Жексенбі, 12 Мамыр 2024
2866 0 пікір 28 Қаңтар, 2022 сағат 13:47

"Жасыл Даму" кәдеге жарату төлемін уақытша қабылдамайды

"Жасыл Даму" АҚ әкімшісі уақытша кәдеге жарату төлемін қабылдамайтын болды. "Жасыл Даму" қазіргі уақытта "ӨКМ Операторы" ЖШС-ға қатысты құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін басқару функциясын бұрынғы оператордан "Жасыл Даму" АҚ басшылығына беру процесі аяқталмады", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, мынадай қызметтер уақытша тоқтатылған: кәдеге жарату төлемдерін қабылдау, VETS/VESSSHT қабылдау; ескі жабдықты кәдеге жаратуға жеткізгені үшін өтемақы төлеу, қалдықтарды жинаушыларды, тасымалдаушыларды және өңдеушілерді субсидиялау.

Акционерлік қоғам барлық ұйымдастырушылық-құқықтық процестер аяқталғаннан кейін, серверлік бағдарламалық қамтамасыз етуге толық рұқсат алғаннан кейін "Жасыл Даму" АҚ барлық міндеттемелерін орындайтынына сендірді.

"Бізге қатысы жоқ себептерге байланысты қазір мұны істеу мүмкін емес. Біз бәрінен жағдайға түсінікпен қарауды және қызметтің қайта жандануын күтуді сұраймыз. Ақпараттық жүйелер бойынша жұмыстың басталғаны кейінірек хабарланады", - деп қосты компания өкілдері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1943
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2185
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1800
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1536