Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3250 0 пікір 29 Маусым, 2012 сағат 12:55

Асадтың билiгi үшiн жан пида

Асадтың билiгi үшiн жан пида дейтiндердiң қатарына қазақтарды да қоспақ. Егер, Ресей бастаған ҰҚКҰ (ОДКБ) Сирияға кiрсе, соғыс басталуы мүмкiн дейдi сарапшылар

Батыс мемлекеттерiнiң авторитарлы режимдердi демократияландыруға бағытталған iс-әрекеттерi жалғасып келедi. Ливия, Египет сияқты диктаторлардың қолына шоғырландырылған мемлекеттердi азат еткеннен кейiн, батыстың бұл процестi тоқтатпақ ниетi жоқ. Осыдан бiр жылдан астам уақыт бұрын Сирияда басталған халық пен президент Башар Асадтың арасындағы текетiрестiң қызуы басылар емес. Тiптi, Сирия әлем алпауыттарының тартысына түстi де кеттi. Дамаск алаңдары Батыс пен Шығыстың шиеленiс аймағына айналып барады. Еуропаның өркениеттi, демократиялы елдерi әрi тартса, Шығыс Еуропадан Азияға дейiнгi Ресей бастаған авторитарлы билiкке негiзделген мемлекеттер көрпенi өзiне қарай жұлқып әлек.

Николай Бордюжа: "ҰҚКҰ бiтiмгерлiк күштерi Сириядағы шиеленiстi шешуге қатысуы мүмкiн. БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мандаты бойынша қол қойылған қаулыда көрсетiлген заңдар мен келiсiмдерге сүйенiп, ҰҚКҰ бiтiмгерлерi осы ұйым төңiрегiнде және оның сыртында да жұмыс iстей алады".

Александр Шаравин: "Бiз жоқ дегенде бiр өте мықты дайындалған дивизия жасақтай аламыз. Және оның құрамында тек ресейлiктер ғана емес, қазақтар да, бас­қа ұлттар да болады".

 

Асадтың билiгi үшiн жан пида дейтiндердiң қатарына қазақтарды да қоспақ. Егер, Ресей бастаған ҰҚКҰ (ОДКБ) Сирияға кiрсе, соғыс басталуы мүмкiн дейдi сарапшылар

Батыс мемлекеттерiнiң авторитарлы режимдердi демократияландыруға бағытталған iс-әрекеттерi жалғасып келедi. Ливия, Египет сияқты диктаторлардың қолына шоғырландырылған мемлекеттердi азат еткеннен кейiн, батыстың бұл процестi тоқтатпақ ниетi жоқ. Осыдан бiр жылдан астам уақыт бұрын Сирияда басталған халық пен президент Башар Асадтың арасындағы текетiрестiң қызуы басылар емес. Тiптi, Сирия әлем алпауыттарының тартысына түстi де кеттi. Дамаск алаңдары Батыс пен Шығыстың шиеленiс аймағына айналып барады. Еуропаның өркениеттi, демократиялы елдерi әрi тартса, Шығыс Еуропадан Азияға дейiнгi Ресей бастаған авторитарлы билiкке негiзделген мемлекеттер көрпенi өзiне қарай жұлқып әлек.

Николай Бордюжа: "ҰҚКҰ бiтiмгерлiк күштерi Сириядағы шиеленiстi шешуге қатысуы мүмкiн. БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мандаты бойынша қол қойылған қаулыда көрсетiлген заңдар мен келiсiмдерге сүйенiп, ҰҚКҰ бiтiмгерлерi осы ұйым төңiрегiнде және оның сыртында да жұмыс iстей алады".

Александр Шаравин: "Бiз жоқ дегенде бiр өте мықты дайындалған дивизия жасақтай аламыз. Және оның құрамында тек ресейлiктер ғана емес, қазақтар да, бас­қа ұлттар да болады".

 

