Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4318 0 пікір 9 Шілде, 2012 сағат 13:20

Қарлыға Ибрагимова. Ақын қыздарымыздың бұл «айтысын» қалай түсінеміз?

Тыныштық бер жүрегіме,

Құлақ аспа тілегіме.

Сезім шоқты тығып қойғам,

Жұмыр жердің жүрегіне.

Күліп келем, күлкім емес,

Тек әйтеуір сылқым елес.

Сені ойдан арылтпақпын,

Бірақ, әттең, мүмкін емес...

Өзгені қайдам, өз басым әнші Нәби Аймұратов (марқұм) орындайтын осы бір «Мүмкін емес» деген әнді қайталап тыңдай беретінмін. Өкінішті сезім жайлы болғаннан шығар... Жарыққа шыққан күннен бастап бұл ән көпшіліктің қалта телефонында жүрді. Қазір де ұмытылған жоқ. Сөзін Назгүл Бердіқожа жазған. Нәбиді еске алу кешінде «Мүмкін еместі» «МузАрт» орындады. Бүгінде «МузАрттың» айтуында тыңдап жүрміз. Жақында Құралай Омардың сайттардың біріндегі сұхбатын оқыдық. Сұхбатында өлеңдері жайлы сыр шерте келіп, Құралай қаламдас құрбысы Назгүл Бердіқожа жайлы келеңсіз бір әңгіме айтып қалыпты. Әңгіменің ауаны ««Мүмкін емес» әнінің сөзін жазған Назгүл менің жолдарымды ұрлады» дегенге саяды. Алғашында түсінбей қалғанымыз рас. Құралайға хабарласып, мәселенің мән-жайын білуге асықтық. Айтып берейін деп келіскенімен, Құралай артынан айнып қалды. «Баспасөзде бір рет айттым жетеді. Өзімнің атымды бұлай жарнамалағым келмейді», - деп түсіндірді онысын. Құралайдың сайтқа берген сұхбатын сөзбе-сөз келтірейікші.

Тыныштық бер жүрегіме,

Құлақ аспа тілегіме.

Сезім шоқты тығып қойғам,

Жұмыр жердің жүрегіне.

Күліп келем, күлкім емес,

Тек әйтеуір сылқым елес.

Сені ойдан арылтпақпын,

Бірақ, әттең, мүмкін емес...

Өзгені қайдам, өз басым әнші Нәби Аймұратов (марқұм) орындайтын осы бір «Мүмкін емес» деген әнді қайталап тыңдай беретінмін. Өкінішті сезім жайлы болғаннан шығар... Жарыққа шыққан күннен бастап бұл ән көпшіліктің қалта телефонында жүрді. Қазір де ұмытылған жоқ. Сөзін Назгүл Бердіқожа жазған. Нәбиді еске алу кешінде «Мүмкін еместі» «МузАрт» орындады. Бүгінде «МузАрттың» айтуында тыңдап жүрміз. Жақында Құралай Омардың сайттардың біріндегі сұхбатын оқыдық. Сұхбатында өлеңдері жайлы сыр шерте келіп, Құралай қаламдас құрбысы Назгүл Бердіқожа жайлы келеңсіз бір әңгіме айтып қалыпты. Әңгіменің ауаны ««Мүмкін емес» әнінің сөзін жазған Назгүл менің жолдарымды ұрлады» дегенге саяды. Алғашында түсінбей қалғанымыз рас. Құралайға хабарласып, мәселенің мән-жайын білуге асықтық. Айтып берейін деп келіскенімен, Құралай артынан айнып қалды. «Баспасөзде бір рет айттым жетеді. Өзімнің атымды бұлай жарнамалағым келмейді», - деп түсіндірді онысын. Құралайдың сайтқа берген сұхбатын сөзбе-сөз келтірейікші.

