Жексенбі, 12 Мамыр 2024
2627 2 пікір 26 Қаңтар, 2022 сағат 17:45

Ши төраға: Қолдау білдіруге әркез дайынбыз

Қытай мемлекетінің басшысы Си Цзиньпин «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде қаңтар оқиғасына қатысты «сыртқы күштердің біздің халықтарымыздың тыныштығын бұзуға, түсті төңкеріс жасауға деген әрекетіне, ішкі іске араласуына жол бермейтінін», айтты.

«Қазақстанда таяуда болған тәртіпсіздіктер адам өліміне апарды және материалдық шығынға батырды. Қазақстанның көршісі әрі досы ретінде Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыруға күш салуын барынша қолдайды», - деді ол.

Қытай президенті «Қытай Қазақстанға әрқашан көмек көрсетуге дайын екенін әрі Президент Тоқаевтың қатаң басқаруымен Қазақстан халқы өз елінің жарқын болашағына қадам басатынына», - сенім білдірді.

Қазіргі уақытта өтіп жатқан «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне Қазақстаннан Қасым-Жомарт Тоқаевтан басқа, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысып отыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1946
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2189
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1809
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1539