Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
3287 9 пікір 15 Желтоқсан, 2021 сағат 16:02

АҚШ: Қазақстанмен сенімді серіктес болғымыз келеді

Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ұзақ мерзімді серіктесі болуға және жасыл экономикаға көшуге көмектесуге дайын. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Дональд Лу айтты.

Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Америка стратегиялық әріптестігін кеңейту жөніндегі комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде ол Америка Құрама Штаттары Қазақстанның сенімді серіктесі екенін мәлімдеді.

«Осы 30 жылда біз 37 миллиард доллар инвестиция құйдық. Біз болашақта Қазақстанның серіктесі болғымыз келеді, «жасыл экономикаға» көшуге атсалысқымыз келеді. Біз жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салғымыз келеді. Жел, күн энергиясы, су энергиясы. Біздің елдеріміз тарихтағы ең берік қарым-қатынастарға ие. Қазір біз Ковид-19, жаһандық жылыну, Ауғанстандағы дағдарыс сияқты кейбір қиындықтарға тап болдық. Америка Құрама Штаттары көп жылдар бойы Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді деп сенемін. Мен осында болып, сіздермен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлап жатқаныма қуаныштымын», - деді Дональд Лу.

Оның айтуынша, екі ел экономиканың түрлі салаларында, әсіресе мұнай-газ секторында белсенді жұмыс істеуде. Бір күн бұрын Ташкентте Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, инвестиция және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаковпен келіссөздер кезінде Дональд Лу АҚШ пен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынасқа қатысты осындай мәлімдеме жасаған болатын.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2037
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2470
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2052
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1594