Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
2360 2 пікір 10 Желтоқсан, 2021 сағат 15:52

40 млрд теңгенің субсидиясы желге кеткен

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжановтың айтуынша, елімізде соңғы бес жыл ішінде ауылшаруашылығына арналған субсидияға 2 трлн теңге бөлінген. Отандық ет өнімдеріне ішкі сұранысты қанағаттандыру мақсатында, ет өндірісін дамытуға 465 млрд теңге субсидия бөлінген.

Бірақ, субсидия алған шенеуніктерге қатысты қылмыстық істер тоқтаған емес.

«Егер жалпы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 960 қылмыс тіркелген болса, олардың жартысынан астамы (54%) субсидия жымқыруға қатысты. Жүргізілген талдау бюджет қаражатын бақылаусыз пайдаланудың өрескел деректерін, көптеген сыбайлас жемқорлық схемалары мен субсидияны ұрлау тәсілдерін ашты», - деді Ахметжанов.

Қазіргі таңда Антикор 62 қылмыстық істі тергеп жатыр.

Антикор  Ауыл шаруашылығы министрлігінің субсидияға арналған 13 бұйрығына сыбайлас жемқорлықты жояға арналған 170 ұсыныс енгізген.

Соған қарамастан Ұлттық аграрлық ғылыми орталықтың бірқатар қызметкерлері жануарларды сәйкестендіру базасындағы деректерді өзгертіп, сыйақы алып отырған.

«Ақтөбе облысында осы орталықтың қызметкері басқаратын қылмыстық топ анықталды. Тінту кезінде фермерлердің ЭЦҚ-сы бар 400-ден астам флешка мен олардың 300 млн теңгеден астам кіріс алғанын көрсететін қара бухгалтерия табылды. Жағдайды талдау осы бағдарлама бойынша субсидиялардың шамамен жартысы, яғни 40 млрд-ы желге кетіп қалғанын айтады», - дейді Антикор басшысы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1963
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2291
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1880
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1553