Сенбі, 11 Мамыр 2024
Бұ не мазақ? 4604 10 пікір 19 Қараша, 2021 сағат 17:37

Лавровтың лақпасын Тілеуберді ақтап жүр

Жуырда Ресейдің «Российская газета» басылымы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың «Қазақстан мен Ресей: шекарасыз серіктестік» (Россия и Казахстан: сотрудничество без границ) мақаласын жариялады.

Лавров өз мақаласында «Қазақстанда орыстілділерге ксенофибиялық көзқарас бар» екенін жазған. «Өкінішке қарай кейінгі кездері Қазақстанның орыстілді азаматтарына деген ксенофибиялық сарынын байқадық. Кейбір жағдайлар көбінесе ішкі ұлтшылдықты туғызуға және Ресеймен серіктестікке қарсы бағытталған «сырттан келетін арнайы ақпарат өнімін қолданғаннан» пайда болады», - деп сөйлеген Сергей Лавров.

Қазақстандағы ксенофобия туралы Лавровтың бұл сөзі қоғамның қызу талқысына түсті. Әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында мақалалар мен пікірлер лег-легімен жарияланды. Арада оншақты өткенде Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Лавровтың мақаласына қатысты пікір білдіріпті.

Сонымен біздің министр Мұхтар Тілеуберді Ресей министр Сергей Лавровтың мақаласын ақтауға біраз әлектеніпті.

«Қазақстан мен Ресей арасында сыртқы істер министрлігі, құқық қорғау органдары, президент әкімшіліктері арасында тікелей байланыс каналдары орнатылған. Осы каналдарға сүйеніп, біз сондай мәселелерді: шовинизм болсын, ксенофобия болсын, сондай оқиғаларға бірлесіп жауап бере аламыз» деп жазылғанын айтқан Мұхтар Тілеубердінің бұл әрекетін Лавровтың лепірмесін ақтау әрекеті дегеннен басқа сөзіміз жоқ.

Министр Тілеуберді оған қоса, мақалада Қазақстан мен Ресейдің бауырластығы туралы және әр салада жан-жақты достық қарым қатынас орнатылғаны туралы айтылғанын алға тартқан екен. Әрі қарай, Қазақстандағы ксенофобия туралы жазылған сөйлемді «контекстен бөліп алғансыздар», дейді.

Солай, міне!

Айжан Темірхан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1923
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2056
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1714
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1522