Сенбі, 4 Мамыр 2024
2220 4 пікір 15 Қараша, 2021 сағат 14:10

Қазақстан 5,7 млн ​​долларға аяқ киім сатып алған

Қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан 14 елге 24,7 миллион долларға аяқ киім экспорттаған. Бұл туралы Өзбекстанның Мемлекеттік статистика комитеті хабарлады. 

Өзбек аяқ киімінің негізгі сатып алушылары көршілес елдер болып табылады. 13,7 млн ​​долларға Қырғызстан, 5,7 млн ​​долларға Қазақстан, 3,7 млн ​​долларға Тәжікстан және 568 мың долларға Ауғанстан сатып алған. Сатып алушылар қатарында Ресей де бар.

Өзбекстанға 45 елден құны 9,9 миллион доллар болатын 2,7 миллион жұп аяқ киім әкелінген. Өнімнің бұл түрінің басым бөлігін Өзбекстан Қытай (4,4 млн доллар), Түркия (2,8 млн доллар), Вьетнам (756,5 мың доллар), Ресей (397,5 мың доллар), Италия (331 мың доллар), Индонезия (180,5 мың доллар), Үндістан (114,1 мың доллар), Қырғызстан (99,5 мың доллар), Испания (77,7 мың доллар) және Португалия (60,9 мың доллар) елдерінен сатып алған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1068
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 801
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 928