Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 6555 59 пікір 7 Наурыз, 2022 сағат 16:56

Назарбаевқа сыйлық: 1 млн доллар берген әкімдер кімдер?

Қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов жуырда өз сұхбатында экс-президент Назарбаевтың 60 жасына барлық облыс әкімдері 1 млн доллардан жинап бергенін, өз әкесінің ақшасы болмай, картина сыйлағанын айтқан еді.

Сонымен, Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде туған. Ол 60 жасқа 2000 жылы толған. Осыдан 22 жыл бұрын облыс басқарған азаматтар кімдер? Қараңыз:

Ақмола облысының әкімі – Сергей Кулагин. Қазір 69 жаста. Зейнет демалысында. Ол Ақмола облысын 1998-2004 жылдар аралығында басқарған. Үкіметте болған, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігін тізгіндеген. 2017 жылы қызметінен алынған.

Ақтөбе облысының әкімі – Аслан Мусин. Қазір 68 жаста. Бұл кісі де қазір зейнетте. Ақтөбе облысы әкімдігін 1995-2002 жылдар аралығында басқарған. Соңғы рет Хорватияда елші болып жүріп 2017 жылы зейнет жасына толуына байланысты қызметінен алынған.

Атырау облысының әкімі – Иманғали Тасмағамбетов. Қазір 65-те. Бұл кісі де зейнетке шығып, мемлекеттік қызметпен қош айтысқан. Атырау облысын 1999-2000 жылдары аралығында басқарған. 2000 жылдың желтоқсанында Үкіметке ауысқан. 2017-2019 жылдар аралығында Ресейде елші болып жүріп, зейнетке кетті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі  – Виталий Метте. Бұл кісі 2003 жылы қайтыс болған. Шығыс Қазақстанды 1997-2003 жылдар аралығында басқарған.

Батыс Қазақстан облысының әкімі – Қабиболла Жақыпов. Қазір 72 жаста. Еңбек демалысында. Облысты 1993-2000 жылдар аралығында басқарған.

Жамбыл облысының әкімі – Серік Үмбетов. 71-дегі Серік Үмбетов қазір зейнеттке шыққан. Жамбыл облысын 1994-2004 жылдар аралығында басқарған.

Қарағанды облысының әкімі – Камалтин Мұхамеджанов. Бұл кісі де қазір зейнет демалысында. Жасы 73-те екен. Облысты 1999-2006 жылдар аралығында басқарған.

Қостанай облысының әкімі – Өмірзақ Шөкеев. Шөкеев қазір 57-де. Түркістан облысын басқарып отыр. Қостанай облысын 1998-2004 жылдар аралығында басқарған.

Қызылорда облысының әкімі – Серікбай Нұрғисаев. Қазір 65-те. Зейнет демалысына шыққан. Облысты 1999-2004 жылдар аралығында тізгіндеген.

Маңғыстау облысының әкімі  – Ләззат Қиынов. Қазір 72 жаста. Зейнеткер. Маңғыстау облысын 1999-2002 аралығында басқарған. Бірқатар мемлекеттік қызметте істеген. 2017 жылға дейін Сенатта депутат болған.

Павлодар облысының әкімі  – Ғалымжан Жақиянов. Қазір 58-де. Саяси диссидент атанып, шетелге бас сауғалап кеткен. Ол облысты 1997-2001 жылдар аралығында басқарған. Қазақстан билігі Жақияновты 2002 жылы 7 жылға соттаған. Ал 2006 жылы уақытынан бұрын босап шыққан. Халықаралық ұйымдар оны саяси тұтқын деп таныған.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі – Қажымұрат Нағманов. Қазір 73 жаста екен. Ол облысты 1999-2002 жылдар аралығында басқарған.

Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  – Бердібек Сапарбаев. Жасы 69-да. Қазір Жамбыл облысының әкімі. Бұрынғы ОҚО-ны 1999-2002 жылдар аралығында басқарған.

Астана қаласының әкімі (қазіргі Нұр-Сұлтан) – Әділбек Жақсыбеков. Қазір 67-де. Зейнетке шыққан. 1997-2003 жылдар аралығында бас қаланы басқарған.

Алматы қаласының әкімі – Виктор Храпунов. Храпунов қазір 73-те. 1997-2007 жылдар аралығында Алматы қаласын басқарған. 2007 жылы қызметінен үлкен даумен кетіп, шетелге қоныс тепкен.

Ол кезде Алматы облысын Заманбек Нұрқаділов басқарған (1997-2001 жылдар аралығы).

Abai.kz

59 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1316
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1179
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 921
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1035