Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2252 0 пікір 15 Тамыз, 2012 сағат 13:10

ПЕТЕКЕЛЕП ЖҮРIП КЕЛЕКЕГЕ ҚАЛДЫҚ

"Азат" ЖСДП-ның төралқа мүшесi Петр Своиктiң арыны басылар емес. Қазақтың даласында тайраңдап, суын iшiп, нанын жеген Петекең азуын айға бiлеп, қазақ тiлiне шүйiрген мұрнын шүйiре түстi. Таяуда ғана Қазақстанда мемлекеттiк тiл орыс тiлi деген сыңайдағы пiкiрiн көпшiлiкке тықпалаған едi. Своик ендi: "...қазақ тiлi мемлекеттiк тiл мәртебесiне көтерiлуi үшiн ең алдымен өзара қатынас тiл дәрежесiне жетiп алуы керек", - деп мұқатыпты. Орыс басылымына берген сұхбатында осылай деп көсiлген оппозиция өкiлiне дем берiп, арқасынан қағушылар аз емес сияқты. Әзiрге тiл мәселесiне шүйлiккен оның қолдаушысы, әрi қорғаушысы тасада отырғаны анық.

"Азат" ЖСДП-ның төралқа мүшесi Петр Своиктiң арыны басылар емес. Қазақтың даласында тайраңдап, суын iшiп, нанын жеген Петекең азуын айға бiлеп, қазақ тiлiне шүйiрген мұрнын шүйiре түстi. Таяуда ғана Қазақстанда мемлекеттiк тiл орыс тiлi деген сыңайдағы пiкiрiн көпшiлiкке тықпалаған едi. Своик ендi: "...қазақ тiлi мемлекеттiк тiл мәртебесiне көтерiлуi үшiн ең алдымен өзара қатынас тiл дәрежесiне жетiп алуы керек", - деп мұқатыпты. Орыс басылымына берген сұхбатында осылай деп көсiлген оппозиция өкiлiне дем берiп, арқасынан қағушылар аз емес сияқты. Әзiрге тiл мәселесiне шүйлiккен оның қолдаушысы, әрi қорғаушысы тасада отырғаны анық.

Тасада деуiмiзге себеп көп. Қазақ мемлекетiнiң iрге­сiн шайқап, ұлттығын жоюға барын салып жанталасқандар өзге ұлттан ғана емес, өз iшiмiзден де табылады. Түрi қазақ, тiлi орыс, дiлi мәңгүрттенген топ өкiлдерi своиктердi "айта түс" деп айтақтаумен келедi. Соған желiккен Петекең кешегiсi мен бүгiнiн ұмытып, құшағын ашқан халықтың кеудесiнен итерiп отыр. Өзiмбiлемдiкке салынған ол билiк пен бұқара халықты салыстыра отырып, "iшi бүтiн, сырты түтiн­ге" теңейдi. Оның бұл пiкi­рiн жоққа шығарудан аулақпыз. Айтса, айтқандай-ақ, билiктiң де, халықтың да сыртқы көрiнiсi қазақ мемле­кетiне ұқсайды. Өкiнiшке қарай, iшкi мәселеде мүлде басқаша жағдайды көруге болады. Десек те, елiмiздегi осындай екiжүз­дiлiктiң, аярлықтың белең алуына своик­тердiң қосқан үлесi ерекше екенiн айтпау мүмкiн емес. Мәселен, своиктер ұлттық мүддеге негiз­делген жиындар мен шерулерге қатысып, дәп бiр халықшыл азаматтай түр көр­сетуге шебер. Жұрт­тың әлеуметтiк жағдайына алаңдаушылық бiлдiрiп, ең ақыры қымбатшылықтың се­бе­бi мен салдарын сараптағанда, оған сенiп те қаласыз. Ал ақиқа­тында оның көзде­генi мен көксегенi мүлде бас­қа көрi­недi.

