Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3876 0 пікір 31 Тамыз, 2012 сағат 07:22

Әбдіуақап Қара. Бішкек Саммиті: Тәуелсіз Түркі елдерінің туы өмірге келді

Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында 2012 жылы, 22-23 тамыз күндері өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің ІІ саммитінде бір қатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Осы келісімдер аясында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі туының қабылдануы аса зор маңызға ие болды. Өйткені бұл ту бұдан былай тәуелсіз Түркітілдес мемлекеттердің ортақ туы ретінде де қабылданады. Атап айтқанда,  кеңеске мүше төрт түркітілдес мемлекеттің туларындағы басты  белгілер ортақ тудан көрініс тапты.

Саммите сонымен қатар жалпы түркі тарихы мен мәдениетін зерттеп бүкіл әлемге насихаттайтын және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы Нахчыван саммитінде жасаған ұсынысымен құрылып, екі жыл бұрын Қазақ¬станның басқаласы Астанада тұсауы кесілген Түркі академиясы ха¬лықаралық статусқа ие болды.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің ІІ- Саммитіне қатысқан мемлекет басшылары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қар¬жы¬лық ережелері туралы, Түркі академиясын құру туралы, Түркі мәдениеті мен түркі мұрасына қолдау көрсету қо¬рын құру туралы келісімдерді қамтыған Бішкек декларациясына да қол қойды.

Өткен жылы Алматы Саммитінен бері Қазақстанда болған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төрағалығы Қырғызстанға өтті.

Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында 2012 жылы, 22-23 тамыз күндері өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің ІІ саммитінде бір қатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Осы келісімдер аясында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі туының қабылдануы аса зор маңызға ие болды. Өйткені бұл ту бұдан былай тәуелсіз Түркітілдес мемлекеттердің ортақ туы ретінде де қабылданады. Атап айтқанда,  кеңеске мүше төрт түркітілдес мемлекеттің туларындағы басты  белгілер ортақ тудан көрініс тапты.

Саммите сонымен қатар жалпы түркі тарихы мен мәдениетін зерттеп бүкіл әлемге насихаттайтын және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы Нахчыван саммитінде жасаған ұсынысымен құрылып, екі жыл бұрын Қазақ¬станның басқаласы Астанада тұсауы кесілген Түркі академиясы ха¬лықаралық статусқа ие болды.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің ІІ- Саммитіне қатысқан мемлекет басшылары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қар¬жы¬лық ережелері туралы, Түркі академиясын құру туралы, Түркі мәдениеті мен түркі мұрасына қолдау көрсету қо¬рын құру туралы келісімдерді қамтыған Бішкек декларациясына да қол қойды.

Өткен жылы Алматы Саммитінен бері Қазақстанда болған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төрағалығы Қырғызстанға өтті.

Біздің ойымызша, Бішкек Саммитінің ең маңызды да тарихи шешімі осы Түркі кеңесіне ту белгілеу болды. Кеңеске мүше төрт елдің жалауларынан алынған түс пен белгілерден жасалған осы туды сонымен қатар Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия елдерінің ортақ байрағы ретінде де көру қателік бола қоймас.

Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлы осы тудың мақұлдануын Түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық кеңесінің институттану барысындағы жаңа бір қадам ретінде бағалады.Ол, орынды түрде "бұл жалау, Түркітілдес елдерді бір-біріне одан әрі жақындата түседі" деді.

Саммитте қабылданған маңызды шешімдердің тағы бірі, жоғарыда атап өткеніміздей, Түркі Академиясының халықаралық статус алуы болды. Сонымен екі жылдан бері Астанада тек Қазақстан мемлекетінің мүмкіншіліктерімен қызмет атқарып келе жатқан Академия жұмысының ауқымын мұнан кейін Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия елдерінің қосатын үлестерімен кеңейе түсері анық.

Белгілі ғалым, түрколог, профессор Шәкір Ыбыраевтың басқаруында екі жылда академия түркі тарихы мен мәдениетіне қатысты бір қатар маңызды еңбектерді жарыққа шығарды. Халықаралық көлемде ғалымдардың қатысуымен, ішінде «Түркі дүниесі» атты халықаралық альманах (көлемі - 724 бет) және түркі әлеміндегі кесек туындылардың «Асыл мұра» атты антологиясы (көлемі - 570 бет)  бар, 30-ға жуық еңбек жарияланды. Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты зерттеулер мен еңбектер енді Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия елдерінің белсенді қолдауымен  еселей көбейтіні күмәнсіз.

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Бішкек саммитінде қабылдаған ту Түркі халықтарының ынтымақтастық тарихында маңызды құбылыс. Өйткені Қазақстан байрағынан түсін,  Қырғызстан байрағынан күнді, Әзербайжан байрағынан жұлдызды, Түркия байрағынан айшықты алған байрақ мүше елдердің ортақ туы іспеттес.

Ту осы сипатымен Түркі кеңесіне мүше бүкіл елдердің байрақтарын бір байрақта жарасымды түрде сомдауда табысты жұмыс атқарған. Дегенмен бұл байрақты біз уақытша байрақ ретінде көріп отырмыз. Өйткені бұл туда қазірге дейін мүшелікке өтпеген, бірақ Түркі кеңесінің табиғи мүшелері болып саналатын Түркменстан мен Өзбекстан туларының белгілері жоқ. Сондықтан келешекте осы елдерде кеңеске мүшелікке өткен жағдайда байрақтың түр түсінің де өзгертілуі күнтәртібіне енбек. Жаңа байраққа осы екі елдің байрақтарынан да нышандар берілуі қажет. Сонда тарихта алғаш рет тәуелсіз Түркі мемлекеттері үшін бірыңғай байрақ жасалған болады. Бұл - Түркі халықтарының ынтымақтастығы  әлемнің өзге халықтары арасындағы ынтымақтастықпен салыстыруға келмейтіндей тереңде жатқандығын, атап айтқанда мыңдаған жылдық ортақ тарих пен мәдениеттен нәр алатындығының дәлелі.

