Сенбі, 27 Сәуір 2024
1968 0 пікір 3 Қараша, 2021 сағат 16:29

Қытайда коронавирус қайта өршіді

Қытайдың Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті сейсенбіде COVID-19 инфекциясының 93 жаңа жағдайы анықталғанын хабарлады. Олардың 35-і Хэйхэ қаласында тіркелген.

Дүйсенбіде Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметі бойынша өткен аптаның жексенбісінде – 59, сенбіде – 48 адам ауру жұқтырған. Қытайда 17-қазаннан бастап коронавирус қайта өршіді. Елдің Ганьсу, Хэйлунцзян провинциялары және Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында вирус таралу қарқыны артты. Бейжің шектеу шараларын күшейтіп жатыр.

Халықтың көші-қонын тежеу ​​шаралары жүргізілуде. Сәрсенбі күні таңертең Бейжің Дасин әуежайында бұрын жоспарланған рейстердің 60%-дан астамы тоқтатылды. Пандемия басталғаннан бері Қытайда 97 423 коронавирус инфекциясы тіркелді, 4 636 адам қайтыс болды, 91 787 адам сауығып шыққан.

Abai.kz

0 пікір