Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2327 0 пікір 13 Қыркүйек, 2012 сағат 07:11

Қажымұқан Ғабдолла. Біздің елде базарком – министр, бандит – әкім болды

Үй салудан гөрі, оны бұзу қиынырақ екен. Бұл шындықты кез келген құрылысшы айтады. Бірақ, қазақ билігінің «мықтылығы» сонда - ол қиратудың майталманы...

Соңғы 2 жылда Қазақ Еліндегі мемлекеттік деңгейде ойлап, ұлттық тұрғыда толғанатын кадрлердің күретамырына балта шабылып, Сарыағаш университетін, Қостанай колледжін, әрі кеткенде, Лондонда үш ай немесе Парижде бес ай хот-дог жеп, «арнайы» курстардан өтіп, қыдырыстап қайтқан, ең мықтағанда, ақшасы мен көкесін салып, арсыз Американың түнгі клубтарында күшейтілген сусындар сімірген «болашақтықтар» еліміздің аса жауапты лауазымдарында отыр.

Қайбір жылы Мемлекет басшының өзі олар туралы «өздерінің не үшін отырғандарын да білмейді» деп еді. Сөйтіп, кеңестің қажырлы комсомолы мен талапшыл коммунистінің темірдей берік, құрыштай бекем мектептерінен өткен өршіл де өктем мамандар ақырындап зейнетке шығып, бейнетке батып, ақырында,  қайраңда қалды...

Кезінде, әсіресе, Мәскеу жоғарғы оқу орындары мен Қазақтың С.М. Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университет) мемлекеттік университетінің түлектері толағайдай топ жарып, оқ бойы ілгері саналып, қай-қай қызметтің де көркін қыздырып жіберетін еді. Мемлекеттің болашағының бағыт-бағдарын, ұлттың ертеңінің болжам-толғамын аталған жоғарғы оқу орындарының талантты да қайсар қыз-жігіттері шешіп отыратын...

Қазір базарком - министр болды, бандит - әкімдікке жетті...

Жиырма жыл бұрын елінің тұтас өнеркәсібін Бішкек педагогика институтының География факультетін тәмамдаған Машкевичтей мақау меншіктеп алған мемлекетте басқаша болуы мүмкін де емес қой...

Бір-ақмысал: бүгінгі Мәжілістің төрағасы Нұрлан Нығметуллин мен кешегі Жоғарғы Кеңестің төрағасы Серікболсын Әбділдиннің білім-білігі мен өмірлік тәжірибелерін, кісілігі мен «кішілігін» салыстыруға бола ма? Әйтпесе, Құдайдың берген ұшан-теңіз астығын жинап-теріп ала алмаған қазіргі Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековті - қазақтың тәуелсіздік алған қаржысы мен қуаты кем қиын кезеңіндегі тамшы тамбаған қуаңшылық жылдарында ұн мен нанның ақысын жарты тиынға да өсірмеген Ауылшаруашылығы министрі Балташ Тұрсынбаевпен қатар қоюға бола ма? Мұның өзі «мысықты - жолбарыс екен» деумен бірдей нонсенс қой?!.

...Мен кейде ойлаймын: қоғамымыздағы қаптап кеткен шешуі күрделі мәселелердің ең басты себебі - мемлекетті тиімді басқара алмау, яғни, кадрлердің қадірінің кетуі шығар деп..

«Абай-ақпарат»

0 пікір