Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2474 0 пікір 14 Қыркүйек, 2012 сағат 14:32

Сәкен Алдашбаев. Бәріне жүргізуші кінәлі ме?

Алысты жақын еткен теміртұлпар көбейгелі бері одан келетін шығындар мен зардаптар да арта түсуде. Мәселен, Қызылорда облысында жыл басынан бергi жетi айда  10 рет жол көлiк оқиғасы болып, 5 бала дүниеден қайтып, 7 бала әртүрлi дене жарақаттарымен ауруханаға жат­­қызылды. «Ал өткен жылы 1 бала ғана қайтыс болған болатын»,- дейдi облыстық жол полициясы бас­қармасының баспасөз хатшысы. Осыған орай жол сақшылары жүргізушілерге арналған «Абайлаңыз, ба­лалар!», «Сiздiң жолаушыңыз-ба­ла!», «ЖКО-да зардап шеккен балаға көмек!», «Қымбатты, жүргiзушi жолдас!» ат­ты шаралар өткізуде. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты жүргізушілерге түсіндірме жасау, сол арқылы жол көлік оқиғасын азайту.

Мамандардың айтуынша: жол көлік оқиғасы көлікті шамадан тысқарудан, жол ережелерін сақтамаудан, ішімдік ішіп тізгінге отырудан болады екен. Мұны жоғарыда атағандай өткізген іс-шаралар атауынан да білуге болады. Дегенмен бұл тек Сыр өнірінің жол сақшыларының мәлімдемесі емес, еліміз бойынша айтылатын жайт. Яғни, қандайда бір жол көлік оқиғасы орын ала қалса, оған тек ғана жүргізуші кінәлі болып шаға келеді.

Мен бұл арада есерсоқ, жүргізуші куәлігін сатып алғандарды ақтайын деп отырған жоқпын, айтпағым осы жол көлік оқиғаларының орын алуына өзге де себептер бар екенін білдіру.

Мәселен, көліктің қарсы бағытқа шығып кетіп, сәтсіз оқиғаға ұрынуына көбіне қандай жағдайлар себеп болады? Біріншіден, жолдың тарлығы болса, екіншіден жолдардың шұрық-тесіктігі себеп (қала аралық та, қала ішілік жолдар да осындай. Бұған бірнеше мысалдар бар) Ал қысқа қарай жауған жаңбыр мен қарды тазалау өте баяу жүреді. Жолды тазалаушылар қашан тазалап, құм сеуіп шығамын дегенше талай көлік трассадан тайып түсіп жататынын білесіз. Сонда бұған да тек жүргізуші кінәлі ме?

Сол сияқты көлікті апатқа ұшырататын бірден-бір мәселе оның жол үстінде жоғарғы жылдамдыққа шыдамай сынып кететін темірінен болады. Мұның себебі не, әрине көліктердің ескілігі. Яғни, шетелдегі уақыты біткен көлікті әкелеміз де, өте нашар, сор әрі тар жолға саламыз. Ақырында шаршап тұрған көлік шашырап қалады. Бұған да жүргізуші кінәлі ме? Бәлкім су жаңа отандық көлік ал дерсің. Алайда Елбасымыз басшыларға мінгізе алмай жүрген сол отандық көліктің бағасы қарапайым халықтың қалтасына сай келмейді. Әрі оны мінгендер мұның жаңасы шетелдік көліктің көнесінен садаға дейді. Демек Өзбекстаннан өнеге алмай жасаған бұл істері де қарапайым халық жағдайын жасау үшін болмады. Ендеше бұны ақымақтық дейміз бе, әлде...

Міне, осындай осындай кемшіліктердің салдарынан қанша жанымыздан айырылып жатырмыз. Бұл әрбір жүргізушінің жүйкесін жұқартса, МАИ қызметкерлерінің жұмыс барысы да елдің ызасын тудырып жүргенін жасыра алмаймыз.

Мәселен жол белгілерін жиі ауыстыру, жол белгілерін тал жауып, көрінбей қалу да жүргізушілерді  айыппұлға жығып жатады. Өздеріңіз де білесіздер, сол айыппұл көрсеткіші қарапайым халық қалтасына ауыр түседі. Яғни, біздегі табыспен сәйкес емес. Сонымен қатар жасалған болмашы кемшілікті (ремен тақпай қалу, жарық жақпай қалу) енді қайталамау жөнінде жүргізушілерге МАИ қызметкерлері тарапынан ескертпе жасау деген болмай қалды бүгінде. Ал осы іс-шараға қатысқан кейбіреулер «Мынандай етіп іс-шараларды формальды түрде жүргізгенше, кішкентай қателікке кешірім беру жүйесін енгізген дұрыс» дейді. Оның үстіне Заң мен талап күнде өзгеріп тұрған заманда кешірім беру және сол жерде ескерту деген болу керек екені баршаға аян.

Сонымен қатар көліктің құнына қарай айыппұл салу керек сияқты. Мәселен біреу 10 мың теңгелік айыппұлды төлеуге қиналса, біреулер ол ақшаны сол жерде төлеп (ондайларды тоқтата, төлеттіре алса), қайтадан жол ережесін бұзып кете береді.

Сондықтан «ана күнді пәленнің атындағы мереке етейік, мына жерге ананың атынан берейік, үш тілді болайық, мектепке анайы сабақ кіргізейік, тоқал алуды заңдастырайық» деп отырған халық қалаулылары қу темірмен нан тауып жүрген жандардың жағдайын да біруақыт ойлап қойса болар еді...

Соның ішінде жол сақшыларына деген елдің көзқарасын өзгерту, көлік апатын тек жүргізушіге жауып қоя салмай, жолдың жағдайын, көліктің ескілігін де ескеруді алға тартқан жөн. Олай дейтінім халықтың істен шыққан ескі көлік мінуіне де, жолдың шұрық тесік болып жатуына да мемлекет кінәлі (егер біз дамыдық, бәлен елді басып оздық, әлем таныды деп мақтанбасақ, соңғы мәселе мемлекет алдына қойылмаған болар еді. «Үкімет қалай мақтанса солай сына» деген). Осы мәселелерді Үкімет пен министрліктерге тікелей қойып, табанды талап ету керек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1431
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1272
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1031
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1086