Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Билік 4642 2 пікір 5 Қараша, 2021 сағат 15:31

Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі!

Осыдан ширек ғасырға жуық уақыт бұрын сайын дала Сарыарқа төсінде өркендеу дәуіріндегі Қазақстанның орталығы, Отанымыздың жаңа елордасы – Астана (Нұр-Сұлтан) бой түзеді. Жаңа елорда салу бастамасын алғаш Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нқрсұлтан Назарбаев көтергені баршаға мәлім. Сол құрметпен, 2019 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел астанасына Елбасының есімін беру туралы бастама көтерді. Бұл шешім бірауыздан мақұлданды. Астана атауын өзгерту идеясын Парламент те, жергілікті мәслихат та қолдады.

Ел астанасын арқа төсіне көшіру туралы бастама Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына тиесілі екенін айттық. 90-шы жылдардың орта шені. Бұл идеяның жуық арада жүзеге асатынына сенушілер көп бола қойған жоқ. Көптің көңілінді күмән басым болды. Бірақ, олардың қателескенін уақыт дәлелдеді.
Астана ең қысқа мерзім ішінде салынды. Бүгінге халқының саны миллионан асатын Қазақстандағы екінші ірі мегаполиске, бүкіл еліміздің қарқынды, қарышты дамуының нышанына айналды.

Қаланың бас сәулеткері – шын мәнінде Нұрсұлтан Назарбаев болып саналады. Еуразия жүрегінде орналасқан Нұр-Сұлтан Елбасының идеясы мен ұсыныстарының арқасында Батыс пен Шығыс мәдениеттерін тоғыстырған көркі көз тартар бірігей келбетке ие болды.

Әшекейлі қаланың көптеген әйнекті зәулім ғимараттары мен ескерткіштері кезінде Елбасының сурет, сызба түрінде түсірген ойларынан алынғаны белгілі. Дүние халқына аты мәшһүр Кисе Курокава, сэр Норманн Фостер, Кензо Танге т.б. сәукеткерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сол бір ойларын іс жүзінде шындыққа айналдыра білді.

Сол зәулім-зәулім ғимараттардың басым көпшілігі Елорданың ең көрнекі орындары мен қаланың өзіндік рәміздеріне айналды.

Abai.kz

 

 

2 пікір

Үздік материалдар