Сенбі, 4 Мамыр 2024
2736 0 пікір 28 Желтоқсан, 2021 сағат 13:06

"Nur Otan" сайлауалды бағдарламаларын орындауда

"Nur Otan" партиясы атынан сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаттары спорт және қалалықтардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.

2021 жылы Жол картасы аясында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысында, мектептердегі 54 спорт алаңы қайта жөндеуден өткізілді. Оның үстіне жаңа алаңдар әмбебап қолданыста болады: бір жағынан мектептегі дене шынықтыру сабағына ыңғайлы болса, екінші жағынан физикалық жаттығулар мекеніне айналады.

Сонымен қатар, қала аулаларында , саябақтар мен алаңдарда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен 97 «Workout» алаңы іске қосылған. көзделеді.

Алматы Мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров: «Біз алаңдарды жоғары деңгейлі – көп функционалды, спорттық әрі қауіпсіз етуді көздедік. Бұл алаңға мектеп оқушылары ғана емес, қала тұрғындары да келіп жаттыға алады»,-деді.

Бүгінгі күні көпшілік арасында спорт пен салауатты өмір салтын дамыту мәслихат депутаттарының басты жұмыстарының бірі деді, -хатшы.
«Қаламыздағы алаңдарда аудандық , облыстық түрлі жарыстардың өткенін қалаймыз. Бүгінгі күні алматылықтардың көпшілігі: жастар болсын, кәсіби спортшылар, қалалықтар спортпен шұғылданады. Алаңдарда адам көп болып, орын болмай қалуы мүмкін», - деген сенімде С.Канкуров.

Сонымен қатар қала жоспарында сауықтыру дене тәрбиесіне арналған үш кешен мен шаңғы трамплині нысандары құрылыс аяқтау бар.
Қазіргі уақытта сауықтыру және дене тәрбиесіне арналған алты нысанның құрылыс жүргізілуде. Оның үшеуі «Құлагер» ықшам ауданында, «Айнабұлақ-2», «Кемелде»салынуда. Жыл соңына дейін жұмысты аяқтау көзделеді. Сауықтыру жәе дене тәрбиесі кешені «Алатау» (ИЯФ) , «Жас-Қанат» аудандарында келесі жылы аяқталады.

Ал жол картасына енгізілмеген «Зерделі» ықшам ауданындағы сауықтыру және дене тәрбиесі кешені, келесі яғни 2022 жылы қолданысқа беріледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1046
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 929
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 689
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 786