Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2484 0 пікір 13 Қыркүйек, 2012 сағат 07:26

«Қазақстан»: күздің көзайым жобалары

«Қазақстан» Ұлттық арнасы көпшілік қауыммен бұрын соңды болмаған жаңа қарқынмен қауышады, - деп хабарлайды бас арнаның баспасөз қызметі. - Еріксіз елітіп әкететін  ерекше лепке толы базарлығымыздан қапы қалып қоймаңыз. «Қазақстан» Ұлттық  телеарнасы,  жаңа маусымда өз көрермендеріне қызықты да ауқымды жаңа ток-шоулар, мазмұнды, танымдық, сараптамалық бағдарламалар мен арнайы тележобалар ұсынады. Қыркүйек айында  Отандық және шетелдік кинокомпаниялар түсірген, әр тақырыптағы телехикаялар мен әр түрлі жанрдағы  кинотуындылар мен деректі фильмдер жарыққа шығады!    Қысқасы, қалыптасқан көрермендеріміздің қатары, жаңа көрермендермен де толығады деген сенімдеміз!

ЖАҢА ЖОБАЛАР

«Намыс дода» - мегажобасының тұсаукесері.  Әлемдік деңгейдегі тележобада Қазақстан осымен екінші рет олимпиялық ойындарға қатысты.  Бұл қызықты бағдарламаның идеясы Францияның бұрынғы президенті Шарль де Голл болып табылады.  Ол осы ойындар арқылы халықтар достастығы мен елдер арасындағы бірлікті  нығайтуды көздеген. Адамның күш-жігері  мен психологиялық мүмкіндіктері сыналатын байқау мен ойын-сауық көріністері өзара үйлесім тапқан, барлық отбасы мүшелеріне арналған шоу  қарапайым да, жеңіл, әзіл-оспаққа толы байқаулардың көмегімен жүзеге асады .

«Айтуға оңай» - жаңа ток шоу «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында!  Бұл бағдарлама халықтың көкейінде жүрген өзекті тақырыптарды, жекелеген оқиғалардан бастап, мемлекеттік деңгейдегі мәселелерді тілге тиек етіп, талқыға салмақ.  Дегенмен айтуға оңай, ал кім әрекетке бел буады?

Музыка қашанда ұлттық сананы қалыптастырып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа рухани тәлім тәрбие беретін салалардың бірі. Сол себепті ұрпақтан ұрпаққа дарыған дәстүрлі қазақ әндерін ұмытпай, ұлттық өнерімізді дәріптей білейік, ағайын!  Ендеше Қазақтың ұлттық әуендері мен әндерін насихаттайтын - «Дедімай-ау» музыкалық бағдарламасына назар аударыңыз!

Әлем елдеріне саяхат...  Қай елді таңдасақ екен? Қайда барған қызықты? Бұл сөз құр сөз болып қалмай бәрін  өз көзіңмен көргенге не жетсін.... Бірақ төрткүл дүниені аралауға кейде бос уақыт табыла  бермейді.    Егер сіздерді  өзге елдің мәдениеті мен салт дәстүрі қызықтыратын болса,  «Жиһанкез» - танымдық бағдарламасын  тамашалаңыздар!

ҚАЗІРГІ ТАҢДА ШЫҒЫП ЖАТҚАН БАҒДАРЛАМАЛАР

Қазақстан Қарулы Күштерінің қуатын, мәртебесін, күнделікті тыныс-тіршілігі мен атқарған іс, жеткен жетістіктерін таныстырып қана қоймай, жастар арасындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыратын «Ақсауыт» патриоттық рухты дамытуға бағытталған әскери-патриоттық бағдарлама.

«Соттың үкімі шыққан қылмыстарды әшкерелеп, құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын нисихаттайтын бағдарлама -   «Қылмыс пен жаза».

«Елім менің» - еліміздің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын зерттеуде жастарға үлгі, тәлім-тәрбие беріп, білім өрісін кеңейтетін хабар. Телеойынға екі топ қатысып барлық сұрақтарға жауап іздейді.

«Ғибратты ғұмыр» - әдебиет, өнер, мәдениет, саясат, әлеуметтік салаларда ел-жұртқа танылған, тұғырына қонған көзі тірі қоғам қайраткерлері, тұлғалар туралы деректі желілік фильм.

«Ән-жұмбақ» - сазды ойын-сауық бағдарламасы. Бізбен бірге ән шырқап, әннен сынақ тапсырып көрейік.

«Халық таңдауы» - тұтынушыны сапалы тауарды таңдауға үйрететін бағдарлама.

Көрерменге жол тартатын  «Даму» бағдарламасында  Қазақстандағы үдемелі индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асырудың жолдары талқыланады..

Денсаулық сақтау жүйесі мамандарының біліктілігі мен салауатты өмір салтын насихаттайтын бағдарлама  «Дауа» -  телеемханасы.

«Толағай» - еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор саламатты өмір салтын насихаттайтын  ойын-сауықтық бағдарлама.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕЛЕСЕРИАЛДАРЫНЫҢ  ТҰСАУКЕСЕРІ

Киносүйер қауымды осы маусымда жаңа сериалдармен қуанта аламыз!

«Әуе қырандары»

Телехикая  негізінде  Қазақстан әскеріннің  қазіргі бет-бейнесі мен тыныс-тіршілігі  суреттелген.    Сериалдың мақсаты - қазақстандық әскери өмірдің ащысы мен тұщысын, күнделікті өмірдегі қызығы мен жетістіктерін көрсету. Еліміздің әр түкпірінен келген жігіттердің түрлі мінез бен өмірлік көзқарастың тоғысқан жері - әскер қатарында темір тәртіптің нәтижесінде нағыз Қазақстан азаматы болып қалыптасуы баяндалады.

Қазақстандық өнім: «Сатайфильм» кинокомпаниясының туындысы «Парыз» сериалы     полицияның халық тыныштығын күзету жолындағы күнделікті қауырт та мазасыз қызметін насихаттайтын телехикая. Мұнда белгілі бір топтың, яғни заң қызметінде қызмет етіп жүрген ұжымның жұмысы мен тыныс-тіршілігі суреттеледі.  Олардың қарапайым адамдардан еш айырмашылығы жоқ...Бірақ күнде қылмыспен күресуге аттанады.

Комедия жанрын жақсы көретін көрермендерімізге ұсынар сыйымыз бар, ол - «Үй артында кісі бар» телехикаясы

Негізгі кейіпкерлері - қазақ отбасы. Олар барлық шаңырақ атаулы шалдығатын «отбасылық кризиске» бірлескен өмірінің жетінші жылында келіп тіреледі. Міне, осындай дертке шалдыққан отбасымызды «жығылғанға жұдырық болып», мінездерінің әртүрлілігі де шытыната бастайды

Қазіргі таңда түрік сериалдары  зор танымалдыққа ие болып жатыр.

Бұл ретте  сіздерге ұсынылатын телесериалымыздың  бірі: «Қайта бүр жарған шынар»

Өмірдің ащы-тұщысын еміп,  қайғы мен мұңға батып, қатал тағдырға қарсы тұрған қайсар жан туралы телехикаяны жіберіп алмаңыз!

Күз жалғыз келмейді... Ол сіздердің үйлеріңізге «Қазақстан» Ұлттық арнасымен бірге келеді!

Күздің салқын кештерінде,  теледидар алдында бүкіл отбасыңызбен бірге отырып,  жаныңызға  жылу беретін, көңіліңізге әрдайым мереке сыйлайтын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасымен бірге болыңыз!

«Абай-ақпарат»

«Маса-ақпарат»

0 пікір