«Кейде өз жолдарыңды, ұйқастарыңды өзгенің өлеңінен кездестіріп қалатын кез де болады... Менен «МузАрт» тобының орындауындағы «Мүмкін емес» әнінің сөзін сен жаздың ба?» деп сұрайтындар көп. Оқырмандарымның бұл сұрақты қоюында негіз бар. Ол әннің сөзін жазған мен емес, Назгүл Бердіқожа. Бірақ әннің қайырмасында менің 3-4 жолым жүргені рас. Кейбіреулер бұл жолдарды мен ұрлады деп ойлайды. Әннен ұрлайтындай сөзі біткен сорлы ақын емес шығармын. Менің өлеңім 2005 жылы жазылып, сол жылы «Әдебиет айдыны» газетінде, 2006 жылы «Қазақ әдебиеті» мен «Жалында» жарық көрген болатын. Ән жарыққа шыққан соң, Назгүлге арнайы хабарласып, менің өлең жолдарымды рұқсатсыз пайдаланғаның үшін екі ай ішінде баспасөз бетінде кешірім сұра дедім. Одан бері алты ай өтті...», - дейді Құралай. Құралай да, Назгүл де қазіргі жастар поэзиясында есімдері ауызға ілігіп жүрген ақын қыздардың бірі. Мынадай әңгімеден кейін үлкендерді былай қойып, жастар да бір-бірін «ұры» тұтып, бір-бірінен кешірім күтетін болғаны ма сонда деп ойладық. Бұл жөнінде Назгүл Бердіқожаға хабарласқанымызда мынадай жауап естідік.

«Мүмкін еместің» қайырмасын мектепте 11-сыныпта оқып жүргенде жазғанмын. Шығарған күйде қойын дәптерімде қалған. Кейін Индира Елубаева ән жазған екен, сөз жазып берші деп өтінді. Қойын дәптерімде жүрген «Мүмкін емес» деген бір шумақ, әннің қайырмасы болуға үйлесіп тұр. Шумақтарын толықтырып жібердім де, бір аптаның ішінде Индираның әніне сөз жаздым. Әнді Нәби Аймұратов орындағаннан кейін маған бір кісілер: «Қайырмадағы «Күліп келем күлкім емес» деген жолдар Құралай Омардың өлеңінде кездеседі ғой», - дегенді айтты. Ол кезде мен Құралайдың өлеңдерімен таныс емес едім. Өйткені ол уақытта ауылда, Аралда жүргем. Құралайда кездеседі дегеннен кейін әннің сөзін дереу өзгерткім келді. Кейін «ұрлады» деген осындай әңгімелер айтылатынын білдім. «Бұл жолдар сәйкестіктен шықты десем ешкім сенбес. Құралайды қайталаған болмайын, ұят болады ғой. Сөзі таусылған ақын емеспін, қайырмадағы ұқсас екі-үш жолды өзгерте салайын», - деп Индираға да, Нәбиге де хабарластым. «Мен әнді жаздырып қойдым. Жарыққа шығып та үлгерді. Қалай болар екен?!», - деп Нәби біраз қиналды. Мен «Өзгерткім келеді. Ертең әрқандай әңгімелердің айтылғанын қаламаймын», - деп тұрып алдым. Есімімнің былғанғанын қаламадым. Осы әңгімеден кейін уақыт өткен соң Нәби қайғылы жағдайға ұшырады. Өзгертіп үлгермедік. Әннің композиторы Индираға: «Нәбидің өмірінің соңында осындай ауыр әнді орындағанына іштей қиналып жүрмін. Бұдан кейін «Мүмкін еместі» ешкім орындамасыншы. Бұл бір бағы жанбаған ән болды», - деген күрсінісімді жеткізгем. Нәбиді еске алу кешінде «МузАрт» орындап, халыққа тарап кетіпті. Арада Құралай хабарласып: «Менің жолдарым сенде не ғып жүр?», - деп ренжіді. Бұл әнді ертеректе жазғанымды, ол жолдарды одан ұрламағанымды, тіпті Құралайда да бар екенін білмегенімді, сөзін өзгертемін деп жүргенде Нәбидің қазаға ұшырағанын түсіндірдім. Әнді уағында өзгерте алмағаныма телефонмен де, кездесіп те Құралайдан кешірім сұрадым. Менің де жүрегімнен сол жолдар төгілді деп бар шынымды айтқаныммен, Құралайдың сенбейтінін білгем. Өйткені, бұл өлең бірнеше басылымда, Құралайдың кітабында жарыққа шығыпты. Ал мен еш жерде жарияламаған едім. Ұқсастық екі жолында ғана. Екі жолды өзгерту - маған түкке тұрғысыз нәрсе. Сөзі таусылған сорлы ақын емеспін ғой. Құралайға мән-жәйді түсіндіріп: «Нәбидің соңғы әні ғой, атын шулатпай-ақ қояйық. Бұл өлең тіпті менің кітабыма да кірмей-ақ қойсын. Әнді еш жерден айтылмайтын етіп жойып тастар едім. Нәбидің орындауындағы соңғы ән болғасын ғана қалдырдым», - дегенмін.

