Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2273 0 пікір 10 Шілде, 2012 сағат 18:25

Асылнұр Орынбек. Оңтүстікте мақта өңделіп, жүн түтіледі

Оңтүстiк Қазақстан облысының iрi өнеркәсiп орындарының бiрi - «Оңтүстiк» арнаулы экономикалық аймағы. Мұнда бiрнеше жаңадан салынған кәсiпорын жұмыс iстеп тұр. «Оңтүстiк» арнаулы экономикалық аймағы 2005 жылы мақта кластерi мен мата өнеркәсiбiн дамытуды қолдау үшiн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылған. Сол «Оңтүстiк» арнаулы экономикалық аймағында пайдалануға берiледi деп жоспарланған үш фабриканың қазiр екеуi жұмыс iстеп тұр. Үш фабрика жобалық қуатына толық жеткенде, облыс аумағында өсiрiлетiн мақта шикiзаты мен мақта талшықтарының 40 пайызы осында өңделетiн болады.

Жұмысы қарқын алып отырған кәсiпорындардың бiрi - «Шымкент Кашемир» ЖШС-i. Бұл зауыттың негiзгi мақсаты - Қазақстандағы қой жүнiнен түбiт айырып, жiп иiру, содан дайын өнiмдер шығару. Жобаны жүзеге асыруға 560 миллион теңге қаражат жұмсалды. Қой жүнiнен түбiт айыратын бұл өндiрiс орны жылына 20 мың тонна шикiзат өңдеп, осы аймақта тұратын 270 адамды жұмыспен қамтымақ. Зауыттың өнiмiне деген сұраныс Батыста да, Шығыста да жоғары. Оның негiзгi себебi - экологиялық таза әрi сапалы өнiм. Ал арнайы экономикалық аймақта жасалған жеңiлдiктердi ескерсек, «Шымкент Кашемир» зауыты шығарған тауардың экспорттық әлеуетi анағұрлым арта түспек.

«Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағында алдағы 3-4 жыл көлемiнде осы секiлдi 30-дан астам iрiлi-ұсақ зауыттар мен фабрикалар iске қосылады деп күтiлуде. Сонымен қатар, мұнда тасымалданатын шикiзат, өндiрiлген дайын өнiмдердi сақтайтын қойма, тауар тасуға қажеттi темiржол да салынады. Мақта-тоқыма кластерiн дамыту үшiн мемлекет тарапынан көптеген жеңiлдiктердiң жасалуы жобаның ойдағыдай жүзеге асатынына кепiлдiк бередi. Жоспар бойынша, 2015 жылға қарай Оңтүстiк Қазақстан облысында өндiрiлетiн мақта толық көлемде өзiмiзде өңделуi тиiс. Кедендiк одақтың құрылуына байланысты Оңтүстiктегi мақта-тоқыма кластерi аясында құрылған кәсiпорындардың өнiмiн экспортқа шығару мүмкiндiктерi де анағұрлым арта түсетiнi белгiлi. Себебi, Ресей, Белорусь және Қазақстанда қазiргi таңда 170 миллион халық тұрады. Ал кедендiк одаққа жақын болашақта Қырғызстан мен Украина да кiруi мүмкiн екенiн ескерсек, отандық өнiмдердi кедендiк баж салықтарын төлеместен осы елдердiң нарығына шығаруға жол ашылмақ. Ал бұл өз кезегiнде қазақстандық тоқыма өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыра түспек.

Оңтүстiк өңiрi индустриясы дамыған аймақ екендiгiн айғақтайтындай игi iстер жеткiлiктi. Ең бастысы, «жасаймын» деп бiлек сыбанған азаматтар үшiн мұнда мемлекет тарапынан қандай да бiр қолдау көрсетiледi.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1923
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2056
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1716
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1522