Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2435 0 пікір 16 Қыркүйек, 2012 сағат 22:54

Сәкен Алдашбаев. Енді етегімізді жапқанымыз дұрыс

Мәдениет және ақпарат министрінің назарына.

Теледидар бүгiнгi күннiң көзi, құла­ғы һәм тiлi, қоғамның тәрбиешісісі ғана емес, жар­на­ма­ның да ордасына айналып кет­кені қашшан. Дұрыс бә­се­ке­лестiк пен қол­же­тiмдiлiкке не жет­сiн, әрi сол ха­лық­қа қызмет етiп отыр­ған те­ле­ар­наларға негізгі қаржы көзi сол.

Де­ген­мен солай екен деп жар­на­ма­лар­ды оңды-солды талғамсыз бе­ру­ден  әбессiздiкке бой ал­ды­ра­тын болып алдық. Мақұл, кешегi өт­­пелi ке­зең­дер­де қолдағы тау­ар­ды қалай болса да өт­кi­зу үшiн жар­­наманың небiр түрiн көрсетiп бақты. Бiрақ, ендi есiмiздi жи­на­ған кезде етегiмiздi жапқанымыз дұ­рыс емес пе?

Олай дейтiнiм өздерiңiз де бi­ле­тiн шы­ғарсыздар, қайбiр жыл­да­ры әй­ел­дер­дiң опа-далабы, киім - кешегі, тіпті төстартқышына дейін жар­­намаланды. Сондағы мас­қа­ра­ны айтсаңшы. Тi­зiл­ген әйелдер ке­­лiп әлгiнi қолына алып жа­тады да артынан оны киiп тұр­ған­да­рын дәл алдыңа әкелiп көрсетедi.

Мәдениет және ақпарат министрінің назарына.

Теледидар бүгiнгi күннiң көзi, құла­ғы һәм тiлi, қоғамның тәрбиешісісі ғана емес, жар­на­ма­ның да ордасына айналып кет­кені қашшан. Дұрыс бә­се­ке­лестiк пен қол­же­тiмдiлiкке не жет­сiн, әрi сол ха­лық­қа қызмет етiп отыр­ған те­ле­ар­наларға негізгі қаржы көзi сол.

Де­ген­мен солай екен деп жар­на­ма­лар­ды оңды-солды талғамсыз бе­ру­ден  әбессiздiкке бой ал­ды­ра­тын болып алдық. Мақұл, кешегi өт­­пелi ке­зең­дер­де қолдағы тау­ар­ды қалай болса да өт­кi­зу үшiн жар­­наманың небiр түрiн көрсетiп бақты. Бiрақ, ендi есiмiздi жи­на­ған кезде етегiмiздi жапқанымыз дұ­рыс емес пе?

Олай дейтiнiм өздерiңiз де бi­ле­тiн шы­ғарсыздар, қайбiр жыл­да­ры әй­ел­дер­дiң опа-далабы, киім - кешегі, тіпті төстартқышына дейін жар­­намаланды. Сондағы мас­қа­ра­ны айтсаңшы. Тi­зiл­ген әйелдер ке­­лiп әлгiнi қолына алып жа­тады да артынан оны киiп тұр­ған­да­рын дәл алдыңа әкелiп көрсетедi.

Сол си­яқты бiр жарнамада үлкен ме­ке­­меде отырған басшы хат­шы­сы­на шай алдырады. Яғни, жар­на­ма­­ланып жатқан шайды iшiп, ке­ре­­метiн көрсетiп бағу керек. Хат­шы сценарий бойынша етегi бiр-ақ қарыс көйлек киiп, басшысының ал­ды­­на бiр кесе шай алып келедi. Бас­­шы болса шайға емес, «ақ са­зан­­дай жылтылдауын-ай» де­ген­дей хат­шы­ның санынан көз ал­май қарайды. Камера да әлгі бикештің жалтылдаған санын бажырайтып тұрып көрсеткенін қайтерсің (тіпті ашынғаннан ұялмай айтатын болық-ау). Ал, әлгі қыз оған қым­сынбастан шай­­ын бередi де, бөксесін бұраңдатып шы­ғып ке­тедi. Камера тағы да оны артынан түсіріп тұрады (кешіріңіздер). Бұл не деген мас­қара, санның жарнамасы ма, әлде шайдың жарнамасы ма дедік? Ана жi­гiттiң әйелi, ана қыздың әке-ше­шесi қайда қарап отыр? Оларға ақша жақын шығар, онда ұлтты ойлайтын телеарна басшыларына не болған? Тәрбиенiң тал бе­сiгi болып отыр­­ған маңдайалды бi­рер те­ле­ар­на­мыз­дың жасап жат­қа­ны мынау, қал­ған­дары не iс­те­мей­дi дедiк сол кезде күй­i­нiп. Шай ай­налымға түссе керек, ол жар­на­ма­дан құтылғандай  бол­ған­быз. Бi­рақ дәл бүгiнде қыз бен ке­лiн­нiң, әйел затының қолданатын олбэис, там­пон секiлдi прок­лат­кi­лерi мас­қа­ра­мызды шыға­рып ке­ледi. Оны түнгi мез­гiлде, не құ­пия­­лау етiп берсе бiр сәрi. Жан­­ұ­я­мыз­бен бiрге ас ішіп отырғанда ки­­но­лар­дың арасынан қайта-қай­та жыл­тыл­да­тып шығаруын қояр емес. Ең сорақысы оның қай жерде тұратынын жақындатып көрсететінін қайтесің. Иә, көрмей қалады деп ойлай ма, бiр емес бес-ал­ты қыз­ды былай-балай жүргізіп, алды мен ар­тынан қайта-қай­та, тiп­тi оның қай жерде тұра­ты­ны­на дейiн бұл­­ти­тып көрсеткенде келiн мен қызыңның көзiнше жерге кiрiп кете жаз­дай­сың. Ол жылт ете қалғанда телеарнаны ауыстыра беруге де ұялады екенсің. Бір түріндегі жарнамасы бітсе, басқа қырынан шығарады. Мұнысы қалай, әлі ел түсінбей жатыр дей ме екен? Олай ойласаңдар қатты қателесесіңдер. Себебі, ана бәлелеріңнің жарнамасын өзгерткен бойда үйдегі кішкентайлар: «О, прок­лат­кi­нің басқа жарнамасы шығыпты!», - деп жамыраса қалады.

