Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2360 0 пікір 12 Қыркүйек, 2012 сағат 07:57

Еркебұлан Әлімханұлы. Патшаның түсі немесе өгей баланың әлегі

Тағында отырған жерінен селк етіп атып тұрған патша жан-жағында ешкімнің жоқ екенін көрген соң барып, тағына қайта жайғасып терең ойға шомды. Мұны шошытқан - көзі ілініп кезде көрген түсі еді. Ол түсті неге жорырын білмей бір сәтке қайта көзін ашты. Көзін қайта жұмып көрген түсін көз алдына елестете бастады: алдына кірген өгей баласы бұған бажайлап қарап алып, қолын таққа қарай жәймен созып сипай бастаған сәтінде ұшып тұрды. Бұл түсті осымен екінші рет көріп отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын да асыранды үлкен баласының осындай қылығы ұйқысын шәйдай ашқызған еді. Патшаның жадындағы өткен жылдардың ащы оқиғалары қайта оянғандай болды.

Тағында отырған жерінен селк етіп атып тұрған патша жан-жағында ешкімнің жоқ екенін көрген соң барып, тағына қайта жайғасып терең ойға шомды. Мұны шошытқан - көзі ілініп кезде көрген түсі еді. Ол түсті неге жорырын білмей бір сәтке қайта көзін ашты. Көзін қайта жұмып көрген түсін көз алдына елестете бастады: алдына кірген өгей баласы бұған бажайлап қарап алып, қолын таққа қарай жәймен созып сипай бастаған сәтінде ұшып тұрды. Бұл түсті осымен екінші рет көріп отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын да асыранды үлкен баласының осындай қылығы ұйқысын шәйдай ашқызған еді. Патшаның жадындағы өткен жылдардың ащы оқиғалары қайта оянғандай болды.

Сол жолы да түсінен шошып оянған патша дереу өзінің ең сенімді уәзірін шақыртып, болған жайды айтып берген еді. Сарайдағылардың арасында «патшаның көлеңкесі» атанған қысық көз уәзір ойлана келе «өгей балаңыз тағыңызға қол салғалы жүр екен» деп түсін жорып берді. Бұл алғашқыда оған сеніңкіремей, сынай қарады. «Ағзам сізге айтуға бата алмай жүр едім, бірақ сол балаңыздың мұрагер МЕН деген сөзді жиі айтып жүргенін құлағым шалды» деді уәзірі көзі жыпылықтап. Бірден қаһарына мінген патша жендет деп айқайлай беріп еді, уәзірі «О, құдіреттім, бір сәт сөзіме құлақ салыңызшы, жендеттеріңіздің барлығы соның адамдары ғой, олар балаңызға қарағанда сіздің басыңызды шабуға бейіл» деп жалбарынды. Онда әскербасыны шақыр дейін деп орнынан тұра бере оның да сол қызметке әлгі баласының сұрауымен отырғаны есіне түсті, ендеше, күзет бастығын дей бере сылқ етіп отыра қалды. Иә, әзір аңғарды өзінің қарулы күштерінің бәріне сол баласына жақын адамдарды қойған екен. Тіпті жеке күзетіне де сенімді деп соның серігін қойғанын ойлады. Патша өзінің дәрменсіз қалғанын, халінің мүшкіл екенін сезінді, бойын белгісіз бір үрей сезімі билеп алды. Құйқа тамырлары шымырлаған патшаның денесі де қалш-қалш етіп мұндай бишара күйге бұрын-соңды түспегендігінен хабар беріп тұрғандай-ды. «Үлкен балама жақын емес қолбасы, түменбасылардан кім бар?» деп уәзіріне қарады. Уәзірі соншама сардарлардың арасынан екеуінің ғана есімін атағанда, шарасыздықтан тағына шалқайып құлаған күйі қимылсыз қалды. Патшаның мінезін бес саусағындай білетін уәзір де тізерлеп отыра қалып жанды ескерткішке айналды.

Әлден уақытта барып патшаның жүзі жыбыр еткендей болғанда көзі жұмулы болса да бүкіл болмысымен, тынысымен патшаға қарап отырған уәзір бір көзін жәйлап ашты. Ашты дегені болмаса, қысық көзінің ашық не жабық екені белгісіз еді. Осы бір қабілетін пайдаланған уәзір ашылған көзімен патшаның көзін жұмған күйі күлімсіреп отырғанын көрді. Демек ағзам бір шешім тапты деген ой келуі мұң екен мұның да жүзінде еріксіз күлкі үйірілді! Күлмегенде қайтсін. Егер алай-бұлай болып әлгі баласы тақты тартып алса күйіміз не болады екен деп жүрген уәзірге патшаның тағында ұзақ отыра бергені тиімді. Патшаның баламды шақыр деген сөзінен кейін ойын жалма-жан жинаған уәзір құп болады, ағзам, деп үш рет еңкейіп басын төмен салбыратқан күйі шығып кетті.

