізгі бағыттар белгіленген «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» жаңа мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Оның ішінде «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі желісі бойынша азаматтардың барлық санаттарына арналған тұрғын үйлер», «жергілікті атқару органында кезекте тұрғандар үшін үйлер», «жас отбасылары үшін үйлер», «КИК» АҚ қорының үйлері - сатып алу мүмкіндігі бар әлеуметтік жалға беру», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тарапынан жалға берілетін үйлер», «апаттық жағдайдағы құлатылатын үйлер бойынша пилоттық жоба аясындағы тұрғын үйлер», т.б. бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл бағдарламаны іске асыру қаржыландырудың барлық көздері боынша 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үйлерді жыл сайын пайдалануға беріп отыруға мүмкіндік береді», - деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары. - Жалпы алғанда, мемлекеттік қаржыландырудың жоспарланған көлемімен айтар болсақ, Астана қаласы бойынша 2020 жылға дейін тұрғын үйлер тұрғызудың болжамы 2,5 миллион шаршы метрді құрайды немесе 49 600 пәтер пайдалануға берілуі тиіс. Яғни, бюджет қаражаттары есебінен жыл сайын орта есеппен 300 мың шаршы метр пайдалануға беріліп отырады - бұл басты қаламызда жыл сайын іске қосылатын тұрғын үйлердің жалпы бөлігінің 20%-ы ғана», -  деп атап көрсетті С. Хорошун. Елорда әкімі бірінші орынбасарының айтуынша, пайдалануға өткізілетін тұрғын үйлердің негізгі ауқымы коммерциялық нарық тарапынан және жеке тұрғын үй құрылысы салалары арқылы ұсынылмақ. Сонымен қатар «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 200 мың шаршы метрден астам апатты жағдайдағы және тозығы жеткен үйлер қиратылып, олардың орнына 4 070 жаңа пәтер берілмек. 
«Астана әкімдігі ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігімен бірлесіп, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасына - апатты жағдайдағы және тозығы жеткен үйлерді бұзуға бюджеттен 40 миллиард теңге бөлуі қарастырылған - қала аумағын қалыпқа келтірудің пилоттық жобасы қосылды. Астанада 42 қайта қалпына келтіру ауданына бөлінген, көлемі 588 мың шаршы метр 2978 үйлер қайта өңдеуді және бұзуды қажет етуде. Бұл үйлер алып жатқан жердің жалпы аумағы - 315 гектар, ал сол аумақта салынуы жобаланған үйлердің көлемі 3 миллион шаршы метрді құрайды», - дейді С. Хорошун. - Дәл қазір шешімін табуы тиіс бірініші кезекті міндет - жалпы көлемі 150 мың шаршы метр аумақты алып жатқан 228 апатты жағдайдағы және тозығы жеткен үйлерді құлату, - деді Хорошун мырза қала мәслихаты депутаттарының алдындағы есеп беруі барысында. Жалпылай айтқанда, қала аумағын қалыпқа келтіру бойынша осы жоба аясында 608 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынуы немесе 12 мыңға жуық пәтердің пайдалануға берілуі жоспарланған. Қала аумағын қалыпқа келтіру мақсатында Астана әкімдігі «Елорда даму» ЖШС мемлекеттік кәсіпорнын құрған. 
Сонымен қатар «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астанада 2 ірі үй құрылысы комбинаттары (ҮҚК) құрылмақшы. Астана әкімінің бірінші орынбасы С. Хорошунның айтуынша, мұны жүзеге асыруға «Шар-құрылыс» ЖШС мен «Базис-А» корпорациясы қатыспақ. Ал, аталған ҮҚК-тарын іске қосу 2014 жылға жоспарланып отыр.

"Ұлт Times" газеті

 

0 пікір