Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Арылу 4101 5 пікір 10 Желтоқсан, 2021 сағат 13:02

Панфилов қашан Орбұлаққа орын береді?!

Құрметті Қанат Алдабергенұлы!

Жаңа қызметіңіз құтты болсын! Ел үшін еңбек ете беруіңізге тілектеспіз. Сізге үлкен үміт арта отырып, ниеттес, тілектес Панфилов ауданының бір топ азаматтары төмендегі қордаланған мәселелерді өзіңізге жеткізуді жөн деп таптық.

1. Панфилов ауданының атын ауыстыру туралы мәселе көтерілгеніне, міне, табаны күректей 20 жыл болды. Алайда түрлі сылтаулармен кейінге ысырылып келеді. Қазақстан мен Қытайдың Қорғастағы шекарасынан бері өткенде алдыдан Панфилов ауданы шығады. Келген-кеткен жолаушы бұған бір таң қалса, Панфиловтан кейін Ұйғыр ауданына тап келіп, екі таңғалуы мүмкін. Мемлекеттің аты Қазақстан болғаннан кейін шекара түбіндегі елдімекендердің ат-атауыда қазақы болуы керек. Қазақстанда генерал Панфилов атындағы елді-мекендер жетіп артылады. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды. Панфиловты білмейтін жастар жетерлік. Сондықтан өзіміздің менталитетімізге жақын атауларды қойғанымыз дұрыс.

2. Панфилов ауданына соңғы алты-жеті жылда бес әкім келіп, бес әкім кетті. Ауданымыздың 70%-ы қазақтар, қалғанын өзге ұлт өкілдері құрайды. Өзіміздің елдің, жердің жағдайын білетін азаматтар неге әкімдікке тағайындалмайды? Ауданымызда білікті, білімді жастар жетерлік. Сондықтан өз жеріміздің, еліміздің жағдайын білетін жастардан әкімдікке сайласақ, ұтпасақ ұтылмаймыз. Сырттан келген әкімдер ел жағдайын білмегендіктен ауданда ұлтаралық қақтығыстар, батырларға қойылған ескерткіштерді қорғау, ақын-жазушылардың мерейтойларын тойлау жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмеуде. Ауданда идеология жұмысы тұралап, құлағалы тұр.

3. Ауданда жер-су аттарын өзгерту жұмыстары өте баяу атқарылуда. Атап айтқанда, Лесновка, Тұрпан, Садыр, Шежін, Нәдек, Сүптай, Пенжім, Ават, Розыбакиев атындағы орта мектеп, Ават орта мектебі, Пенжім орта мектебі, Крупская атындағы орта мектеп, Ақжазық ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектеп (ауданда Жамбыл атында 2 мектеп бар) әлі күнге дейін өзгертілмей келеді.

Лесновка, Пенжім, Ават, Тұрпан, ауылдың атауларын өзгертуге ауыл тұрғындары келісім беріп отыр.  Осы мекен-жайлардың атын ауыстыруға ықпал етуіңізді сұраймыз.

Құрметпен:

С.Дәуіт - филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

Г. Қастеева - заңгер, атақты суретші Ә. Қастеевтің қызы;

Е. Сәрсебеков - медицина ғылымдарының докторы, екі дүркін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

Ж.Қорғасбек - жазушы, Тәуелсіз Тарлан - Үміт сыйлығының иегері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

Н.Байсақалова - Қазақстанның Құрметті журналисі, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

А. Қармысов - Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ҚР Кәсіподаққа еңбегі сіңген қайраткер, Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық байқаудың лауреаты;

И. Үркімбайұлы - ақын, Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одағының мүшесі, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

Ә.Кәрібжанов - Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

Б.Қожахмет - Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

Д.Наймантаев - Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

А.Бұлғақов - айтыскер ақын, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

Б. Көбенбаев - еңбек ардагері, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

Ә. Ыбырайымов - еңбек ардагері, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

М. Жарлығапов - Еңбек және тыл ардагері, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

К. Сералиев - Еңбек ардагері, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

А.Көдеков - кәсіпкер;

Д.Әлімжанов -  Жаркент қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы;

А.Әлімжан - желтоқсаншы;

Р. Қараева - ақын, Қазақстан Журналистар Одағының мүшесі,  «Алматы Ақшамы» газетінің жауапты хатшысы;

А.Исабекова - Жаркент педагогикалық колледжінің оқытушысы;

Р.Ыстай - Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі;

Т.Тоқабаев - Панфилов аудандық ішкі істер органының, Панфилов ауданының Құрметті азаматы;

Е. Жұмаділов - Еңбек ардагері;

С. Жұмаділов - Панфилов ауданының Құрметты азаматы;

Ж.Таштахметова - Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі;

Н.Әбдіғаниұлы, Abai.kz порталының Бас редакторы, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Халықаралық ТҮРКСОЙ сыйлығының иегері;

Бұдан басқа  20 адам қол қойды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1766
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1744
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1466
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1376