Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2758 0 пікір 8 Қыркүйек, 2012 сағат 08:44

Жаңа мектептердің саны 20 - ға жетті

Биылғы жаңа оқу жылында облысымызда 20 бiлiм нысаны шәкiрттерге есiгiн айқара ашты.  Шымкент қаласындағы  төрт педагогикалық   ұжым өздерiнiң  қоныс тойын тойлады. Қорғасыншылар поселкесiндегi 600 оқушыға лайықталған  Молда Мұса атындағы №5 үш қабатты зәулiм  мектеп  мұнда келгендердi  құшақ жая қарсы алды. Бiлiм ошағының  ашылу салтанатына  қатысқан облыс әкiмi  Асқар Мырзахметов:

- Оңтүстiк - бiлiм ордаларына  бай өлке. "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша облысымызда 158 бiлiм нысаны пайдалануға берiлдi. Биыл 74 мектеп пайдалануға берiлетiн болады. Соның жиырмасы Бiлiм күнiне орай ашылып отыр. Бiлiм саласын қаржыландыру көлемi 140 миллиард теңгеге жеттi. 11 мыңға жуық компьютер алынып, оқушылар игiлiгiне берiлдi. "Мектепке жол!" акциясына қатысқан демеушiлер тарапынан 238 миллион теңге көлемiнде көмек көрсетiлдi. Шәкiрттердiң жақсы оқып, еңбекке ерте араласуына барлық жағдай жасалуда. Соны тиiмдi пайдалана бiлiңiздер. Өскелең жас ұрпаққа сапалы бiлiм, саналы тәрбие беру жолындағы ұстаздар еңбегiне табыс тiлеймiн, - дедi.

Мектеп құрылысын "ГХ Шымкентгаз" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi жүргiздi. Заманауи  құрал-жабдықтармен жарақталған сынып бөлемелерi, кiтапхана, мәжiлiс және спорт залдары, асхана, шеберханалары бар жаңарған бiлiм ордасының бүгiнгi талапқа сай салынғанына мектеп директоры Күләш Мамадиярова мен ата-аналар алғысын бiлдiруде.

Дәл осындай уанышқа кенелгендердiң  қатарында 600  оқушыға арнап ұлғайтылған Спандияр Көбеев атындағы №56 мектебiн де атап өтуге болады. Мұндағы салтанатқа қатысқан Шымкент қаласының әкiмi Қайрат Молдасеитов құттықтау сөз сөйледi. Ол педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс тiлеумен қатар бiлiм нысанының құрылысын жүргiзген "NTR" ЖШС-не ризашылық бiлдiрдi.

Сол күнi "Асар" шағынауданындағы 1200 орындық су жаңа мектеп те өзiнiң тұңғыш шәкiрттерiн қабылдады. Махамбет Өтемiсұлы атындағы №52   мектептiң 300 орындық жаңа қосымша ғимараты да пайдалануға берiлiп, оқушыларды бiлiм белестерiне шығаруға кiрiсiп отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1922
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2053
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1711
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1522