Тарихқа көз жүгірткенімізде Түркі мемлекеттерінің бірыңғай жалауын жасау алғаш рет 1920 жылы Самарқанда іске асқанын көреміз. Большевик күштеріне қарсы ұлттық азаттық күресін жүргізген Түркістан ұлттық одағы ұйымы 1920 жылы, 5-7 қыркүйекте Самарқанда бас қосқан ІІ құрылтайында бір тұтас Түркістанның ұлттық жалауының түсі мен түрін қабылдаған еді. Осы жалауды жасаған комиссияның құрамында Зәки Уәлиди, Төреқұл Жанұзақов және Мунаууар Қари сынды сол кездің маңызды мемлекет қайраткерлері мен зиялылары бар еді. Комиссия байрақтың түсі үшін Салчұк, Қараханид пен Темір мемлекеттерінің қызыл туларының түсін таңдады. Ортасында айшық пен жұлдыз орын алған байрақта тоғыз жолақ орын алды. Бұл жолақтардың бесі қызыл, төрті ақ түсті еді. Сондай-ақ сабында бөрі басы болған тудың төрт шетіне көгілдір жолақ жүргізілді. Бұл жолақтың түсі  Шыңғыс ханның туынан алынған еді.

Түркістан ұлттық одағының негізі қаланған І құрылтай 1920 жылдың маусым айында Бұқарада өткізілген еді. Оған Башқұртстан, Қазақстан және Құлжадан зиялылар мен Ферғана Басмашы әрекетінің өкілдері шақырылған. Жиналысқа қатысқандар арасында башқұрттардан Зәки Уәлиди, Сейіткерей Мағазов, Ферғана басмашыларынан Ширмәмет Бек, Елдерхан Мутин, Харис Игликов, Рахманкұл Корбашы, Мұстафа Шахкули, түрікмендерден адвокат Какажан Бердиев, қазақтардан Алашорда өкілі Хайреддин Балғынбаев, Мұхтар Әуезов және Дінше бар еді.  Сондай-ақ Бұқара мен Ташкент зиялылары атынан Мунаууар Кари, Абдулкадир Мухиддинов, Файзуллах Хожаев және Садреддин Айни секілді тұлғалар да жиналысқа қатысты.  Талқылаулар нәтижесінде Өзбекістанның "Жадиттер" партиясы мен "Ерк" партиясы және Қазақстанның "Алашорда" партиясының тізе қоса отырып жұмыс істеуі жөнінде шешім қабылданды. Бұл үшін Уәлиди ұсынған жеті баптан тұратын ортақ платформа мақұлданды. Бұл платформаға "Орта Азия Мұсылман Ұлттық Бұқарасы Төңкеріс Қоғамдарының Одағы" деген ат берілді.  Платформаның аты кейін Түркістан ұлттық одағы болып өзгерді. Бағдарламаға төмендегі жеті бап енгізілді:

1. Азаттық,

2. Демократиялық республика,

3. Ұлттық армия,

4. Экономикалық басқарудың, темір жол құрылысы мен каналдар құрылысының Түркістанның тәуелсіздігіне сәйкес жүргізілуі.

5. Ағарту ісін жаңашылдандыру және Батыс өркениетімен тікелей байланысып арадағы орыс дәнекерлігін жою,

6. Ұлт мәселесінің, халық ағарту мен табиғи байлықтарды пайдалану секілді мәселелердің, этникалық топтардың халық санына қарай шешілуі.

7. Дінге толықтай бостандық берілуі және дін мен мемлекеттік істерді бір-бірінен ажырату.

Түркістан ұлттық одағы Большевиктердің елде үстемдік орнатуынан кейін күресін шетелдерде жалғастырды. Осы кезде, ІІ құрылтайда, белгіленген туға жаңа түс пен пішін беруге тура келді. 1927 жылы Мұстафа Шоқай, Тахир Шағатай және Междеддин Дәлел сынды қайраткерлер қатысқан жиналыста Түркістан ұлттық жалауының түр-түсі өзгертілді. Оған бұрынғы тудағы өрнектердің күрделі болуы себеп болды.  Сөйтіп ол күрделіліктің туды жасап алуды қиындастырғаны аталып өтілді. Бұрынғы туды жасаудың шетелдегі тұрмыстың ауыр жағдайында одан әрі қиындасып жатқаны ескеріліп, Түркістан ұлттық туының   қарапайым болуы жөнінде шешім қабылданды. Сөйтіп, Темір мемлекетінің қызыл түсі мен Түркістан республикасының көк түсінен құралған жаңа тудың ортасына айшық пен жұлдызды қою  ұйғарылды.

Түркі елдерінің ортақ туына қатысты тарихты екшей келіп айтарымыз, мүмкін, келешекте Өзбекстан мен Түркменстан  мүшелікке өтіп жатса, Түркітілдес мемлекеттер  кеңесі туының соңғы түр-түсі сабының ұшында бөрі басы, ортасында айшық пен жұлдыз және алты тәуелсіз түркі мемлекетті белгілеген алты жолақты болар деген ойдамыз

Сонымен, қорыта айтқанда, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бішкектегі ІІ саммиті табысты өтті. Мемлекет басшылары туысқан елдердің ынтымақтыстығы мен бірлік-берекесі туралы маңызды келісімдер мен шешімдерге қол қойды. Ендігі мәселе    түбі бір Түркі халақының зиялылары мен өнерпаздарының, ғалымдары іскер азаматтарының  бірігіп белсенді түрде іске кірісуінде болып отыр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір