Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2851 0 пікір 16 Шілде, 2012 сағат 07:51

Сәкен Алдашбаев. Телеарналар терористерді дайындап жатқан жоқ па?

Бүгінде үйдегі баланың түздегі қылығының тәрбиешісінің бірі теледидар екені анық. Бесіктен белі шыққаннан батырлыққа баулитын ертек тыңдап емес, шетелдік мультиктерге телміріп өсетін балақайлар түркі және өзге де елдің сериалдарына ауысып, санаға жат қылықтарды қабылдап ес жиюда. Осылайша алды-артын білмей, жамандықты жаттап өсіп келе жатқан жастарға «Қазақстан» телеарнасындағы «Қылмыс пен жаза» бағдарламасы секілді түсірілімдер одан әрі саналарын ойрандап жатыр.

Ондай бағдарламалар шындықты көрсетем деген желеумен қанды қол қылмыскерлердің қалай қасгөйлік еткенін бүкпесіз көрсетіп, балалардың бойын бейбастақтыққа үйретіп жатыр. Тіпті оны көп көретіндер қандайда бір қанды оқиғаға түршікпейтін болып алды. Керек десеңіз, қылмыс жасап қашқандардың із жасырудағы қателіктерін айтып, өздерінше «неге өйтпеді, неге бүйтпеді» деп түзеп отырады жастар. Бұл не деген сөз. Бұл - қылмыс жасағанда мына қателіктерді қайталама дегенге үйрету емес пе? Сөйтіп телеарналар террористерді қолдан дайындап жатқан болып шықпай ма?

Олай дейтінім, адам өлтіруден ләззат алатын талай маняктар ұсталған соң, олардың үйінен қылмысты ашық жазған газет қиындылары табылды ғой. Сол сияқты қыздарды зорлаймын деп темір тордың ар жағынан шыққан жігіттің үйінен жаман түсірілімдегі кинолардың табылғаны санамыздан шығып кетті ме? Тіпті жас балалардың Жумон болып садақ атып, Сұлтан Бейбарыс болып қылыштасып, «Бригада» киносындағы Саша болам деп бір-бірін жарақаттағаны жадымызда қалмаған ба?

Сондықтан «Қазақстан» телеарнасындағы «Қылмыс пен жазадан» бастап сондай бағыттағы бағдарламаларды тоқтату керек. Әйтпесе көзбен көргенді қолмен жасаймын деп қылмысқа еті өлген балалар түрлі жағдайларға баруы мүмін.

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші, теріс әдеттерден арылу үшін әуелі теледидарларымызды түзеуіміз керек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір