Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2889 0 пікір 11 Қыркүйек, 2012 сағат 09:37

Ақылы оқу қымбаттай берсе, ауыл баласы қайда оқиды?

Елбасымыз: «Бұл заман - білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылым­да болатын уақытқа келдік», - деп, болашағы­мыз үшін білімнің маңызы зор екенін атап айтып жатса да, елімізде білім алуға ұмтылған жастарға кедергі жетерлік. Соның айғағы, статистикаға сенсек, соңғы жылдары еліміздегі студенттер санының айтарлықтай азайып келе жатқаны байқалады. Кім бала­сы­ның білімді болғанын қаламайды дейсің. Әйтсе де, жомарттың қолын жоқтық байлайтынындай, грантқа балы жетпеген жастардың бәрінің бірдей ақылы білім алуды жағдайы көтермегендіктен, көптеген жастың еріксіз білімсіз қалып жатқаны рас. Мұның соңы елімізде білімсіз, жұмыссыз жастардың көбеюіне алып келуде.

Елбасымыз: «Бұл заман - білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылым­да болатын уақытқа келдік», - деп, болашағы­мыз үшін білімнің маңызы зор екенін атап айтып жатса да, елімізде білім алуға ұмтылған жастарға кедергі жетерлік. Соның айғағы, статистикаға сенсек, соңғы жылдары еліміздегі студенттер санының айтарлықтай азайып келе жатқаны байқалады. Кім бала­сы­ның білімді болғанын қаламайды дейсің. Әйтсе де, жомарттың қолын жоқтық байлайтынындай, грантқа балы жетпеген жастардың бәрінің бірдей ақылы білім алуды жағдайы көтермегендіктен, көптеген жастың еріксіз білімсіз қалып жатқаны рас. Мұның соңы елімізде білімсіз, жұмыссыз жастардың көбеюіне алып келуде.

Әсіресе тұрақты жұмысы жоқ, алдындағы малымен ғана күн көріп отырған ауыл қазағы үшін баласын ақылы оқыту арманға айналып бара жатыр. Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәді­бековтің биылғы жылдың маусым айында жасаған мәлімдемесінде «Қазақстанда жұмыс­сыздардың 71 пайызын ауыл жастары құраса, олардың 76 пайызының жоғары бiлiмi жоқ» деп келтірген статистикасы да осы сөзімізге дәлел бола алады. Шыны керек, қаладағы білім мен ауыл мектебінің берген білімін салыстыруға келмейді. Ауыл түлектерінің басым бөлігі интернетпен жабдықталмақ түгіл, компьютер мен интерактивті тақтаның не екенін білмеген күйі 11 жылдықты тамамдайды. Осыдан кейін келіп оларға мемлекеттік гранттың иегері бола алмады деп кінә тағу да артығырақ. Амал жоқ, ақылы оқу орнына түсуге мәжбүр. Ал ақылы оқуды кез келген ауыл баласының қалтасы көтере бермейді. Алғашқы жылдары ауыл қазағы қолындағы соңғы малын сатып болса да баласын оқытқанды тәуір көретін. Қазір ауылдағы қазақтың да малы таусылды. Осыдан келіп, ауыл баласының қаладағы қымбат оқуға қайтсе де қолы жетпейтіні байқалады. Ал оқу ақысы жыл өткен сайын қымбаттап барады. Нәтижесінде мектептік орта білімді ғана қанағат еткен жастар саны көбейе түсуде. Егер осылайша ауылдағы білімсіз ұрпақ саны көбейе берсе, күні ертең халқымыздың да сапалық көрсеткіші төмендей берері анық. Бұл еліміздің болашағы үшін де қауіпті.

Айта кетер жайт, соңғы екі-үш жылда сырттай оқу бөлімінде оқитын студенттер саны айтарлықтай өсе түскен еді. Мұны мамандар сырттай оқу бөлімінің күндізгі оқу бөліміне қарағанда сәл де болса арзан болуымен және студенттердің бос уақы­тын­да жұмыс істеп, өз оқуының ақшасын өзі төлеуге ұмтылуымен түсіндірген еді. Өкінішке қарай, биылғы оқу жылынан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарында сырттай оқу бөлімдері де толық жабылды. Осылайша, қазақ жастарының білім алу мүмкіндігі жыл өткен сайын шектелуде. Мүмкін, білім сапасын көтеру үшін сырттай оқу бөлімдерін жабу дұрыс та шығар. Жоғары оқу орындары үшін оқу ақысының арзан болуы да тиімсіз шығар. Ендеше, грант саны көбейтіліп, қайткен күнде ұрпа­ғымыздың білімсіз атанбауы жолдары қа­рас­тырылуы керек еді. Мәселен, биыл ке­шен­ді тестілеуге қатысуға 65 мың 168 талапкер өтініш білдірген. Ал кешенді тестілеуге бөлінген грант саны - небәрі 2700 ғана. Демек, қалған 63 мың талапкер ақылы білім алуға мәжбүр. Ал 63 мың жас­тың бәрінің бірдей ақылы оқуға шамасы жете ме? Статистикаға сенсек, елі­мізде гранттан гөрі, ақылы бөлімде оқитын студенттер саны басым. Ал ақылы білім алуға да шамасы жетпей жүрген жастар саны бұдан да көп.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі студенттер қатарының жыл санап азайып бара жатқаны байқалады. Мәсе­лен, 2007-2008 жылдары еліміздегі ЖОО-да 717 053 студент білім алса, 2008-2009 жылдары олардың саны 633 814-ке түс­кен, ал 2009-2010 жылдары студенттер саны 610 264-ке дейін азайған. Әр жаңа оқу жылы сайын оқу ақысының өсе түсуі студенттер санының азаюына ықпал етуде. Мәселен, бүгінгі таңда Алматы қаласында­ғы Қазақ-британ техникалық университе­тінің қаржы-мұнай саласындағы маман­дықтарының ақысы жылына 1,5 млн теңгеден ас­қан. Осылайша, оқу ақысының көшін 1 500 000 теңгелік мамандықтар  бастап тұрса, шамамен оқудың «ең арза­ны» - 250-300 мың теңге аралығында. Бір үйде екі студент болса, шамамен жыл сайын оқу ақысының өзіне 500-600 мың теңге керек екен. Ауыл қазағының бәрінің бірдей ал­дын­да мыңғырған малы жоғын ескерсек, ауыл қазағы үшін құны миллион теңгелік оқу орнының есігі жабық. Осы бетімен кете берсе, ЖОО бұдан былай байдың бала­лары ғана оқитын жерге айна­лары анық. Талай ғалым мен дарын­дының ауылдан шыққанын ескерсек, мұ­ның ауыл жастарына жасалып отырған көпе-көрнеу қиянат екені даусыз. Ең құрығанда еліміздің бо­лашағы үшін білімді қолжетімді ету керек-ақ еді. Әйтпесе 76 пайыздық білімсіз ауыл жастары санының одан әрі өсуінің мемлекеттің келешегіне қауіп төндірері анық.

Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі:

- Біліммен қаруланған ел ғана қуатты мемлекетке айналады. Алайда біз әлі күнге білімді халыққа қолжетімді ете алмай отырмыз. Білімсіз жастар санының көбеюіне қоғам ықпал етіп отыр. Оқу ақысы жыл өткен сайын қым­баттап барады. Оны ешкім бақылап отыр­ған жоқ. Ал қымбаттаған оқу орындарының бағасы елдің әлеуметтік жағдайын есепке алар емес. Мемлекет тарапынан бөлінген грант саны жастар­дың бәріне жете бермейтіндіктен, ең болмаса оқу ақысын бақылауға алуы­мыз керек еді. Сондықтан оқу ақысын бақылауды тез арада қолға алып, жастардың білімсіз қалмау жолдарын қарастыруымыз керек. Әйтпесе білімсіз жастармен қатар, жұмыссыз жастар санының өсуі қоғамның қалыптасуына кері әсер етеді.

Айта кетер жайт, алдағы уақытта газет бетінде қозғалған әрбір мәселенің түйіні шешілмеген, күрмеуі қиын мәселе күйінде қалып кетпеуі үшін Мәжіліс депутаттарымен бірге жұмыс істеуді қолға алып отырмыз. Мәселе қозғау - бізден, мәселенің шығу жо­л­­­дарын қарастырып, тиісті құзырлы орын­­дарға сұрау салып қана қоймай, қажет кезінде депутаттық сауал ретінде көтеру де халық қалаулыларының еншісінде болмақ. Сондықтан білім алуы қиындаған жастар мәселесін Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков мырзаға аманаттадық.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Мәжіліс депутаты:

- Білімнің халыққа қолжетімділігін арттыру - біздің партияның басты ұстанымы. Сондықтан алдағы уақытта аталмыш күрделенген мәселені жан-жақты зерттеп, мәселенің шығу жолда­рын қарастыруды мойныма аламын. Тіпті ЖОО-мен жұмыстар жүргізе оты­рып, олардың оқу ақысын қаншалықты талапқа сай көтеріп отырғанын, жыл сайын қай университет әлеуметтік жағдайы төмен қанша студентке көмек көрсетіп отырғанын да анықтап, олар­дың осы бағыттағы жұмыстарын одан әрі дамыту бағытында жұмыстар жүр­гізгім келеді. Жалпы, ұрпағымыздың білімсіз қалмауы үшін біз қоғам болып бірге жұмыс істеуіміз керек.

Автор: Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1683
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1639
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1368
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1302