Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Деп жатыр 6642 28 пікір 21 Қаңтар, 2022 сағат 16:32

Қазақстан үшін талас. Ресейдің тағы бір жеңілісі...

ҰҚШҰ-ның Қазақстан аумағына кіруі біраз елді дүрліктірді. Батыс елдері, АҚШ, ТМД, Азия елдері де пікір білдіруден қалыс қалмады.

Украиналық журналист Дмитрий Гордон «Си Цзинпин мен Ердоған Путинге «Қазақстаннан кет», - деді. Сосын олар кетті», - деп пікір білдірген.

Гордонның айтуынша, Түркия президенті Режеп Ердоғанмен Қытай птөрағасы Си Циньпиннің ҰҚШҰ-ның елден кетуін Ресей президенті Путиннен талап еткен.

7 қаңтар күні ҚХР СІМ өкілі Ван Вэньбинь CGTN телеарнасынан: «Қытай Қазақстанға дағдарыстық жағдайды жеңуге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін», - мәлімдеген болатын. «Бейжің «сыртқы күштердің тәртіпсіздіктерді қоздыруға және түсті төңкеріс» жасауға  деген кез-келген әрекетін қабылдамайды», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты бұзып алмауға үндеген.

Ал, Түркия президенті Режеп Ердоғанның көмекшісі Ихсан Шенер ҰҚШҰ әскерінің кіруін Ресейдің Қазақстанға «басып кіруі» ретінде баға берген.

«Ресей Федерациясы 30 жыл бойы кеңестік басқарудың құрсауында болып, өзінің мәдениетіне, құндылықтарына, байлығына ұмтылған мемлекетті баяғы таяз, мағынасыз өмірге қайтарғысы келеді», - деген Шенер өз мәлімдемесінде. Сонымен қатар «Түркі елдерінің ұйымы құрылғаннан кейін оған қарсы көптеген шаралар қабылданғанын» тілге тиек етті.

Ихсан Шенердің бұл мәлімдемесін Ресей СІМ Ресейге қарсы шабуыл ретінде қарастырып, оның түсіндіріп беруін талап еткен. Кейін Ердоғанның көмекшісі Ресейдің Түркиядағы елшісі Алексей Ерховпен кездесу барысында Қазақстанға ҰҚШҰ бітімгелік күштерін жіберуін айыптаған сөзін «дұрыс түсінбестік», деп мәлімдеген.

Дмитрий Гордон өзінің «gordonua.com» сайтына берген ауқымды пікірінде Қазақстанға ҰҚШҰ әскерінің кіріп, оның неге дереу шығарылғанын былай деп түсіндірген: «Ол жақта Украина сценарийінің қайталанғанын қаламаймын. Бір ғана сценарий болды: Ресей қайығын тербетіп, соңында Қазақстанның солтүстік облыстарындағы «орыс ағайындарына» көмекке келер еді. Осылайша Қазақстанның солтүстік өңірі Донбасқа айналып шыға келуші еді, Бұл сценарий болды. Бәрі соған бастап бара жатты. ҰҚШҰ әскері Қазақстанға кірді. Содан кейін неге екені белгісіз, ешкім түсіндірмеген ғажайып оқиға болды. Неге Ресей әскері жылдам кірді және соншалықты жылдам шықты? Жауабы қарапайым, Қазақстан бай ел. Ол жерде пайдалы қазбалар, табиғи ресурстар өте көп», - деді журналист.

Гордон: «Қазақстанмен шектесіп жатқан Қытайдың өз көздеген бизнестері бар», - дейді. «Қытайдың Қазақстанға қызығушылығы өте жоғары. Онымен қоса, ол жерде АҚШ, Ұлыбритания, әсіресе, Түркияның позициясы өте күшті. Себебі, қазақтар мен түріктер – түркі халықтары. Міне, құдайға шүкір, бүгінде батыс елдерінің әлсіз көшбасшыларымен қатар Қытай мен Түркияның өте мықты көшбасшылары бар – Си Цзиньпин мен Ердоған Путинге өз тілінде: «ол жерден кет», -деді. Ол сүйкімді жандай тұрды да кетті. Себебі, Путин өзі әлсіздермен қалай сөйлессе, тілдің күшін солай түсінеді. Ол – бұл жағдайда әлсіз. Қытай мен Түркия бар жерде, Ресейдің істейтін ісі қалмайды. Оған «бұл жерден тезірек кет» деді, ол кетті. Сонымен ҰҚШҰ миссиясы аяқталды, Қазақстанда Ресейлік күштер жоқ. Міне, Қытай мен Түркияның батылдығы нені білдіреді, ал, Украинаға қатысты Батыс елдерінің батылсыздығы нені білдіретінін көрдік», - дейді.

Ол Қазақстанға көп келгенін және қазақтарды жақсы көретінін айтты. Журналист бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың видеоүндеуіне қатысты да пікір білдірді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – элита деп айтуға әбден лайықты адам. Себебі (Кеңес Одағының тұңғыш президенті) Михаил Сергеевич Горбачев 91-ші жылы Назарбаевқа Кеңес Одағы Министрлер Кеңесінің төрағасы лауазымын ұсынғанын бір кездері маған айтқан. Назарбаев – үлкен мектептен (шаруашылық, партиялық-кеңестік) өткен дайындалған саясаткер. Ол Украинаны жақсы біледі, осында оқыды.

Оны осы уақытқа дейін Леонид Данилович Кучмамен (Украинаның екінші президенті) байланыстырады. Оған Леонид Данилович Кучмамен жақсы қарым-қатынасы себеп болған деп ойлаймын. Леонид Данилович ол туралы жылы еске алады.

Әрине, «Назарбаев - бұл посткеңестік кеңістіктің тіректерінің бірі, ол өмірге, әлемге, геосаясатқа ауқымды көзқараспен қарай алатын адам», - деп атап өтті Гордон.

Айжан Темірхан

Abai.kz

28 пікір