Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2166 0 пікір 12 Қыркүйек, 2012 сағат 14:12

Мақтаралдан 250 мың тонна ақ алтын жиналады

Егер өткен жылы орташа өнімділік бір гектардан 15 центнерді құраса, биыл орташа өнімділік 27 центнер деңгейінде күтілуде. Мақтаарал ауданының әкімі Серік Тұрбековтың айтуынша, бітік өнім қабылданған кешенді шаралармен байланысты. Біріншіден, биылғы жылы ауданда терең қопсытудың жаңа әдісі қолданыла бастады, екіншіден, ауданда суару арнасы қалпына келтірілді, енді диқандар суаруға байланысты ешқандай проблемалар көрмеуде және үшіншіден, ауылдықтар мақта тұқымдарының отандық сұрыптарын қолдануда. Бұл тұқымдарды қазақстандық мақта өсіру ғылыми-зерттеу институтының мамандары шығарған.

Мақта институтының директоры И.Үмбетовтың пікірінше, қазақстандық тұқымдардан өсірілген өсімдіктер түрлі температураға бейімді және су және тыңайтқыштар болмаса да өлмейді. Болжамды жоспарлар бойынша биыл Мақтаарал ауданында 250 мың тоннадай мақта жиналады.

0 пікір