Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3223 6 пікір 5 Қараша, 2021 сағат 14:13

Тоқаев: Колонияларда бәріне орын жеткілікті!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев субсидия саласындағы миллиардтаған доллар ұрлыққа жауаптыларды жазалауды тапсырды.

"Деректер көңіл көншітпейді. Мемлекетке миллиардтаған доллар зиян келіп жатыр. Мен тергеу сапасына ерекше назар аударамын. Сіз қазір айтқан бұл тәжірибе бірнеше жылдан бері келе жатыр. Бұл жақында туындаған мәселе емес. Сондықтан одан әрі жоғары деңгейде тергеу жүргізуді тапсырамын. Біз барлық жауапты тұлғаны жазалауымыз керек. Колонияларда бәріне орын жеткілікті", - деп ескертті Президент.

Апта бұрын арнайы операция ұйымдастырылып, субсидия саласына қатысы бар 30-дан астам адам тұтқындалған болатын.

Abai.kz

6 пікір