Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2496 3 пікір 29 Қараша, 2021 сағат 17:05

Баспана бағасы аспандап тұр. Атамқұлов не дейді?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда тұрғын үй бағасы келесі жылдан бастап тұрақтанады деген сенімде, деп жазады arasha.kz. 

Министр елімізде құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашып, баспана бағасын тұрақтандыру жұмыстары қолға алынғанын айтты. Бейбіт Атамқұловтың пайымынша жаңа өндірістер баспана бағасының шарықтауын тоқтатады.

«Елімізде өндірілетін бірқатар материалдың тізбегі жасақталды. Бүгінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа өндірістер. Бірінші кезекте сан-фаянс пен өзге де керамика шығарамыз. Бүгінде керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді», – деді Атамқұлов «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатында.

Алайда, оның айтуынша, өндіріс көлемі аз. Министрлік тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 процент қамтамасыз етуды жоспарлап отыр.

Министрдің болжамынша тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.

«Менің болжамымша баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр», – деп  түйіндеді Бейбіт Атамқұлов.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2560
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2409
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663