Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 3500 2 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 16:43

"Ауған дақпыртына"менің байсалды көзқарасым

Осыған дейін АҚШ "ауған демократиясына" деп триллион доллар жұмсады деген ақпар оқыдым - рас-өтірігін қайдам...

Оларға жел берген сол ақша ғой.

Ауған үкіметі де екіжүзді саяси ойын ойнаған сияқты: АҚШ-қа бір уәде, ақшасы мен қаруын алған соң, оны өздері тәліптерге сатып, не олармен бөлісіп отырған ба деуге болады...

Өз кезегінде тәліптер "дінді жамылып" арабтарды сорып отырды. Сөйтіп, Ауған үкіметі де, тәліптер де, осындай астыртын келісім арқылы екі жеп биге шығып жүрді...(Анау президент қашқан соң табылған миллиондаған долларлар соның дәлелі болар мүмкін)

Сонымен, ауғандар "құда да тыныш, құдағи да тыныш" дегендей өмір сүріп жатты... - анда-санда "теракт жасап" қоюды да ұмытпады...

Осы ағыл-тегіл жағдайды Байден бүлдірді... - АҚШ ақшасымен бірге кетіп қалды.

АҚШ кеткесін "джихад" деп жел үрлеп отырған арабтар да ат басын тарта қалды...

Сөйтіп, "ауғандық проблеманы" жалғастырудың АҚШ-қа да, Арабқа да, тіптен, әлемде ешкімге де еш мән-мағынасы қалмады...

Ілезде бәрі де "өз күніңді өзің көр" деген саясатқа көшті...

(Тек Қытай ғана "Бұл жерде бізге пайдалы қандай "саяси ойын" бар?" деген қадамдар жасауда... Олар үнемі солай).

Ал, халықаралық қауымдастық "керек болса, халықаралық нормаға сай гуманитарлық көмек береміз, сендерге беретін одан артық зат жоқ" деді...

Одан әрі: "Ауғаныстанда қайсың мемлекетті билейсің - ол өз шаруаң, соғыс-соғыспа, мемлекетті дінмен басқарасың ба, жоқ әлемдік қалыпқа ұмтыласың ба - араласпаймыз!" - деді.

"Алайда, дініңді не т.б. желеумен сылтауратып сыртқа қауіп төндіре бастасаң - тұмсығыңды бұзамыз" - деді.

АҚШ қазір ол "тұмсықбұзғыш жұдырықты" Орта Азия елдерінің бірінде ұстамақшы...

Ресей өзі "тұмсықбұзғыш" болғысы келеді...

(Ресей, тіпті, талибанды Мәскеуге шақырып алып, "Әзірге тыныш отыра тұрыңдаршы, біз ес жиып алғанша" деді де.... Өйткені, тәлібтер Мәскеуден келе сала "Бізге бейбітшілік қажет. Мемлекетті көтеру қажет. Барлығымен жақсы болу қажет" деп жариялады..

Бірақ, олар осы сөзінде тұрмады. Себебі, олар ондай "бейбітшілікке" үйренбеген. Мемлекетті бейбіт түрде басқару тәжірибесі онда жоқ. Онда әрбір командир тәліп "бір өзі бір мемлекет" болғысы келеді. Тіптен, тәлібтердің енді өзара соғысып кетуі әбден мүмкін нәрсе...

Сондықтан, қазір тәлібтер бұрынғы қарқынмен, жиған-терген қаруымен көрші елдерге тиісуіміз мүмкін деп, баяғы "әуеніне" баса бастады...

(Әрине, солай етсе бұрынғыдай "қойыңдар енді, мә саған ақша" деп сырттан тағы ақша ағыла ма деген ескі дәмемен...).

Сол себепті, олар қазір де бұрынғыдай екі жүзді сөйлеуде: бірі - мемлекетімізді дамытамыз дейді, екіншісі - дінді желеу етіп көршілердің жағасына жармасамыз дейді...

Бірақ, олар оны әзірге өз шегарасы ішінде айтқан соң, оған әлем тарапынан реакция аз...

Ал егер сол тәліп өз қаруымен Ауған шегарасынан бір қадам сыртқа аттаса - сол сәттен ақ жер жүзі оны "ауғандық агрессия" деп, олардың тұмсығын таптап тастайтын тетіктер іске қосылар еді...

(Әлем соған дайындалуда. Тәліп оны біледі... Сол себепті, даңғазадан ары бара қоймас...)

Бара қалса, онымен шегаралас тәжіктер де, өзбектер де оларды аямайды...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

2 пікір