Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2752 0 пікір 13 Қыркүйек, 2012 сағат 10:22

“ Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” – еңбек өнімділігін арттырады

"Әлемнiң әмiршiсi - еңбек" дейдi халық. Алайда, өзгенiң бодандығында жүрген басы байлаулы еңбек ешуақытта әмiршi бола алмайды. Тек азат еңбек, жасампаз iс, өнiмдi кәсiп қана ең жоғары мәртебеге лайық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты Тұжырымдамасының негiзгi түйiнi де осында. Жоғарыдағы төрт сөздiң тек бас әрiппен жазылуында үлкен мән бар. Тәуелсiз Қазақстанның түпкi мақсаты өзiн-өзi барлық игiлiктермен қамтамасыз ете алатын, әлеуметтiк әдiлдiктi сақтайтын, еңбек мәртебесiн жоғары ұстайтын ерiктi Қоғам орнату болса керек.

Дегенмен, оның мүмкiндiгi қандай? Әлеуметтiк жаңғыртуды жүзеге асыра алатындай қазiргi қоғамның қауқары бар ма?

Елiмiздiң статистикалық мәлiметтерiне қарағанда, Қазақстанда жыл iшiнде өндiрiлген өнiм адам басына шаққанда орта есеппен 30-40 мың доллардан келедi. Орташа еңбек өнiмдiлiгi дегенiңiз осы. Ал, бұл көрсеткiш АҚШ-та 200 мың долларға тең. Машина жасау өнеркәсiбiнде еңбек өнiмдiлiгi әр адамға есептегенде 10-17 мың долларды құрайды. АҚШ-та ол 90 мың доллар екен.

"Әлемнiң әмiршiсi - еңбек" дейдi халық. Алайда, өзгенiң бодандығында жүрген басы байлаулы еңбек ешуақытта әмiршi бола алмайды. Тек азат еңбек, жасампаз iс, өнiмдi кәсiп қана ең жоғары мәртебеге лайық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты Тұжырымдамасының негiзгi түйiнi де осында. Жоғарыдағы төрт сөздiң тек бас әрiппен жазылуында үлкен мән бар. Тәуелсiз Қазақстанның түпкi мақсаты өзiн-өзi барлық игiлiктермен қамтамасыз ете алатын, әлеуметтiк әдiлдiктi сақтайтын, еңбек мәртебесiн жоғары ұстайтын ерiктi Қоғам орнату болса керек.

Дегенмен, оның мүмкiндiгi қандай? Әлеуметтiк жаңғыртуды жүзеге асыра алатындай қазiргi қоғамның қауқары бар ма?

Елiмiздiң статистикалық мәлiметтерiне қарағанда, Қазақстанда жыл iшiнде өндiрiлген өнiм адам басына шаққанда орта есеппен 30-40 мың доллардан келедi. Орташа еңбек өнiмдiлiгi дегенiңiз осы. Ал, бұл көрсеткiш АҚШ-та 200 мың долларға тең. Машина жасау өнеркәсiбiнде еңбек өнiмдiлiгi әр адамға есептегенде 10-17 мың долларды құрайды. АҚШ-та ол 90 мың доллар екен.

Бұл жағдайдың негiзгi себептерiн материалдық-техникалық базаның әлсiздiгiмен байланыстыратын көзқарас басым. Шынында да, дәлел боларлық негiз де жоқ емес. Экономикалық сараптама жасау барысында Қазақстанның өңдеушi өнеркәсiбiндегi кәсiпорындардың көпшiлiгiнде негiзгi қорлардың тозу дәрежесi 60 пайыздан сәл жоғары екенi анықталған. Металлургия саласында тозу деңгейi 58,4 пайыз, машина жасауда - 56,7, химия және фармацевтикада - 45,3, құрылыста 39 пайызды құрайды.

