Сенбі, 4 Мамыр 2024
2164 12 пікір 28 Желтоқсан, 2021 сағат 12:52

Ревакцинацияға ресейлік вакцина әкелінеді

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға ревакцинацияға "Спутник Лайт" вакцинасының миллион дозасы жеткізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова айтты.

"Жеткізушілермен күн сайын келіссөз жүргізіледі. "Спутник Лайт" бойынша алдын ала келіссөз жүргізілді. Әзірге 2022 жылдың бірінші тоқсанында бір миллионға жуық доза жеткізіледі. Желтоқсанның аяғы - қаңтардың басы - алғашқы 150 мың доза. Жеткізу туралы келісім бар", - деді Есмағамбетова Үкімет отырысы алдында.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" ревакцинацияға жарамсыз деп түсіндірген болатын. Өйткені оның құрамында екі түрлі компонент бар.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1052
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 933
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 693
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 790