П.Своик Кедендiк одаққа кiрудi жақтап жарнамалаудан алдына жан салмады. Сондай-ақ Қазақстанда АЭС салу мәселесiн белсене қолдайтындардың бiрi. Осы екi нәрседен-ақ оның пиғылын аңғару қиын емес. Жалпы, қазақ қоғамындағы своиктер­дiң дiттегенi - Қазақстанды бұрынғысынша Ресейдiң отарына айналдыру. Мемле­кеттiң өткенiн өшiрiп, келе­шегiн келмеске жiберу - осындайларға жүктелген шаруа. "Қазақ және орыс тiлдерiнде жеке мектепте бiлiм берудi тоқтату керек. Сонымен қатар ағылшын тiлiнде сапалы бiлiм берудi қолға алу - ел тыныштығының кепiлi болмақ" ,- дейдi ол. Сондай-ақ қазақы қоғам қа­лыптастыру ең алдымен орыс тiлiн ұшпаққа шығару керек екен. Сонда ғана қазақ тiлiнiң мәртебесi көтерiле­тiнiн қа­дап айтқан ол өз пiкiрiнiң жүзеге асарына сенiмдi. Қа­зақстандағы оппозициялық партия деген аты бар саяси ұйымның мүшесi осылай дей­дi. Бұған партияластарының көзқарасы қандай? П.Своик­тiң алдыңғы айтқандарына "Азат" ЖСДП арнайы мәлiм­деме жасаған болатын. Екiн­шi рет мемлекеттiк тiлге соқ­тыққан Своикке қатысты партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай: "П.Своик бұрын да осындай жаңсақ пiкiрiн ара-кiдiк бiлдiретiн. Алайда мұндай бiржақты көзқарасын ашық айтпаған-ды. Соңғы кездерi мемлекет­тiк тiлге қатысты айтқан сөз­дерiне байланысты П.Своик­тiң өзiмен сөйлестiм де. "Бұл - партияның емес, менiң жеке ой-пiкiрiм. Осыған қа­тыс­ты партия қандай шешiм қабылдаса да, дайынмын" деп жауап бердi. Партиямыздың жарғысында да, бағдарламасында да мемле­кеттiк тiлдiң мәртебесiн нығайту, соған күш салу керек­тiгi жөнiнде көрсетiлген. Қазiргi билiк қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл дәрежесiне көтерiлуiне мүдделi емес. Сондықтан партиямыздың негiзгi мақсаттарының бiрi - мемлекеттiк тiл мәселесiн шешуге бағытталған.

Ал партияласымыз П. Своиктiң мәселесi төралқа жиынында қаралып, оның партия қатарында қалу-қалмауы сол кезде шешiлетiн болады",- дейдi.

"Своиктiң сандырағы "Азат" ЖСДП-ның имиджiне нұқсан келтiру мақсатында жасалған деп ойламайсыз ба?" деген сұрағымызға Ж.Тұяқбайдың нақты жауабы болмады. Десек те, партия тең төрағасының сөзiнен П.Своиктiң осыған дейiн де мемлекеттiк тiлге, ұлттық мәселеге қатысты оғаш ой бiлдiрген кездерi болғанын байқадық. Демек, елдiң ертеңi мен халықтың жағдайын жақсарту үшiн күресiп жүрмiз деген партия неге алдымен өз қатарын сүзгiден өткiзiп, тазартып алмаған? П.Своиктi партия қатарынан шығару қиын емес. Бастысы, оның басқа жақтастарының саяси ұйымда қалып қоймауы маңызды.

Салыстырып қарасаңыз, своиктер тек Қазақстанда ғана осылай еркiнсидi. Мәселен, Өзбекстанға барып, осылай деп көрсiншi, көкесiн танытып жiберер едi. Петекеңдерiн төбеге шығарып есiрткен қазақтан басқа ел жоқ. Тiлiн табанға салып, таптап жатса да зиялыларымыздың бiрде-бiрi мыңқ демедi. Орыс тiлiнiң көлеңкесiне ана тiлiмiздi күшпен байлап, келемеж етсе де, П.Своиктi сөгiп, жөнсiздiгiн бетiне басатын адамның жоғы өкiнiштi. Бiрдi-екiлi азаматтар ә дегеннен Петекеңдi тәубесiне түсiрмек болды. Алайда айылын жинайтын ол жоқ. "Бiреу тойып секiредi, бiреу тоңып секiредi" деген халық мәтелi де осыны меңзесе керек. Мұндай тойып секiргендер кiмнiң мүддесiн қорғап, кiм үшiн жанталасып жүргенi түсiнiктi. Әрине, этникалық тегiне қарап-ақ, оған ренжудiң қажетi жоқ, "ит үредi, керуен көшедi" дей салуға болар едi. Алайда ол Конституцияға сәйкес "мемлекет құраушы ұлтқа" қарсы шығып отыр емес пе? Осындайлардың арқасында ұлтаралық араздық қозып, жек көрушiлiк тууы да ғажап емес. Сондықтан мұндай дүбәраларды дер кезiнде орнына қойған дұрыс. "Ұлттық мiнез" деген түсiнiк бар. Бұл дегенiмiз - ұлттың өзiне сәйкес ұстанымдары мен болмысының қалыптасқанын бiлдiретiн категория. Ұлтты арандататын, халықтың болмысы мен түсiнiгiне қарсы келетiн науқандарға осы "ұлттық мiнез" арқылы тосқауыл қоюға болады. Жоғарыда Өзбекстанның мысалын келтiрдiк. Яғни, Своиктiң мәлiмдемесiн өзбек тiлiне қатысты айтсаң, кез келген ортада жер-жебiрiңе жетiп, елден аластап жiберер едi. "Ұлттық мiнез" дегенiмiз мiне осы! Қазiрше бiзге де жетiспей тұрған осы қасиеттi ол бiлгендiктен де басынған-ау?

Меруерт ХУСАИНОВА

«Жас Алаш» газеті

0 пікір