Назгүлдің әңгімесінен кейін екі ақындағы «Мүмкін еместің» сөзін шындап салыстырып шықтық. Мұңды махаббат жайлы айтылып, «Сылқым елес, күлкім емес, мүмкін емес» деген ұйқастарда ұқсастық болып, «Күлiп келем... Алайда күлкiм емес» деген жолдар қайталаныпты. Құралайдың дауласып жүргені осы екі жол. Бұл жолдар Құралайдың өлеңінде былайша келеді екен.

Қайдан бiрақ...

Көрмессiң...

Бұл түн егес

Мазамды алды мазақтап сылқым елес.

Күп-күрең күндерiмдi жайнатпақ боп,

Күлiп келем... (Алайда күлкiм емес)

...Мүмкiн емес...

 

Өзіміз кәсіби әдебиетші болмаған соң, тартыстың төрелігін бір айтса, әдебиетші айтар деп ақын Аманхан Әлімұлына жүгіндік.

ТАРТЫСТЫҢ ТӨРЕЛІГІ:

Екі ақын қарындасымның да өлеңдерін оқып шықтым. Ұйқастың, екі жолдың ұқсастығына бола айтысып жүргендері мені еріксіз ойлантты. Екеуі әдебиет теориясын қайта бір парақтап, әдебиеттің заңдылықтарына жүгінулері керек еді. Әдебиетте, жалпы өнерде реминисценция деген ұғым-түсінік бар. Реминисценция - латынның сөзі. Реминисценция - поэзиядағы, музыкадағы болсын, жалпы өнер атаулыда бірді-екілі сөз, сөйлемнің, тіпті, оқиғаның өзге шығармада қайталануы, жаңғыруы. Яғни ақындардың поэтикалық байланысының бір көрінісі. Бұл тарихи-табиғи категория. Осы заңдылық бойынша кейбір образдар, сөз орамы, тіркес, бірдей сөздер мен сөйлемдер, жолдар, жалпы ырғақ бір ақындардан ауысып, екінші ақынмен үндесіп жатса, ол ешқандай да ұрлыққа жатпайды. Екі қыздың дауы осы әдеби категорияны түсінбегеннен туып отыр. Құралайдың ұғымымен ойласақ, кез келген ақынды «ұры» етіп шығаруға болады. Мысалы, ұлы Абай «Өлең шіркін өсекші, жұртқа жаяр» десе, Пушкин «Вот Муза, резвая болтунья» дейді. Бұл - екі ұлы ақынның үндестігі, түсінік-танымының астасуы. Бұрын Мағжан Жұмабаев «Әлдиле өлім, әлдиле» деген өлең жазды. Ал, қазір орыстың көзі тірі ақыны Глан Онаняннің «Убаюкай меня, смерть, убаюкай» деген өлеңі бар. Мағжанды өмірі көрмеген, оның өлеңін білмейтін Онанянның Мағжан айтқанды қайталауы тағы да сол ақындардың үндестігін көрсетеді. Байрон «Хочу я быть ребенком вольным» десе, Есенин «Я хочу быть отроком светлым» деп жазған. Анна Ахматова «И такая могучая сила» десе, Блок «И такая влекущая сила» дейді. Некрасов «Лес обнажился, поле опустел», деп толғаса, Леонид Андреев «Лес опустел, и поле обнажилось» деп қайталайды. Ал, біздің Мұқағалиымыз да «Сәби болғым келеді» деп өлең шығарды. Сабырхан Асановтың «Өмір өтіп барады, өмір өтіп» деген жолдары Жарасқан Әбдірашевте жолма-жол кездеседі. Төлеген Айбергеновтың:

