Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2941 0 пікір 13 Шілде, 2012 сағат 12:34

Бодандықтың қылбұрауы қыса түстi

"Еуразиялық одақты" құру идеясы бүкiл ресейлiк шенеунiктердiң ойын жаулап алған сияқты. Қазақстан президентi бастап, оның "одақтас жолдастары" қостап, халықтың миына бұрынғы "бауырластар" ұғымын мықтап сiңдiруге кiрiскендей. Беларусь пен Қазақстанға қарағанда, Ресей тарапы әсiре белсендi. Назарбаевтың 1994 жылғы одақты құру идеясы орыстар үшiн "дайын асқа - тiк қасық" болды. Бiрте-бiрте қазақ билiгiн өзiне қаратып, экономиканы және басқа да саяси жүйенi өз қолына ала бастаған орыстар, ендi қазақ тағдырын да өздерi шешпекшi.

"Еуразиялық одақты" құру идеясы бүкiл ресейлiк шенеунiктердiң ойын жаулап алған сияқты. Қазақстан президентi бастап, оның "одақтас жолдастары" қостап, халықтың миына бұрынғы "бауырластар" ұғымын мықтап сiңдiруге кiрiскендей. Беларусь пен Қазақстанға қарағанда, Ресей тарапы әсiре белсендi. Назарбаевтың 1994 жылғы одақты құру идеясы орыстар үшiн "дайын асқа - тiк қасық" болды. Бiрте-бiрте қазақ билiгiн өзiне қаратып, экономиканы және басқа да саяси жүйенi өз қолына ала бастаған орыстар, ендi қазақ тағдырын да өздерi шешпекшi.

Еуразиялық одақ құру туралы түсiнiктi ең алғаш 1920-30 жылдардағы орыс ойшылдары Г.В.Вернадский, Н.С.Трубецкой және П.Н.Савицкий енгiзген. Олардың ойынша, сол кездегi әмiрiн жүргiзiп тұрған ком­мунистiк идеология бiрте-бiрте еура­зия­лық идеологияға ауысуы керек. Сол уақытта кейбiр адамдар үшiн бұл идея миф болып көрiнгенiмен, бүгiн олардың айтқандары расқа айналып келедi. Ресей қазақтарға бодандық қамытын шешкiзiп үлгертпестен, қайта қылбұрауын салып, қысқан үстiне қыса түсуде. Осыдан 20 жыл бұрын азаттығын жариялап, әлi еркiн өмiр сүре алмай отырған қазақтар еркiндiктiң исiн тағы бiраз жыл сезбейтiн секiлдi. Коммунистiк-тоталитарлы билiктiң шекпенiнен шыққан қазақ ғасырлар бойы құлдық санадан да, бодандық санадан да арылмай, "тәуел­сiздiкке үйренiсе алмай жүр". Өткендi көксеп, ескiлiктi аңсаған қазақстандық шенеунiктер Ресейге қайта қосылу қамында жанталасуда. "Алаштың" азаттық идеясын қозғаса, ұлттық мемлекет туралы ойлаған ұлт зиялыларының сөзiн сөйлесе мәселе басқа. Алайда қазақ басшылығы оларды ойына да алмастан, бодан болған коммунистiк кезеңдi көксейдi. Осының салдарынан Ресей қазақтың осал жерiн танып, өз қаһарына мiндi. Ендi қайта егемендiк қолымызға тие ме, тимей ме - бұл үлкен сұрақ.

