Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
3259 3 пікір 27 Қаңтар, 2022 сағат 14:42

Абзал Құспан: 11 адам изолятордан босатылды

25 қаңтар кешке Алматыда қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған 11 адам тергеу изоляторынан босатылды. Оларға бұлтартпас жазасы өзгертілген. "Жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша күдікке ілінген 11 адамның ісі бойынша тергеу жалғаса береді. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігі жазды.

"Біз 11 адамды босатуға қол жеткіздік. Олардың денсаулығына байланысты бұлтартпас жазасы өзгертілді. Олардың жағдайын көріп отырсыздар. Жеті адамды тергеу изоляторынан босатты, төрт адамды ауруханадан алып кетеді. 11 адам "Жаппай тәртіпсіздік" (272-бап) бабы бойынша күдікті" деді "Аманат" қоғамдық комиссиясының жетекшісі, адвокат Абзал Құспан.

Ол комиссия мүшелерінің ұсталғандармен кездескенін де айтты. Сейсенбі күні кейбір белсенділер ұсталғандарды тергеу изоляторынан босату сәтінен тікелей эфирде хабар таратты. Онда ұсталғандардың жарақаттанғаны айқын көрінеді.

Бұған дейін қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғандардың азапталғаны, қарулы күштердің оқиға кезінде жаралағандарды денсаулығына қарамастан ауруханадан алып кеткені жөнінде хабар тараған. Арнайы жасақтың жараланғандарды ауруханадан ұстап алып кеткені туралы видео-айғақты Азаттық та жариялаған.

Бұған дейін Бас прокуратура құқық қорғау органдары тарабынан ұстау және тергеу кезінде заңсыз әрекеттер болғанын (азаптау, билік өкілетін асыра пайдалану және тағы басқа) мойындаған. Ресми мәлімет бойынша, азаматтардан 109 шағым түскен. 11 шағым бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Ресми ақпаратқа қарағанда қаңтар оқиғасы бойынша жалпы 2044 қылмыстық іс бар, 900-ге жуық күдікті ұсталған, 800-інен астамы сот санкциясымен қамалған.

Қаңтар оқиғасы мен оқиғадан кейінгі азаптау мен қысым көрсету фактілеріне құқық қорғаушылар алаңдаған.

Еуропарламент жақында қабылдаған қарарында бейбіт наразылықтан кейін өрбіген жаппай зомбылықты айыптап, ресми Нұр-Сұлтанды "терроризм" айыбын оңды-солды тақпауға үндеген. 27 тармақтан тұратын құжатта Қазақстан билігін азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды саяси себеппен қудамалауға, адамдардың бейбіт жиналуына кедергі келтірмеуге, жөн-жосықсыз ұстау мен азаптауды доғаруға шақырған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2249
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1850
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1547