Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4177 0 пікір 16 Қыркүйек, 2012 сағат 22:59

«Қазақтың абыз ұлы Төлегетай» (жазба ақындарға арналған мүшәйра)

Алматы облысының Талдықорған қаласындағы «НАҚ-БІРЛІК» қоғамдық қоры қазақ елінің келешегі кемелді болуын ойлап, қатал заманның қаһарынан қаймықпай қарсы шапқан Төлегетай баба мен Ақсұлудай абзал ананың,  барша ұлы бабалар ерлігін жырға қосып дәріптеу мақсатында «Қазақтың абыз ұлы Төлегетай» - тақырыбында жазба ақындар байқауын өткізеді.

Төлегетай баба Сүйінішұлы (шамамен 14-15-ғ-да өмір сүрген) - батыр, әулие атанған тарихи тұлға. Сол заманның белгілі қоғам қайраткері. Бұл күнде «Төрт Төлегетай» атанып жүрген Найман руының төрт тайпасы: Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл - Төлегетай бабаның немерелері.

Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің қамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер, қазақ арасында исламды, Аллаһтың ақ жолын насихаттаған әулие болғаны күллі қазаққа мәлім. Мазары Қызылорда облысының  Жаңақорған ауданы,  Қыркеңсе  ауылдық округінің аумағында (қазіргі Әбдіғаппар Нұртазаев ауылы) тұр.

Алматы облысының Талдықорған қаласындағы «НАҚ-БІРЛІК» қоғамдық қоры қазақ елінің келешегі кемелді болуын ойлап, қатал заманның қаһарынан қаймықпай қарсы шапқан Төлегетай баба мен Ақсұлудай абзал ананың,  барша ұлы бабалар ерлігін жырға қосып дәріптеу мақсатында «Қазақтың абыз ұлы Төлегетай» - тақырыбында жазба ақындар байқауын өткізеді.

Төлегетай баба Сүйінішұлы (шамамен 14-15-ғ-да өмір сүрген) - батыр, әулие атанған тарихи тұлға. Сол заманның белгілі қоғам қайраткері. Бұл күнде «Төрт Төлегетай» атанып жүрген Найман руының төрт тайпасы: Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл - Төлегетай бабаның немерелері.

Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің қамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер, қазақ арасында исламды, Аллаһтың ақ жолын насихаттаған әулие болғаны күллі қазаққа мәлім. Мазары Қызылорда облысының  Жаңақорған ауданы,  Қыркеңсе  ауылдық округінің аумағында (қазіргі Әбдіғаппар Нұртазаев ауылы) тұр.

Төлегетай баба туралы ең алғаш қалам тербеген адам -  Түркістан автономиясының премьер-министрі болған Мұхаметжан Тынышбаев еді. Ол кейін, 1925 жылы Ташкент қаласынан шыққан «Қазақ тарихына қатысты материалдар» деген халқымыздың тарихы мен этнографиясына қатысты көлемді еңбегінде Төлегетай бабамен қатар, қазақ халқын құрайтын ру-тайпалар жөнінде көптеген жазба шежірелік материалдар береді. Автордың, осы еңбегі қазірге дейін қазақ ғалымында құнды еңбек ретінде аталып келеді.

Тарихққа көз жүгіртсек, қатты қырғыннан кейін халықта қайта бір ояну, серпілу болып отырған. Шыңғыс хан заманында соғыса жүріп, Алтай мен Тарбағатайдан Сыр бойына қоныс аударған қазақ тайпалары ес жиып, елдік санатын қалпына келтіре бастағанда елге тұтқа болған тұлғалардың бірі - Төлегетай баба.

Сол себепті қазақтың қазіргі белгілі ғалымдарының бірі Әділхан Байбатшаұлы «Қазақ даласының ежелгі тарихы» деген кітабында: « қазақтың ұлт болып қалыптасуына бастаушы ретінде билік тізгінін ұстаған алғашқы тұлғалардың бірі - Найман Төлегетай әулие еді...», - деп жазады.

Тарихшы ғалым, жазушы Қойшығара Салғараұлы: «Төлегетай, Кетбұға, Сарыжомарттар қалың Найман тайпасын өрбіткен ірі тұлғалар... осы Төлегетайдың шөбересі Ерторы Қаракерейұлы - Есім ханның замандасы. Төлегетай қожалардан қыз алған әрі қожалардың бейітіне жерленген. Ол кезде қожалар «Пайғамбардың ұрпағымыз деп есептеп, өздерін  жай қазақтан жоғары санайтын», - деп жазады («Қазақтың қилы тарихы». 254-255-бет).

Ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерде Найман атаның ұлы Белгібай мен әулие келіні - Ақсұлудан (Әлпеш) Сүйініш туады. «Сүйініп жүрейік» деп есімін Сүйініш қойыпты.  Сүйініш өзі ғана емес, елін де «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дәуренге жеткізіпті. Содан ел оған тойындырды, киіндірді деп «Сүгірші» деген лақап ат беріпті. «Сүгіршінің» мағынасы ол кезде сондай болса керек.