Ресей мемлекеттiк думасының төрағасы Сергей Нарышкин 2015 жылдан бастап Еуразиялық одақ аумағында "Еуразиялық парламент" iске асады деп мәлiмдедi. Мұндай ойды Федерация кеңе­сi­нiң төра­йымы Валентина Матвиенко да айтып жүр. Нарышкиннiң айтуынша, 2013 жылдың 1 қаңтарына дейiн осы парламенттiң жобасы дайындалып бiтпек екен. Яғни Еу­ра­зиялық одақтың "Жол картасы" әзiрленiп, үш елдiң президент­терiне ұсынылады. Құжатта Еуразиялық парламенттiң даму кезең­дерi мен құрылымы көрсетiл­мек. Еуразиялық интеграцияның жүзеге асуын қолдайтынын айтып, шаттанған Нарышкин: "Бұл Еуразиялық парламент тiкелей дауыс беру арқылы сайлануы қажет" - дейдi. Бұл не деген сөз? Егер осындай жағдай болса, Конституцияға толықтай өзгерiс енгiзу керек екендiгi белгiлi. Еуразиялық парламент КСРО-ның Жоғарғы Кеңесi тәрiздi жүйе­ленетiнi де айдан анық. Бұл қайтадан Ке­ңестiк кезеңге алып барғаннан басқа не болуы мүмкiн? Мұның қауiп-қатерi мен зиян­ды жақтары шаш етектен. Бұл арада алдымен "парламент" ұғымына үңiлсек. Парламент бұл - мемле­кет­тiк билiктегi ең жоғар­ғы заң шығарушы орган. Оның басты қызметi - заң шығару және үкiмет пен басқа да мемлекеттiк билiк органдарының қызметiн бақылау. Демек, Еуразиялық одақ құралған соң барлық заң Кремль арқылы қабылданады. Яғни қазақтың тағдыры Мәскеуде шешiледi деген сөз емес пе бұл? Оған қоса, Кеңес одағы кезiндегiдей Ұлттар кеңесi құрылса, қазақтың ұлттығы мүлдем әдiрем қалатын түрi бар. Сондай-ақ, Нарышкин бұл парламент құрылып үлгерместен, "Еуразиялық жастар парла­ментiн" құруды ұсынды. Мұндай "Жастар парламентi" не үшiн керек? Әрине, егер референдум немесе халықтық сауалнама болар кезде жанталасып, "одақты қолдаушыларды" көрсетiп, халықтың қолын жинау үшiн. Әйтпесе, одақ түгiл, осы үш мем­лекеттiң өзiн­де жастар парламентi жетiс­кен, жөнi түзу жұмыс iстеп, маңызды шешiм қабылдамайтыны белгiлi.

2011 жылдың күзiнде В.Путиннiң "Еуразия үшiн жаңа интеграциялық жоба - бүгiннен басталатын болашақ" деген мақаласы жарық көрген. Артынша, "Единая Россия" партиясының төрағасы Борис Грызлов "Болашақ бiзбен бiрге" деген мақала жазып, онда Еуразиялық одақ - Ресейге әлемдегi дәрежесiн көтеруге көмекте­се­тiнiн, оның Ресей үшiн әлдеқайда пайдалы болатынын жазған. Осының өзi-ақ Ресейдiң амбициясын анықтап, айшықтап бермей ме? Империялық пиғыл дегенiмiз де осы емес пе? Демек, Қазақстан мен Беларусь бейшараның күйiн кешiп, Кремльге толықтай тәуелдi болғанын анық айғақтайды бұл!

22 маусым күнi Сергей Нарыш­киннiң басқаруында Ресейде тарихшы-ғалымдардың "Ресейдiң тарихи қауымдастығы" ассоциациясы құрыл­ды. Нарышкин бұл ұйымның мақсат-мүддесi мен негiзгi қызметi туралы бүй дейдi: "Бұл "Ресейдiң тарихи қауымдастығы" ассоциациясы 1866 жылы құрылған орыс патшалығының (русской империй) тарихи қауымдастығының дәстүрiн қайта жаңғыртуды қалайды. Университеттерде ағартушылық жұмыстарын жүргiзу мен киножобалар, интернет жобаларын iске асыру жоспарымызда бар. Әрине, оған отандастардың қолдауы өте қажет". Осыдан-ақ Нарышкин айтқан "империялық дәстүрдiң" бар пиғылы мен мүддесiн, мақсатын бағамдай берiңiз.

«Жас Алаш» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1526
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1382
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1131
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1154