Міне, бүгiнгi жас ұрпақ осы­лайша әйелдердің құпия заттарын көрсете беруге, көре беруге болады екен ғой деген тәрбиемен өсуде.

Артық айтсам, кешiрерсiздер, бұт жарнамасы бiздiң елде соңғы жыл­дары қалыпты жағдайға ай­на­лып отырғаны жаныма батады. Осыған бiр тыйым неге жа­салмайды? Арақтың жарнамасын тыйғаннан қиын болып тұр ма?

Жалпы хадисте «бiр әйел түзге шықса, он кiсiнi күнәқар етедi және өзi он кiсiнiң күнәсiндай кү­нә ар­қа­лай­ды» демей ме? Неге? Өйткені әйел денесіне адам көзі түсіп, жаман ой қылаң ете қалуы мүмкін. Ал, пайғамбарымыз әйел киiмiнiң де­не­сi­не жабысып тұруына және оған қа­рауға қатты тый­ым салған. Мұ­ның үлкен күнә еке­нiн ес­керт­кен. Алайда, телеар­на­лар­дағы тал­ғам­сыздықтың сал­да­ры­нан ер аза­маттар көз алдындағы ша­рай­на­дан қыздардың харам етiлген же­рiне амалсыз қарап қалу ар­қы­лы тозақ отына дайындалып жа­тыр емес пе?.. Сол жарнамаға түс­кендер мен түсiргендер ше?   Бiр Алла бiледi, дегенмен сол жар­намалар қанша адамды кү­нә­қар етiп жатыр. Ал, оған «тәйт» дейтiн бiр адам табылмағаны қалай. Бұл барлығымыз үшін күнә емес пе? Осы пікірімді бір отырыста айта қалып едім, бір ақсақалдар «ойбай, олай деме, Пайғамбардың айтқаны деп сөз бастама, бахбис дейді» деп шоршып түсті. «Ау, сонда келінің мен қызыңның ана жеріне қарағаның күнә дегенің үшін Құдай атқан бахабис болып шыға келеміз бе, не боп кетті өзі?», - деп ақсақалдарға сауал тастадым. Сәл үнсіздіктен соң: «Қайтесің, көрсете берсін», - деді біреуі. Мейлі, кім не десе о десін, әйтеуір сол жарнамалар мен үшін  өте қисынсыз дүние.

Телеарналардағы азаматтарға ес­терiңдi жиыңдар, адал ар­ла­рың­ды харам жарнаманың бес тиынына сат­­паңдар, егер ұр­пақ­тарыңның тәр­бие­сiн ой­ла­саң­дар. Адами арды қор­лап отыр­ған осын­дай ұятсыз жар­на­­ма­лар­ды телеарналарымыздан алып тас­таңдар деймiз. Бұл - күбежектеп пікірін ішке бүкесе де халықтың талабы. Мұның орнына басқа керекті жарнамалар көрсетіңіздер. Мәселен, Сыр өңіріне қауын кұрты түскелі 3-4 жыл болды. Сол қауын құртынан қауынды қалай, немен, қандай дәрімен қорғау керектігін ауылдағы ағайындар толық біле алмай жүр. Соған орай қауынды қауын шыбынынан қорғайытын дәріні, сол сияқты мал ауруларының дәрілерін жарнамаласаңыздар нұр үстіне нұр болар еді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1423
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1259
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1020
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1079