Найманның жалғыз ұлы Тоқпан өліп, салт бойынша өзгелер әмеңгерлікке таласып жүргенде 20 жасқа жаңа толған Ақсұлу келін ақыл-айласымен соларды жеңіп, ата шаңырағын сақтап қалады. Өзінің сіңлісі Тоқсұлуды атасына айттырып, оған «Қыз еней» деп ат қояды. Одан Белгібай туады.Ол он алтыға толғанда 36 жастағы Ақсұлу (Әлпеш) әмеңгерлік жолмен қайнысы Белгібайға тиіп, одан Сүйініш туады. Сүйініштен Төлегетай, одан Қытай, одан Төртуыл, Қаракерей, Матай, Садыр туды дейді. Осындай ұрпақтардың өмірге келуіне себепкер болған, өзі келін болып түскен шаңырақтың құламауы үшін адалдықпен күрескен  әулие анаға қандай құрмет көрсетсек те артық емес.

Сондықтан, «НАҚ-БІРЛІК» қоғамдық қоры байқауға қатысушы үміткерлердің өнерін арнайы құрылған сараптау тобы бағалап, төмендегідей қасиеттеріне назар аударатынын ескертеді:

- өлең -жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына, ой-жүйелілігі мен тереңдігіне, көркемдік ерекшілігіне;

- шығармаларын жатқа және мәнерлеп оқу шеберлігіне;

- тіл тазалығына, сахна мәдениеті және киіміне.

І.Байқау екі кезеңнен тұрады:

1. «Қазақтың абыз ұлы Төлегетай» жазба ақындар байқауының іріктеу кезеңіне өлеңдер  -  2012 жылдың 25 қырқүйегіне дейін қабылданып, қазылар алқасы екінші, яғни, шешуші кезеңге өткен ақындарды анықтайды.

 

2. Байқаудың қорытынды шешуші кезеңі осы жылдың 12 қазан күні Қызылорда облысы, Жаңақорған кентіндегі аудандық Мәдениет үйінде өтеді. Басталуы сағат 18.00.

ІІ.Байқау төмендегідей 3 номинация

бойынша өтеді:

  1. «Миллионнан астам ұрпағы бар Ұлы баба» - Ақындардың  Төлегетай бабаға арнаған 1 өлеңі. Мазмұны киелі бабаның халық тарихында алатын орнын, парасатын, ерлік, даналық, шешендік, әулиелік келбетін, қасиеттерін  танытатын туынды болуы шарт.
  2. «Әуелі қарыздармыз аналарға» - Найман атаның әулие келіні -          Ақсұлудың (Әлпеш) даналық ақыл-парасатымен ата шаңырағын сақтап қалуы. Дүйім елдің өмірге келуіне себепкер болып, өзі келін болып түскен шаңыраққа адалдықпен, отын өшірмей, ұрпағын жалғастыруын, адамгершілік асыл қасиеттерін өлең сөзбен өрнектеп жеткізу.
  1. «Түгел болсын төрт көзің...».

(қазақ жерінің біртұтастығы, елдік, бірлік, ынтымақ, ерлік тақырыбына арналған өлең). Бабалардан қалған асыл мұра - сарқылмас рухани қазынасын сөз құдіреті арқылы тілге тиек ету.

ІІІ.Байқау шарттары:

1.Байқауға қатысушы талапкерден төмендегі құжаттар қабылданады:

- байқауға қатысуға сұраныс;

- байқауға қатысушы үміткер туралы мәлімет (қатысушының аты-жөні,туған жылы, қызметі немесе, оқу орны, мекен-жайы, анықтама телефоны көрсетіледі);

- шығармашылық өмірбаяны;

- жеке куәлігінің көшірмесі:

- алдын-ала өздері туралы мәліметпен қоса түрлі түсті 9х15 көлемдегі фотосуретін,бұрын еш жерде жарияланбаған,орындалмаған өлеңдерінің электронды нұсқасын /15 шумақтан аспауы қажет,14 кеглмен жазылған/ жіберуі тиіс (талапқа сай емес өлеңдер байқауға қатыстырылмайды).

4. Шығарманы оқу,орындау үшін әр тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі, белгіленген уақыт регламенті сақталуы тиіс;

5.Байқауға қатысушы үміткерлер  сахнаға лайықты, ұлттық айшықты киіммен, болмаса әдепке сай киінуі жөн.

 

Байқау жеңімпаздары Алматы облысының Талдықорған қаласындағы «НАҚ-БІРЛІК» қоғамдық қорының Дипломы және сыйлықтармен мараптатталады.

Байқауға қатысушылардың іссапар шығыны қатысушы жақ есебінен төленеді.

Байқауға қатысушы үміткер туралы жоғарыдағы көрсетілген құжаттар, өлеңдерінің бір данасы (қағаз және электронды нұсқасы) 2012 жылдың 25 қыркүйегіне дейін төмендегі мекен-жайға тапсырылуы тиіс:

Талдықорған қаласы, Достық Үйі, Қаратал шағын ауданы, 36 «А»,  207 кабинет. Анықтама үшін тел. 8(7282)40 08 25

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1405
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1236
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 992
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1067