Жексенбі, 23 Қаңтар 2022
Жаңалықтар 2134 0 пікір 4 Қазан, 2012 сағат 08:47

Дінмұхамед Аязбеков. Бір мәңгүрттің орнына бір мәңгүрт

Мәжіліс депутаты Алдан Смайылов: «20 жылдық Тәуелсіздік тарихы бар Қазақстанда мемлекеттік қызметке алынатын шенеуніктердің ұлт тілін білмеуі ұят деп есептеймін. Қазақтың 95 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Бірақ бұл бөлікке еліміздің қарапайым азаматтары кіреді, ал қазақ тілінде сөйлемейтін қалған бес пайызы - билік тетігін ұстағандар. Шенеуніктер аса қысқа уақытта ағылшын тілін үйреніп алады. Бірақ туған тілін үйренуге уақыт таппайтынына таңғаламын. Халық қалаулылары мен көптеген министрлердің дәстүрлі Мәжіліс отырыстарында сөйлеген сөздеріне елдің көңілі толмайды. Олар Мәжіліске келеді, бір-екі сөзді қазақ тілінде бастайды да, ары қарай орысшасына көшеді. Сөз соңында елмен қазақша қоштасады. Бұл - ұят нәрсе. Қазақ тілін білмейтін шенеуніктер қызмет орнын босату керек» - дейді бір әңгімесінде. Барлығымыз мәжілісте осындай ұлтшыл депутаттар пайда болғанына қуандық! Алайда, оның айтқаны мәжілістен асқан жоқ. Қазақ тілін білмейтін шенеуніктер орнынан босамақ түгілі, орнына қойылып жатыр.

Бұрынғы сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов қазақты жерден суырып жерге тығатын әлемге әйгілі «Борат» фильміне қатысты мынадай пікір айтады: «Өз басым Бораттың фильміне философиялық жағынан қараушы едім. Өйткені, бұл фильм Нью-Йорктың экрандарына шыққан кезде мен Қазақстанның БҰҰ-ға тұрақты өкілі болып қызмет ететін едім. Бір күні БҰҰ-ның штаб-пәтеріне бет алғанымда соңымнан бір топ журналистер лап қойды. Мен оларға былай дедім: «Сіздер білесіздер ме, осы фильм жарыққа шыққан соң, Қазақстанның шетелдіктерге берген визасы 10 есеге дейін көбейді. Бұл - біз үшін үлкен жеңіс! Өз басым Қазақстанға туристерді шақыруға көмектескен Боратқа алғысым шексіз!». Министрдің бұл сөзін естіген кейбір ұлтшыл қазақтар оны «мәңгүрт» деді, «ақымақ» деді, әйтеуір біраз боқтық сөздер үстінен жаудырылды. Тіпті, депутаттардың арасынан суырылып шығып, мәңгүрт министрге мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков  былай дейді: «Менің ойымша, Сыртқы істер министрінің бұл мәлімдемесі - НАҒЫЗ БЕЙШАРАЛЫҚ! «Елімізге туристерді тартуға Борат көмектесті. Рахат! Тамаша!» - деп өзіміз түк бітірмей күтіп отырсақ, не болғаны?!. «Әй, Борат бізге шабыт берді! Талпыныс берді! Күш берді!» - деп қуанамыз ба сонда?!. Бұл - қуанатын нәрсе емес. Бүйте берсек, «Борат-2», «Борат-3», «Борат-4» шығады. Сонда туристерді шақыру үшін, Боратты күтіп отырамыз ба?..». «Пәлі! Мәжілісмендердің басы істеп кеткен бе?!» деп кейбір халық таң қалып жатты. Ержан Қазыханов шетелдіктерге берілген визаның 10 есе ұлғайғанын мақтанышпен жеткізеді, ал мыңдаған қандастарымыз сол уақытта виза ала алмай атажұртына орала алмай жатты...

Соңғы жылдары қазақ шетелдерде көп «пазорға» ұшырап кетті. Бір ғана Лондон олимпиядасында Қазақстанды «Қазақ мемлекеті Ресейдің құрамындағы ел» деп тіркеуінің өзі барып тұрған сорақылық. Әрине, бұл сорақылықтың алдын алу сыртқы істер министрлігіне жүктеледі. Бірақ, министрлік бұл жауапкершіліктерді орындай алмады. Қазақ халқын барша әлемге  танытуда сыртқы істер министрлігі жауапты рөл атқаруы керек. Алайда, соңғы жылдары сыртқы істер министрлігіне есі дұрыс адам тағайындалмай-ақ қойды. Өткен аптада президент Нұрсұлтан Назарбаевтің жарлығы шықты. Онда: «"Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын" - делінген. Әрине, «Бораттың» жандайшапына айналған Ержан Қазыхановтың орнынан кеткеніне қуандық. Бірақ Ерлан Ыдырысовтың да одан қалыспайтынын ойлағанымызда іштей күрсіндік!..

«Если вы мне не поменяйте мои мозги, мне казахский язык не выучить!» деп анау-мынау емес, парламенттің алдында қойып қалған министр жайлы естеріңізде болар. Сол қазақ тілінде сөйлегісі де, білгісі де келмейтін министр - Ерлан Ыдырысов еді. Жүз шақты депутаттың алдында тұрып осы сөздерді айтқанда бір депутат шығып қарсы үн қатқан жоқ. Сол уақытта Смайылов сияқты, Ахметбеков сияқты депутаттар қайда қарап отырды? Ол жағы да белгісіз. Әрине, біздің парламентте бетпе-беттен гөрі арқадан сөйлеу басым.  Біздің байғұс парламент: «Қазақ тіліне миың жетпесе, қалай қазақ министрі боласың, орныңды босат!?» деп айтудан қорықты. Өйткені, парламентте де өз ана тілі мен мемлекеттік тілді игере алмаған мәңгүрт депутаттар жетіп артылады. Бұл біреулерге ұнаса да, ұнамаса да, ақиқаты осы.

«Әлеуметтік лингвистика» ғылымының заңы бойынша тілді үйренсем деген кез келген, тіпті нағыз топас адам, өзі сол ортада өмір сүрмесе де, 3 жылдың ішінде үйреніп алуға шамасы жетеді. Бұл ғылыми дәлелденген заңдылық» - дейді Дос Көшім. Ерлан Ыдырысов 20 жылда қазақ тілін үйрене алмағанын, оған миы да жетпегенін айтты. Сонда, ең топас адам 3 жылда тілді меңгеретін болса, 20 жылда қазақ тілін үйрене алмаған сыртқы істер министрі кім болғаны?! Айтпақшы, тілімізді қызғыштай қорып жүрген Мұқтар Шаханов басқаратын «Мемлекеттік тіл» қоры тағайындаған «Шіріген жұмыртқа» сыйлығының тұңғыш «лауреаттары»  қатарын осы Ерлан Ыдырысов бастап тұрған еді. Ендеше, осындай шіріген, топас адамдарды президентіміз қалай министр етіп тағайындайды? Ол жағы өздеріне ғана түсінікті... Осылайша, елімізде үлкен саяси өзгерістер болып жатыр. Бірақ, нәтижесіз: бір мәңгүрттің орнына бір мәңгүрт...

«Abai.kz»

0 пікір