Сенбі, 4 Мамыр 2024
Апат 5096 13 пікір 18 Қараша, 2021 сағат 14:57

Сүлейменов: Зертханасын Америкасына салсын...

Белгілі қазақ ақыны және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Қазақстанның Жамбыл облысында аса қауіпті штаммдар қоймасы бар биологиялық зертхана салуға қарсылық білдірді. 

«Біздің ғылымымыз дамып жатқан жоқ. Біздегі техникалық ғылымдар да, гуманитарлық ғылым саласы да үнсіз қалды. Әсіресе соңғы 30 жылдық үнсіздікті білеміз. Өйткені ғылымға жүгіну бізде өте аз. Негізінен экономикаға, қолма-қол ақшаға көбірек көңіл бөлінеді.

Бүгін бір танысым хабарласты. Ол Жамбыл облысында Уханьдағы сияқты орталықты тез арада ашу керек деген үкімет қаулысы шыққанын айтады. Бізге жетпегені осы еді. Жарылуы мүмкін нәрсенің бәрі Жамбылда жарылып үлгерді. Енді бұл салада да алға шыққымыз келеді. Бұл жағынан алғанда қазақтар «өте бақытты». Егер 1930 жылдары қазақ халқының 70%-ы аштықтан қырылып қалса, қалған 30 пайызын ең болмағанда осы Ухань инфекциясымен жойыуы керек. Бізде микробиологтар жоқ! Олар қайдан келді? Олар мұны басқа жерде жасасын. Міне, мен осындай хат дайындап жатырмын. Бұл хат, «Невада-Семей» қозғалысы сияқты біздің халқымыздың тағы бір сынағын тоқтатуға көмектеседі деп сенемін», - деді Сүлейменов.

Бұған қоса, ол Алматыдағы АҚШ тарапынан салынған орталық референттік зертханаға қарсы шықты.

«Бұл зертханалардың барлығын олар қаласа, Америкаларында сала берсін. Біздің Қазақстанда онсыз да апаттар мен инфекциялар, оқыс оқиғалар жетерлік», - дейді Сұлейменов

Бұған дейін Жамбыл облысында қауіпті инфекция сақтайтын зертхана салынуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1139
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1040
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 897