Жұма, 26 Сәуір 2024
Саңлақ 3265 2 пікір 1 Қараша, 2021 сағат 17:43

Өзбекстан Бибосыновтың жеңісіне шағым түсірді

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Рахматжон Рузиахунов 2021 жылғы әлем чемпионатында жетекшілігіндегі спортшысы Хасанбой Дусматовтың қазақстандық Сәкен Бибосыновтан жеңіліске ұшырағанына пікір білдіріп, апелляциялық шағым түсіргенін айтты. Бұл туралы Sports.uz -ке сілтеме жасап, Vesti.kz сайты жазды.

Қарсыластар турнирдің бірінші айналымында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кездесіп, төрешілер бірауыздан жеңісті Бибосыновқа берді. Осыдан кейін жалжал орын ала бастады.

«Хасанбойдың кәсіпқой бокспен айналысқанына екі жыл болды. Сондықтан оның соққы санына қарағанда, күші артқан. Нысанаға дәл тиген ауыр соққыларды ескерсек, ол қазақстандық қарсыласын жеңді деуге болады. Жекпе-жектен кейін біз раундтарды қарап шығып, өз есебімізді жүргіздік. Олардың барлығынан Хасанбойдың көп соққылар жұмсағанын байқадық. Біз жекпе-жекке эмонионалды емес, бейтарап түрде қарадық. Содан кейін апелляциялық шағым түсірдік. Ұрысты көрген төрешілер боксшымыздың екінші раундта жеңіске жеткенін хабарлады. Егер жекпе-жек кезінде дәл осы нәтиже айтылғанда, үшінші раундта Дусматов әлдеқайда сабырлы түрде әрекет ететін еді. Нәтижесінде, соңғы раундты боксшымыз қорқыныш пен тәуекелмен өткізді. Қазақстан құрамасының бапкерлері мол тәжірибеге ие. Сол себепті олардың өз боксшыларына үшінші раундта абай болуды ескерткендері анық», – деді Өзбекстан құрамасының жаттықтырушысы.

Өзбекстан құрамасының осы әлем чемпионатында бес боксшысының жарыстан шығып қалғанын айта кетейік.

Abai.kz

2 пікір