Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2910 0 пікір 16 Тамыз, 2012 сағат 09:21

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

Қыркүйектің 5-і күні ғалымның төл туған күнінде Ахмет Байтұрсынұлының 140 жасқа толуына орай, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның солисті, Халықаралық конкурстардың дипломаты Сүлейманова Жанар Мұхамет-Халелқызы арнаулы концерт береді.

2012жылы қыркүйектетің 5-і күні ХХ-шы ғасырдың реформаторы, түркітанушы ғалым, қазақ ұлттық ғылымының негізін салушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 140 жасқа толуына орай арнайы концерт өтеді. Салтанатты шараны Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйімен бірлесіп, ұйымдастырып отыр.Концерт Шәмші Қалдаяқов көшесі, 35  (қиылысы - Төле би көшесі) филармония ғимиаратының үлкен залында кешкі сағат 18.30-да өтеді.Фортепианолы музыкалық кештің солисті, АҚШ, Италия халықаралық конкурстарының дипломатыСүлейманова ЖанарМұхамет-Халелқызы.  Жанардың әкесі Мұхамет-Халел Төлебайұлы, мамандығы - физик әрі математик кеңестік рухта тәрбиеленген ұрпақтар ұғымына лайықтап Ахмет Байтұрсынұлының таңдаулы өлеңдері мен кейбір келелі қағидаларын орыс тіліне аударып, «Яркий носитель духа человечности» атты кітапшаны1998 жылы ғалымның 125 жылдық мерейтойына арнап шығарған болатын.

Шындығында, бұл Ж.Мұхамет-Халелқызының Ахаң рухына арнап отырған бұл бірінші концерті емес. 1998 жылы күзде ҚР-ның мемлекеттік симфониялық оркестрінің дирижері Әбдірашев Төлепбергеннің жетекшілігімен Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдық мерейтойына арналған концертте жеке орындаушы болған. Ал бұл концерттік шара екі бөлімнен тұрады, бағдарламада әр кезеңнің түрлі стилдегі шығармалары: еуропалық классиктердің шығармаларымен бастап, қазақ әуендерімен қорытындылау жоспарлануда. Бірінші бөлімде неміс композиторы Людвиг Бетховен мен венгер композиторы Ференц Листтің шығармалары ойналады. Мұны таңдаудағы мақсат қос композитордың шығармаларындағы көтерілген қоғами әлеуметтік тақырыптар тылмысы Ахмет Байтұрсынұлының ерік сезімімен рухтас әрі әділдік жолындағы күрескерлігі үмітке толы болып, Құдайдың хақтығына сенеді. Екінші бөлімде поляк композиторы Фредерик Шопен, орыс композиторы Михаил Глинка мен қазақ музыка өнерінде өзіндік орны ерекше этнограф композитор Александр Затаевичтің туындылары орындалады.Шопен Польшаны қанаушылардан азат етуші ұлт-азаттық қозғалыстыңқайраткерлерімен рухани жақын болды, ал Польша, Ресей мен Украинадан жер аударылғандар бір-бірімен идеялас еді, бұл Қазақ елінде Абай мен Ахметтердің өмір сүріп жатқан кезеңі болатын.  Глинканың «Айрылысу» атты түнгі музыкалық сарынындағы қайғы-қасіреттерге толы күндер Ахметтің басында да болады. Ең жақын туғандары мен сүйікті жарынан бөлек тауқымет кешу, қараңғы халқының көмескі болашағының қамын ойлау бәрі-бәрі бір-бірімен өзектесіп жатыр.

Концерт Затаевичтің өңдеуіндегі халық әндері мен күйлері негізінде қорытындылмақ. Атап айтсақ: «Ага-гу», «Арғын», «Балқадиша», «Қарғам-ау», «Құрышкан», «Әйда, былпылым!» және «Тепенкөк». Осындағы екі күйді ұлттық аспапта ойнап, жеткізуші Ахмет Байтұрсынұлы. Мұнан басқа Ахмет жеткізген бірнеше әндер бар. 1923 жылы Ахметтің 50 жас мерейтойында Затаевичтің өзі фортепианода ойнап, Ахаңа үлкен ілтифат жасаған. Өкінішке қарай, бұл көп жылдарға дейін айтылмай келді...

Жанар Сүлейманова Алматыдағы ғалым мұражайында өткен түрлі шараларға (Ахметтану оқулары т.б.) белсене атсалып келеді. Жанардың ағасы Ильяс Мұхамет-Халелұлы философ-ғалым,ол 2010 жылы әке кітапшасын қайта өңдеп, толықтырып басып, тегін таратты. Бұл марқұм М-Х.Төлебайұлының Алаштану жолындағы игі ісінің ұрпақтары тарапынан қолдау тапқанын көрсетсе керек. Әке мен баланың өмір соқпағында таңдаған мамандықтары әрқилы болса да, оларды ұлт мүддесі үшін күрескен қазақ халқының хас тұлғаларына деген ұлы құрмет табыстырып тұр.

Имаханбет Райхан Сахыбекқызы, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1199
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1094
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 829
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 967