«Сен өзімді көрсең,

Тұрысым осы менің.

Ал мендегі ғаламат сезімді көрсең,

Шошыр едің», - деп келетін өлеңі бар. Өмірзақ Қожамұратовтың да:

«Білмеймін сені,

Мен сені,

Жолсерік болып тосып ем,

Сезімді көрсең мендегі,

Сен қазір, жаным, шошыр ең», - деген өлеңі бар. Дәл осы Өмірзақ Қожамұратовтың бір өлеңі Зейнолла Тілеужановтың өлеңімен үндеседі. Зейнолла ақын «Жылату оңай болғанмен, Жұбату қиын қыздарды» деп жырласа, Өмірзақта «Жылатып алып біреуді. Жұбату оңай деймісің» деген жолдар бар. Сонда Құралай айтқандай, бұлардың бәрін қайталаған, ұрлаған дейміз бе? Онда Абай, Пушкин, Мұқағали мен Мағжандар да «ұры» боп шығады. Мұның бәрі - мен айтқан реминисценцияның жемісі. Ақындар табиғатының үндесуі. Сондықтан Құралайдың «Назгүл баспасөз арқылы менен кешірім сұрасын» дегені дұрыс емес. «Сылқым елес, егес, күлкім емес, мүмкін емес» деген ұйқасын менікі дегені де далбаса. Мүмкін емеске ұйқас іздеген ақын басқа қандай ұйқас алуы мүмкін?! Мұндай ұйқас менде де бар. Құралай мені де ұрлады десін онда. «Бұл жолдарды ертеректе ауылда жүргенде жазғанмын. Ол кезде Құралайда мұндай жолдар бар екенін де білмедім», - деп шырылдапты ғой Назгүл. Тіпті өзінен кешірім де сұрапты. Кешірім сұрап жүргені кішіпейілдік, әрине. Бірақ Назгүлдің мұнысы да әдебиеттің заңдылығын білмегендіктен. Сондықтан екі қызға әдеби сауаттарыңды ашыңдар. Өз жазғандарыңды ғана оқи бермей, өзге ақындарды, әлем әдебиетінде нендей жаңалық, құбылыстар болып жатыр, соны өз әдебиетіңмен салыстыра біліңдер дер едім. Әдебиеттің, поэзияның заңдылығын білмей, «ұры» тұтып, бір-біріне «күйе» жағып жүргендері ұят. «Мен бірінші жазған едім», - деп Назгүлді кінәлағаны үшін, әдебиеттің заңдылығын ескермегені үшін Құралайдың қаламдас құрбысынан кешірім сұрағаны дұрыс. Андрей Вознесенский деген орыстың ақыны «Стихи не пишутся, а дышатся» деп өлең жазып, «пишутся, дышатся» деген ұйқасты мен бірінші жаздым деп мақтанып жүрсе, мұны Вознесенскийден бұрын 1853 жылы бір ақын жазып қойған екен. Өмірде мұндай жағдайлар көп. Әдеби ұрлықты реминисценциядан ажырата білу керек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір