Сәрсенбі, 25 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 127580. Жазылғандар — 114347. Қайтыс болғандар — 1945
Жаңалықтар 1955 0 пікір 23 Шілде, 2012 сағат 08:47

Өмірзақ Ақжігіт. Рухы өліп қалған ауыл

  • Қаз-қалпында

Өткен жұманың дүйсенбісінде Мұхтар Тайжан, Өмірзақ Ақжігіт, Геройхан Қыстаубаев үшеуі ел ішін аралап, жұрттың жағдайын көздерімен көріп, халықтың не ойлап, не күйде отырғанын білмек мақсатында жолға шыққанын хабарлаған едік(http://old.abai.kz/content/omirzak-akzhigit-kazakiya-kaganaty-kazak-respubikasy-ylttyk-memleket).
Осы сапардың ақпараттық демеушісі болуды азаматтарға айтып едік, олар қуана құп алды. Сонымен, abai.kz порталы ауыл-аймақты аралап жүрген азаматтардың көрген-білгенін қаз-қалпында жариялап отырады.
Ағайынның шын халін білгіңіз келсе, abai.kz ті қарай жүріңіз!.

«Абай-ақпарт»

Біздің өткен аптада еліміздің өңірлерін аралап шығуға бет алған сапарымыздың бірінші аядамасы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы «Меркі» асыл тұқымды мал зауыты акционерлік қоғамы болды. Себебі, осы зауыт орналасқан ауылда көп жыл мектеп директоры болып жұмыс істеп, былтыр зейнеткерлікке шыққан, осы елдің абыройлы азаматының бірі Нұржан Жұманов ақсақалдан бата алғымыз келді. Оның үстіне біздің келетінімізді ағайдан естіген ауыл ағалары бізбен кездеспек ниет бідіріпті. Оған біз қуана келістік. Кездесу «Ақ ермен» ауылдық округінің әкімі Өсер Әбеновтің кабинетінде өтті.

Естіген әңгімемізден соң, сәл-пәл әсірелеп айтар болсақ, екі-үш күн бойы ес жия амай жүрдік. Неге? Себебі, ауылдағы, дәлірегі айнала шоғырлана орналасқан шағын Алтын арық, Ақ ермен, Ақкөз (1916 жылғы көтеріліс батыры Ақкөздің атын алған) және Кентай аулындағы жалғыз мемлекеттік кәсіпорын, аты аталған «Меркі» АҚ-ның президенті 20(!) жылдан бері акционерлеріне білгенін істеп келе жатқан көрінеді. Бүгінгі таңда Н.Назарбаев бір кездегі асыра сілтеушіліктің зардабын жойып, қателікті түзету мақсатында «іріленіңдер» деп ұран тастап жатқанда, асыл тұқымды мал зауыты болғаны себепті жекешелендірілмей қалған кәсіпорын акционерлері «біз де басқалар секілді жеке меншік болып өмір сүре алмай отырмыз» деп аһ ұруда. Өйткені, АҚ президенті Дүйсенхан Садыровтың «ақ дегені алғыс, қара дегені» қарғыс көрінеді. Қарамағындағы халықты «айт!» деп айдап, «қайт!» деп қайырады екен. Бейнелеп айтқанда, адамдарды да малға айналдырып жіберген.

Бірақ, мал екеш мал да өлерінде тұяғын серпіп қалуға тырысады ғой. Бұл ауыл адамдары да бірнеше рет «күнде өлгенше бір-ақ өлейік» деп тұяқ серпіп көріпті. Біріншісінде осындан біраз жыл бұрын 200-ге тарта акционер «кезектен жиналыс өткізіп, басқа президент сайлап алайық» деп уағдаласқан екен. Садыров жиналыс болар күннің алдындағы түнде бас мамандарын елді қорқытып-үркітуге жіберіп, ертеңіне «жиналысқа келеміз» деп баталасқандар келуге бата алмай қалыпты.

Былтыр күзде, Маңғыстау мұнайшыларынан үлгі алған жергілікті халық «кіші Жаңаөзен» жасамақшы болып, 15 күн бойы жұмысқа шықпай, қоғам кеңсесінің алдына келіп отырып алады. Отырып алғанынан не пайда, ауданы бар, ауылы бар, билік басшылары олардың мұң-зарына құлақ аспақ былай тұрсын, прокурорын, сотын, полициясын ертіп келіп, жиылған жұртты тікелей қорқытады. Сот тіпті «сендер осы жерде 300 адам отырған соң батырсыңдар, менің кабинетіме жеке-жеке келіңдерші, көрсетер едім» дегенге дейін барған көрінеді. Ақсақалдар «әй, соның аты кім еді, Серімов пе еді, бірақ, ол басқа жаққа ауысып кетті ғой» десіп отырды. 37-жыл емес деп көріңізші мұны.

Кездесуде сөз алған, ауыл округіндегі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жойқынбек Нұрланов ақсақал:

«Мен сол жиынға қатысқанмын. Дауысқа салайық та басқа адамды сайлайық деп ұсыныс айтпақшы болғанымда маған сөз бермей қойды» деді. «Орныңызда отырып болса да айқайламадыңыз ба» дегенімізде, «солай болды енді, айта алмадым ғой...» деп күмілжіді. Сол бір шешуші сәтте ақсақалдың ісі атына сай бола алмай қалғаны өкінішті.

Бірақ, ол кісі былай деді: «Біздің мына алдымызда отырған әкім ініміздің қолында ешқандай билік жоқ. Ауыл әкімінде ешқашан билік болып көрген де емес. Өзінің есеп-шоты да жоқ өкіметте қандай билік болушы еді?! Ал, біз бәріміз жамандайтын кеңес өкіметі кезінде осындағы ауыл советте 24 депутат болатын. Қандай мықты совхоз, зауыт директоры болсын, сол депутаттар алдында  3 айда бір рет есеп беретін. Міне, ауылдағы өз өкілдеріне өкілеттік бермей отырған өкіметтің басты кінәсі бұл. Мемлекет бойынша шешілетін мәселе!»

Өте дұрыс айтады. Және дәл осы әңгіме әкімдік жүйе құрылғалы бері айтылып келеді. Бір түбегейлі өзгерісті ауылдағы халық көретін кез бола ма, жоқ әлде осылай құр сөзді естумен өмірлері өте ме?

Тауға жақын жер болғандықтан ауыл маңы сулы да, нулы да. Бірақ, президент Садыров су бергісі келмейтін ауылдың малы мен огородының ішерге суы жоқ. Шалшық су ішкен малы өліп жатса, егістік жері егілмей қурап тұрған көрінеді. Тіпті бидайды орып алған кезде президент сабанды да халыққа берудің орнына егіске шаштырып жіберіпті...

Бізден көмек сұраған ауыл ақсақалдарына «қолымыздан келгенін аянбаймыз, бірақ, нағыз күрес біз жазғаннан кейін басталады,  соған шыдайсыздар ма - жеңіп шығасыздар, шыдамайсыздар ма - осылайша бар мен жоқтың арасында, қорлықпен өмірлеріңіз өте беретін болады» дедік.

Әр адам, әр ауыл, әр аймақ өзі үшін ең алдымен өзі күресуі керек қой. Солай емес пе?!..

«Абай-ақпарат»

Суреттер Мұхтар Тайжанның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынды

0 пікір