Алдында тұрған баласына сын көзбен қараған патша мына адамның кезінде өзі алғаш рет көрген именшек, біртоға, момын жігіттен әлдеқашан өзгеріп кеткенін байқады. Баласы алдында басқалар сияқты жорғаламай сенің күнің бітуге, ал менің күнім тууға таяу деген сеніммен алшаң басып тұрғандай сезілді. Әдеттегідей жылы жұмсақ сөзбен, майда тілімен амандық-саулық сұрап болған соң, патша баласына қарап «сен дүние бөлісінен мен кеш қалдым, маған азырақ үлес тиді деп маған өкпе айтып жүргеніңді ішім сезеді, бірақ, енді өзің ұмтылмасаң мына заманда мен саған қалай аузыңа салып беремін» деп бір нәрседен емексіткен әңгіменің шетін шығарды. Дүние дегенді естіген аңқау әрі даңғой баласы «ұмтылып-ақ жүрмін ғой, не істе дейсіз?» деген сұрақты қойды. Күткені де осы сұрақ болып тұрған патша ләм-мим демеді, ойланып барып баласына қарап «жан-жағыңа қарасай, осы елдің бәрі сенікі қалағаныңды ал, анау қазынашыда ұрлық дүние көп дегенді құлағым шалды...» деп сөзінің аяғын жұтып қойды. Баласы түсіндім не айтқыңыз келгенін дегендей рай танытып ыржалақ-ыржалақ еткен күйі шығып кетті.

Патшаның тағының алдында арықша келген, домалақ жүзді, кішкене дөңгелек көзді, шашының алды түсіп қасқаланып қалған бір адам отыр. Бұл қазынашы болатын. Ағзамға ана балаңыз менің дүниеме қол сұғуда деп дат айта келіпті. Патша бұл енді екеуіңнің араңдағы мәселе, өздерің шешсеңдерші, мен тарапсыз қалайын деп қысқа қайырды. Қазынашы басын изеген күйі шығып кетті, жүзінде өкпенің табы бары анық білініп тұрды. Ол кеткен соң патша әлгінде өз-өзіне риза болып күлімсіреткен стратегиясын қайта ойланды. Иә, бәрі дұп-дұрыс. Баласына тіке баруға болмайды. Сондықтан ол әумесерді әлсірету үшін біреумен соғыстыру керек деп ойлаған. Ойлана келе айналасындағы қырық уәзірдің ішінде осы қазынашының кандидатына тоқталған. Өйткені қазынашының сарайдың ішінде де сыртында да серіктері көп әрі қабілеті де басқалардан оқ бойы озық. Оның үстіне басқаларды өз пікіріне иландыра білер қасиеті де бар. Сондықтан оған баласына наразы сарайдағы барлық әмірлер мен бектер де көмектеседі деп жоспарлағанды. Осындай себептерге байланысты баласын әлсіретсе бір әлсіретер осы болар деп қазынашыға айдап салғанды. Сөйтіп екеуінің арасына от тастаған болатын. Ұзамай мұның үлкен баласы бір жақ, арасында басқа балалары да бар қалған барлық сарай серкелері бір жақ болған соғыс басталды да кетті.

Көп өтпей-ақ айтқаны айдай келді. Соғыс баласын да, сарайда мұның тағынан болашақта дәмесі бар-ау деген басқасының да абыройларын айрандай төкті. Үсті-басы былғанбаған сау ешкім қалмады. Әр күні соғыстың майданына бір төре қосылып қанға белшесінен батқан сайын патша мәз бола түсті. Осы бір сәтті тиімді пайдаланып жараланған, былғанған, кірленген өзіне ұнамсыз бектерден сарайын тазартып алды. Бәрінен бұрын әскерін реттеп алғанын айтсайшы. Баласына жақын қолбасылардың барлығын соғыс барысында шетінен шеттете отырып, өзіне жақын адамдарды қойып үлгерді.

Дегенмен, соғыс бұл күткендегіден әлдеқайда алапат болды. Атылған, лақтырылған оқтардың кейбірі бұған да зиянын тигізбей қоймады. Сондықтан өзінің көздеген мақсатына жетіп, сарайын тазалап болғаннан кейін, соғыс енді ұзаса бәрімізді жұтады деген жерге келгенде уәзірін шақырып алып, майданды тоқтатуды бұйырды. Уәзірі «ағзам қалай тоқтатамыз, бұл бақылаудан шығып кетті ғой» деді аңтарылып. Патша әлі шаласың ғой деген көзбен уәзіріне бір қарап алып, «бірін абақтыға жабыңдар, екіншісін елден аластатыңдар», сонда алапат өзінен өзі шоққа айналады деді. Уәзірі басын шайқап, патшам ғұламасыз ғой деген ойды көзімен айтқан күйі әмірін орындауға кірісті. Патшаның көмейіне келген ойды тіліне түсірмей оқитын дәрежеге жеткен көлеңке уәзірге кімнің қамалатыны, кімнің  айдалатыны анық еді...

Иә, отты маздатып жағып отырған екеуін аластатса өрт сөніп шоқ болып жатады. Ал ол шоқ тұра берсін әлі де пайдасы болар деген ойдың жетегіне ерген патша өз-өзіне масаттанған күйі тағына жайғасты.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2486
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2078
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600