Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Талқы 5076 8 пікір 29 Желтоқсан, 2021 сағат 01:19

Кірме сөз және қазақтар

Осы проблема ең өзекті. Өзекті болатыны өзімізде жоқ ұғым-түсініктердің баламасын тауып, не болмаса, орыс тіліндегіше алу дәстүріне көзіміз үйреніп кетті. Біз бұнымен алысқа бармаймыз. Тіліміз тоқырап, орыс тілінің қазақшаланған қойыртпақтауы процесіне ұрынамыз.

Тіл дамуы үшін бабаларымыздан мұраға қалған өзінің 28 әріптік (дыбыстық) төл табиғатына сай өзге тілден сөз қабылдауға тиіс. Қазақ сөз қабылдайтын үш ірі тіл бар: ол – орыс, түрік және ағылшын.

Мың ғасырлық тіл дамуында техникалық және іліми-білімдік сөздерді дәстүрді бұзбай ұстанушылар қазір қолөнершілер мен ұсталар ғана. Бұлар ұлтымыздың 0,001 пайзын құрайды. Тіл тазалығы мен термин қаймағының бұзылмауын тек осы топқа жататын ұлт өкілдері ғана қамтамасыз етіп отыр.

Қалған салалардағылар орысша жазып, орысша айтып не болмаса ешкім түсінбейтін, қалған жұрт еш қабылдағасы келмейтін жаңа сөздерді қолданысқа енгізбек болып әлек. Және бір жаман ғадет – сала маманы болмаса да, тілге жаңа сөз енгізуді тілшілер мен аудармашылардың еркіне беріп қою тірлігі тілімізді тұралатып бітті. Бұл енді өзің білме, білгеннің тілін алма дейтін тірлік.

Кирилл жазуы сөз басталмайтын, тек сөз ортасы мен соңында келетін и, е, р, л және у дыбыстарына қатысты транскрипция қабылдауға мүмкіндік бермеді. Ана тілімізде табиғаты жат тр, пр т.б. дауыссыз тіркесімдерді сөз етпеген, дауыстылардың а-о, е-а сынды бір сөздің ішінде қолданылмайтын дыбыс тіркесімі тілімізге еніп, бәрін ала тайдай бүлдіріп келеді. Екінші буында еріндіктердің е, ы, і болып жазылуының бірізге түспеуі де кірме сөз қабылдауда қолбайлау болуда.

Тіліміздегі төл сөздеріміздегі 28 дыбыстың ұшырасуының жөн-жосығын, жазылудағысының айтылудағы транскрипциясын жасап алған соң, өзімізде жоқ ұғым-түсініктерді баламасын тауып, не болмаса, орыс тіліндегінше алу дәстүрінен арылуға көшіп, орыс, түрік және ағылшын тілдерінен сөз қабылдау дәстүрін жолға қоюымыз керек.

Бабаларымыздан мұраға қалған тілді таза күйінде сақтап, ұрпақтарымызға аманат етейік!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2158
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2564
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2431
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1665