Жұма, 26 Сәуір 2024
Сауалнама 7706 58 пікір 27 Қаңтар, 2022 сағат 15:53

Президент Тоқаевқа «Нұр Отан» партиясы керек пе?

Ертең биліктегі доминант партия – «Нұр Отанның» сьезі өтеді. Партия тізгіні қазір экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевта. Ал оның бірінші орынбасары Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек.

Бүгін Бауыржан Байбек өзінің Twitter-інде шағын жазба жариялап, ертеңгі сьездің жоба-жоспарын хабарлады. Онда партия сьезінде партияның жаңа төрағасын сайлау, партия Жарғысына өзгеріс енгізу және партияның саяси кеңес мүшелерін сайлау іске асатыны айтылған.

Осыған дейін, 18 қаңтар күні ел-жұртқа бейне үндеу жасаған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Билік толықтай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында. Ол – Қауіпсіздік кеңесін басқарады. Жақын күндері «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып сайланады», - деген болатын.

Алайда, биліктегі айқын басымдыққа ие бұл партияға деген ел көңілі күптілеу. Әсіресе, соңғы елішілік қоғамдық-саяси оқиғалардан кейін аталған партия құрамынан өз еркімен шығушылардың тренді пайда бола бастады.

Ал саясаткерлер: «Президент Тоқаев ешбір саяси партияға мүше болмауы керек. Ол партияның емес, тұтас мемлекеттің мүддесіне жұмыс жасауы керек. Оның үстіне Қазақстан қоғамында биліктегі «Нұр Отан» партиясына деген сенім кредиті таусылған», - дегенді айтады.

Осыған орай, біз Abai.kz ақпараттық порталында сауалнама жүргізгенді құп көрдік. Қатысыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз:

Сауалнама бір сұрақтың төңірегінде жасалып отыр. Алдағы уақытта аталған сауалнаманың жауаптарына жеке анализ жасалып, порталда жарияланатын болады.

Abai.kz

58 пікір