Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
1899 0 пікір 3 Қараша, 2021 сағат 16:40

Ресейде жаңа антирекорд: 1189 адам көз жұмды

Соңғы тәулікте Ресейде коронавирус инфекциясынан 1189 адам қайтыс болды. Бұл пандемия басталғалы бері жаңа антирекорд деп хабарлады жедел штаб.

Осылайша, жаңа өлімнің басым бөлігі Мәскеуде – 95 және Санкт-Петербургте – 86 тіркелді.

Ресейде коронавирус құрбандарының жалпы саны 242 060 адамға жетті. Жалпы, Ресей Федерациясында пандемия басталғаннан бері COVID-19 8,6 миллионнан астам адамда анықталды, оның 7,4 миллионы сауығып кетті, 2 008 602 науқас дәрігерлердің бақылауында қалып отыр.

Abai.kz

0 пікір