Жағдайды түзету үшiн Қазақстан Үкiметi былтыр "Еңбек өнiмдiлiгi - 2020" бағдарламасын бекiткен болатын. Бұл құжат негiзiнен екi мақсатты көздейдi. Бiрiншiсi -- қолданыстағы басқару және өндiрiс технологиясын жетiлдiру. Мұны жоғары бiлiктi мамандар тарту, соның iшiнде шетелдiк мамандарды шақыру және заманауи технологияларды енгiзу деп түсiнген жөн. Екiншiсi, өндiрiстi техникамен қайта жаңғырту, олардың бәсекеге қабiлеттiктерiн арттыру үшiн ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру. Бұған бiлiктi жобалаушы және инжиринингтiк ұйымдарды тарту жоспарланған. Осы мақсатқа былтыр да, биыл да республикалық бюджет есебiнен миллиардтаған теңге бөлiнiп отыр.

Дегенмен, әзiрге нәтиже шамалы. Қазақстан әлемдiк рынокқа шикiзат күйiндегi минералды ресурстарды ұсынудан аспай келедi. Елiмiз отандық тауарларды экспорттаудан шетел өнiмдерiн көбiрек тұтынады. Өңдеушi өнеркәсiп көп дәрежеде iшкi нарықпен шектеледi, ал бәсеке жоқ жерде еңбек өнiмдiлiгi қалай артпақ?

Жуырда Дүниежүзiлiк экономикалық форум әлем елдерiнiң халықаралық саудаға араласу  рейтингiн анықтады. Экспорт пен импорт, инфрақұрылым, кеден қызметi индекстерi бойынша құрылған рейтингте Қазақстан 105--орынды иеленiптi. Қазақстан бұл тiзiмде Мадагаскар (107), Тәжiкстан (110), Қырғызстан (111), Мали (121), Непалдың (124) алдында тұрғанымен, Руанда (51), Панама (60), Вьетнам (68), Сальвадор (70), Малави (81) елдерiнен төмен сатыға орналасқан. Дүниежүзiлiк экономикалық форум "рейтингi төмен елдерде экспорт пен импорттың ара салмағы тең емес" дейдi. Сауда бойынша жасалған рейтингтiң басында Сингапур, Гонконг, Дания, Швеция, Жаңа Зеландия, Финляндия тұр.

Әлемдiк рынокта елiмiздiң өз орнын табуы үшiн, ең алдымен, бәсекеге қабiлеттi өндiрiс орнын құруды, оны қазiргi заманға сай жаңғыртуды уақыт талап етедi. "Еңбек өнiмдiлiгi - 2020" бағдарламасы, мiне, өндiрiстi жаңартуды лизинг көмегiмен iске асыруды көздейдi. Осы ретте көңiлдi мазалаған мәселе де аз емес. Кiм кейiн құнын төлеп сатып алу құқығын сақтай отырып, мүлiктi жалға бередi? Нарық заңы бойынша  кiм бәсекелестерiн өсiп-өнсiн дейдi? Әлеуеттi бәсекелесiне  жаңа технологиялар мен жабдықтарды кiм бере салады? Лизингтiк жаңғыртудың ең басты қиындығы да осында болып тұр.

Бүгiнде әлемдiк экономиканың көшбасшысына айнала бастаған Қытай басқа жолды таңдады. Аспан асты елiнiң бизнесi билiкпен бiрiгiп, қиын-қыстау кезеңдi бастан кешiп жатқан Еуропада агрессиялық саясат жүргiзiп отыр. Соңғы үш жылдың iшiнде Қытай Еуропа Одағының  экономикасына 40 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Соның нәтижесiнде Еуропаның жүзден астам кәсiпорнын тiкелей және жанама түрде бақылап отыр. Мәселен, Бейжiң сатып алған мүлiктердiң iшiнде "Вольво", "Медион" немiс компанияларының 37 пайыздық акциясы бар екенi мәлiм болды. Сондай-ақ, "Manassen" фирмасындағы үлестiң 75 пайызы, "Юнайтед Бисквитс" ағылшын компаниясы бар.

Қытай бүгiнде болашақта пайдаға жарайтынның бәрiн сатып алуда. Нәтижесiнде не пайда көрiп отырмыз? Технологиялар мен жобалар шетелдiк кәсiпорындардан бiртiндеп Қытайға ағылып жатыр. Қытай олардан қазiрдiң өзiнде тиiстi табыс таба бастады. Қытай билiгi өз кәсiпкерлерiн ынталандырып жатыр, ал олар шетел кәсiпорындарын иемденуге ынталы әрi олардың акцияларын сатып алады.

Осы орайда, елiмiздегi кейбiр экономист сарапшылар: "Қазақстан билiгi мен ең бай қазақстандықтар (мәселен, "Форбс" журналының тiзiмiне iлiнген адамдар) көршiлерiнiң тәжiрибесiнен үлгi алуға асығар емес. Олар  шикiзаттан түсiп жатқан мол ақшаны сыртқа шығаруды артық көредi" - деп кiнәлағысы келедi.

Әрине, әркiмнiң экономикалық дамудың тиiмдiлiгiн арттыруға байланысты өз ойлары мен көзқарасы бар. Бұған ешкiмнiң дауы жоқ. Тек бұрынғылар айтатындай: "Аттылыға ерем деп, жаяудың таңы айрылыпты" дегеннiң керi кездеспесе болғаны да.

Бүгiнде "Еңбек өнiмдiлiгi - 2020" бағдарламасы Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкiметi iске асырып жатқан мемлекеттiк үдемелi индустриялық-инновациялық бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылады. "Қазақстандық индустрия дамыту институты" АҚ-ның мәлiметiне қарағанда, былтыр елiмiзде 27 өнеркәсiптiк кәсiпорын бағдарламаға қатысса, 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында 11 инвестициялық жоба қосылып отыр. Жалпы, бүгiнгi таңда Қазақстанның 14 өңiрiнен және өнеркәсiптiң 8 саласынан 38 кәсiпорын бағдарламаға атсалысуда. Олардың денiн машина жасау мен құрылыс материалдары кәсiпорындары құрайды. Бағдарлама бойынша қатысушы кәсiпкерлiк субьектiлердiң инвестициялық жобалардың кешендi жоспарларын әзiрлеуге немесе сараптама жүргiзуге жұмсаған шығындарының тең жартысы өтеп берiледi. Бүгiнде лизингтiк қаржыландыру ашылған екi жобаның бiрi бiздiң облысымыздағы "Оңтүстiк-құрылыс-сервис" ЖШС-i болып отыр. Сондай-ақ, қаржыландыруға байланысты шешiмi мақұлданған бес жобаның iшiнде "Кентау трансформатор зауыты" ЖШС-i бар.

Тағы бiр айта кететiн жәйт, елiмiздiң индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында шикiзат емес экспорттың үлесiнiң жалпы көлемi 2015 жылға қарай 10-нан 40 пайызға, 2020 жылға қарай 45 пайызға дейiн өспек. Сондай-ақ, өңдеу кәсiпорнындағы еңбек өнiмдiлiгi 2015 жылға дейiн 1,5 есеге, 2020 жылға қарай 2 есеге артатын болады. Ал, ауыл шаруашылығы бойынша еңбек өнiмдiлiгi осы екi мерзiмге 2 және 4 есеге дейiн көбейедi деп жоспарланған.

"Бүгiнде еңбек - ХХI ғасырдағы шешушi ұлттық фактор ретiнде, жаһандық бәсекелестiк жағдайында алдыңғы кезекке iлгерiлетуi тиiс" - деп атап көрсеттi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" деген Тұжырымдамасында. Мақсат айқын, оның жүзеге асатынына сенiм мол. Оған бүгiнде Қазақстанда, оның iшiнде бiздiң Оңтүстiк өңiрiнде де дәлелдер аз емес.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1497
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1349
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1096
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1138