Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2961 8 пікір 18 Қараша, 2021 сағат 15:36

Министр: Көмір тоннасы 5700 теңге болады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлерде көмірдің тоннасы 5200-5700 теңгеден сатылатынын айтты. 

"Жанар-жағармай бағасының өскені байқалды, дизельдік отын бағасының күрт өсуі қоғамдық көліктерге, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне және автокөлік тасымалына әсер етті. Дәл осындай жағдай көмір нарығында да қалыптасты. Тұрмыстық көмірдің бағасы 2007 жылдан 2014 жылға дейін өсті. Тасымалдау және электр энергиясы тарифтерінің көтерілуіне байланысты 9 пайызға көтерілді. Жанар-жағармай және көмір бағасының өсуі барлық тауар бағасының өсуіне әкеп соғады", - деді депутат Ләззат Рысбекова Сенат отырысында.

Министр Атамқұлов көмір бағасының өсуін тежеу ​​шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Ірі көмір өндірушілер сатушылармен меморандум жасады. Біз Қаражыра, Богатырь, Шұбаркөл кен орындарымен нақты бағаны келістік. Бағасы 5200 теңгеден бастап, ең қымбаты - тоннасына 5700 теңге болады", - деп уәде берді министр.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1546
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1417
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1166
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1168