Сенбі, 4 Мамыр 2024
8829 3 пікір 12 Қараша, 2021 сағат 12:45

Қазақстан Қытайға газ экспортын тоқтатпақ

Үкіметтің шешімімен 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстаннан Қытайға газ экспорттау тоқтатылады.

Сарыбұлақ кен орнында қалған 500 миллион текше метрге жуық газ қазір Зайсан өңірінің тұрғындарына арналған. Осы күнге дейін облыс орталығының өзі және аудандағы 9 ауыл газбен қамтылған.

Тағы 8 елді мекенді жүйеге қосу жоспарда бар. Магистральдық желілер жүргізілді, енді тоқсан ішілік желілерге конкурс жарияланды. Көгілдір отын қоры таусылуда. 2013 жылдан бері кен орнында шамамен 3,4 миллиард текше метр газ өндірілді. Оның үстіне оның 95 пайыздан астамы ҚХР-ға экспортталды.

«Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, қазір өндіріліп жатқан газ қоры Зайсан өңіріне 10-15 жылға жетеді. Қазір жалпы Зайсан ауданында 20 мыңға жуық абонент газбен қамтылған», – деді Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1221
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1115
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 852
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 998