Сенбі, 27 Сәуір 2024
Қазақ-Қытай шекарасы: 4007 0 пікір 22 Қазан, 2021 сағат 13:49

Кәсіпкерлер Президенттен көмек сұрайды

Қазақстандық кәсіпкерлер шекарадағы шектеулерге байланысты Қытайға қатысты арнайы шараларды қолдануды сұрайды. Олар өз мәлімдемесін Алматыдағы баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды LS.

«Қазақстан май-тоңмай одағының» сарапшысы Геннадий Вейцман Қытайдан келетін импортты тасымалдау мәселесін шешу үшін мемлекеттің барлық мүмкіндіктерін пайдалануды сұрады.

«Менің ойымша, ведомстволық тетіктер жеткіліксіз. Олардың барлық ресурсы таусылды. Мәселе мемлекетаралық деңгейге шықты, оны Премьер-министрдің, мүмкін Президенттің қатысуымен шешу қажет», – депйді Вейцман.

Сарапшы көтерген тағы бір мәселе – қытай тауарларының Қазақстан аумағы арқылы басқа елдерге транзиті, бұл отандық жүк алушылардың тауарына зиян келтіреді.

«Біз Қазақстан теміржолынан Қытайдағы тауарлар Қазақстандық жүк алушыларға жеткізілмейінше ЕО-ға, Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға және т.б. өткізу бойынша Қытай транзитін шектеуді енгізуді сұраймыз. Меніңше, бизнесімізге зиян келтіретін қандай да бір халықаралық келісімдердің орындалуына, біз туралы не ойлайтынына алаңдамай, отандық бизнес пен азаматтар туралы ойлана бастау керек», - дейді Вейцман.

Өз кезегінде алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілері қауымдастығының басшысы Әлия Мамытбаева осы мәселеге байланысты саланың шығындары туралы айтты.

«Қазіргі уақытта саламыздағы осы мәселеге тап болған компаниялардың жиынтық шығыны шамамен 10,7 млрд теңгені құрайды. Тауардың кешігуі 100 күннен асады. Бұл, түптеп келгенде, өнім құнының өсуіне, өндірістің тоқтауына және қызметкерлердің жұмыстан шығарылуына әкеледі», – деп шағымданды спикер.

Мамытбаеваның айтуынша, Қытайдан бөтелке өндіру үшін ПЭТ-шикізат сатып алынады. Оларды уақытылы алмағандықтан, алкогольсіз сусын өндірушілер ассортименттің жоғалуы, күнделікті жұмыстың тоқтап қалуы, дистрибьюторлар алдындағы міндеттемелерді орындамау сияқты мәселелерге тап болады.

«Сондай-ақ, ПЭТ-өндіріс цехының тоқтауы кадрлық мәселені туындатты. Кей өндірушілер арасында 80%-ға дейін барады. Ең төменгі өндірісті сақтау мақсатында компаниялар дайын ПЭТ-преформаларды ресейлік жеткізушілерден немесе Түркиядан сатып алуға мәжбүр, олардың құны өз күшімен өндірілген материалға қарағанда 70%-ға қымбат», - деп қосты Мамытбаева.

Ол сондай-ақ әуе тасымалы туралы айтты.

«Логистикалық дағдарыс компанияларға жеткізудің қосымша тәсілін іздеуге мәжбүр етеді. Егер әуе тасымалы туралы айтатын болсақ, онда орташа құны бір килограмм үшін $5-ды құрайды», - деп түсіндірді спикер.

Сөз соңында өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының төрағасы Тимур Жаркенов кәсіпкерлердің өтінішін тиісті министрліктерге және кейбір мемлекеттік органдарға айтты:

- үш күн ішінде бос контейнерлерді Қытайға қайтаруды қамтамасыз ету;

- «Қорғас» автокөлік тасымалының бейресми монополиясын жою, ШОБ мен тасымалдаушылардың жеке меншік иелерінің автокөліктерінің, оның ішінде «САТ» жүйесі арқылы кіруіне кедергі жасамау;

- «Қорғас» бойынша брокерлік қызметтің бейресми монополиясын жою, шекарада жаңа брокерлік компаниялардың ашылуы мен жұмысына кедергі жасамау;

- тауарларды шекарадан Алматыға, Нұр -Сұлтанға «ТББЖ» жүйесінде өткізуге рұқсат ету (тәуекелдерді басқаруды бақылау жүйесі, - ред.).

Бұдан басқа, кәсіпкерлер ҚР ИИДМ мен Сыртқы істер министрлігінен Қытайдан Қазақстанға азаматтық және жүк тасымалдарын қалпына келтіруді, контейнерлік пойыздардың санын аптасына 10-ға дейін (қазір аптасына бір), «Қорғаста» жүк көліктерінің санын күніне 700-ге дейін, «Алашанькоу» станциясында 100 жүк көлігіне дейін, «Набахтада» 40 жүк көлігіне дейін арттыруды, «Майқапшағайды» ашуды (шекара маңындағы кеден бекеттері - ред.) сұрады.

Сонымен қатар, олар Еуропаға бір транзит - Қазақстанға бір импорт - Қазақстаннан бір экспорт дейтін шекарада теміржол паритетін орнатуды сұрады. Сондай-ақ, санитарлық қақпаларды орнату, қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес сертификатталған қаптамадағы қауіпті тауарларға (мысалы, батареялар) шектеуді алып тастауды өтінді.

Кәсіпкерлер Сыртқы істер министрлігінен басқа Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық банктен өз мәселелерін шешуге қатысуды сұрайды, атап айтқанда:

- ҚХР -дан карантинге арналған бақылау-өткізу пунктілерінің жабылуын, баға саясатының өзгеруін және шамадан тыс жүктеуге қойылатын талаптардың ресми расталуын алуға;

- валюталық бақылау мақсатында экспорттық-импорттық келісімшарттарды орындау мерзімін ұзарту және валюталық түсімді репатриациялау;

- тауарды ҚХР арқылы құжат беру үшін алым алынбай жеткізілген жағдайда форс-мажорлық жағдайды растайтын құжаттарды ұсыну.

Дайындаған Назерке Алтайқызы

Abai.kz

0 пікір