Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
2390 5 пікір 19 Қаңтар, 2022 сағат 15:04

ҰҚШҰ әскері толық шығарылды

Ресейдің әскери-көлік авиациясының соңғы төрт ұшағы Қазақстаннан Ресейге ұшып кетті. Ішінде ҰҚШҰ күштері мен бітімгерлер жетекшісі бар.

"Бортта бітімгерлері бар Ресейдің әскери-көлік авиациясының төрт ұшағы Қазақстанның Нұр-сұлтан және Алматы әуежайларынан ұшып шықты", - делінген хабарламада.

Осы төрт ұшақпен генерал-полковник Андрей Сердюков бастаған бітімгерлердің соңғы бөлімшелері мен бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы елдеріне қайтты.

Бұған дейін Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен Армения, Беларусь, Тәжікстанның бітімгершілік контингенттері үйлеріне қайтқан. Қырғызстаннан келген бітімгерлер штаттық техника мен қару-жарақпен колонна құрамында шеру жасап, үйлеріне оралды.

Abai.kz

 

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1659
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1591
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1335
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1273