ДИКТАТОРЛАР МЕН ДЕМОКРАТТАРДЫҢ ТАРТЫСЫ

Сириядағы жағдай күннен-күнге шиеленiсе түсуде. Оппозиция мен диктатордың бiр-бiрiне деген өшпендiлiгi мыңдаған адамның мерт болуына әкеп соғуда. Көтерiлiс басталғалы Сирияда 15 мыңға жуық адам қанға бөгiп, көз жұмса, 30 мың адам тұтқынға алынған. Оның iшiнде он мыңдай бейбiт халық та бар. Мемлекеттiк билiкке тақымдап жармасып, бар күштi қолына алған Асадтың оңайшылықпен кеткiсi жоқ. Оппози­цияны барынша басып-жаныштап, алаңға шыққандарды қойдай қыруға белсене кiрiскен. 2011 жылдың желтоқсан айында ABC News арнасына сұхбат берген Башар Асад бейбiт халыққа оқ атылмайтынын айтып ағынан жарылған. Сонымен қатар "тек ақыл-есiнен айырылған, ақымақ адам ғана өз отандастарын атуға бұйрық бе­редi" деп мәлiмдеген. Бiрақ айт­қанының бәрi құр сандырақ болып шықты. Күнi кеше ғана көте­рi­лiс­шi­лердiң қолына тұтқынға түс­кен ұлттық армияның әскери қызмет­керi журналистерге Сирия билi­гiнiң әскери қызметкерлер мен полицияларға белгiлi бiр ауылдар мен елдiмекендердiң күлiн көкке ұшырып, халқына оқ атуға бұйрық бергендiгiн жайып салды. Осылайша оппозиция мен билiктiң арасындағы қырғи-қабақтық ел iшiн талқан еттi. Ендi тек саяси ғана емес, дiни шиеленiстер де күрт көбейдi, түрлi ағымдағы дiншiлдер бүлiктi өз мүддесiне пайдалануды көздегенi байқалады.

Ал халықаралық қауымдастықтың Сириядағы жағдайға көзқарасы әртүрлi. Тұтас Батыс Еуропа мен АҚШ Асадтың режимiн құлатамыз, демократия орнатамыз деп әлек. Ал Ресей, ҚХР, Корей Халықтық демократиялық республикасы Асадтың билiгiн сақтап қалудың қамын ойлап, батысты бопсалауға көшкен. Демек, шығыстың позициясы айқын. Бұл тұрғыда Еуропа мемлекет­терiнiң бiрқатары Сирияға қатыс­ты бiрнеше мәрте санкция жария­лаған болатын. Маусымның 26-сы күнi Асад режимiн қатаң айыптау мен оны қолдаушылардың Еуропадағы есепшоттарын жабуға байланысты Еуроодақ 16-санкциясын қабылдады. Алайда бұған селт еткен Сирия басшылығы жоқ. Ал Ресей болса, Еуропа қабылдаған санкцияларға қарсы әрекеттерiмен белсендiлiк танытып отыр.

РЕСЕЙДIҢ ДИКТАТОРДЫ ҚОЛДАУ СЕБЕПТЕРI

Өткен жұма күнi Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс қаруы Түркияның ұшағын атып түсiрiп, нәтижесiнде екi ұшқыш iз-түзсiз жоғалып кеттi. Түрiк басшылығы ұшақтың ешқандай қаруы болмағанын, оның тек барлаушы ұшақ екенiн дәлел­дедi. НАТО-ның бас хатшысы Фог Расмуссен Сирияның бұл әрекетiн халықаралық қауымдастықты, бейбiтшiлiктi және адам құқықтары мен қауiпсiздiгiн сыйламау деп бағалады. Ал Түркия басшылығы авторитарлы билiк­пен күресiп жатқан сириялықтарға Асадтың құлағанынша кө­мек­тесетiнiн айтты. "Сирия халқы - бiздiң бауырымыз, - дейдi түрiк премьер-министрi Режеп Ердоған. - Қандықол диктатордың ойына келгенiн iстеуiн доғармайынша, халықты езгiлегенiн тоқтатпайынша Түркия Сирия хал­қын қолдайтын болады".

Осындай мәлiмдемелермен Еуропаның бiрқатар мемлекет­терi Асадты әшкерелеп жатса, Ресейдiң көзқарасының өзге­ретiн түрi жоқ. Осы уақытқа дейiн Ресей Сирияға әртүрлi мате­риал­дық жәрдем берiп, Асадтың билiгiн нығайтып келдi. АҚШ мемлекеттiк хатшысы Хиллари Клинтон бiрнеше мәрте Мәскеудi "Сирия билiгiне тiкұшақтар бердi" деп қатаң түрде айыптаған. Ал АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкiлi Сьюзан Райтс былай дейдi: "Ресей мен Қытайдың, Таяу Шығыс халқымен, Сирия халқымен бiрге болмай, ажалы тақаған диктатор­ға болысып жатқаны өте жиiр­кенiштi. Бұл - масқара! Осы мемлекеттердiң әрекетiн кешiр­мейтiн Сирия демократиясы орнағанда, олар өз iстерiне өкiнетiн болады". Яғни, оларға салса, Ресейдi және басқа да Асадты қолдаған мемлекетердi сириялықтарға оқ жаудыруға атсалысты деп айыптап жiберуге бар.

Әрине, Ресейдiң батыс мем­лекеттерiне болысып, Асадты тезiрек орнынан тайдырып жi­бермеуiнiң өз себептерi жет­кiлiктi. Екеуi де авторитарлы билiк екенiн айтпағанда, саяси, экономикалық тұрғыда байланысы жақсы. Егер Асадтың билiгi құлайтын болса, Ресей ондағы мұнай және басқа да салалардағы өз үлесiн жоғалтып, инвестиция көлемi қысқаруы мүмкiн. Сондай-ақ Тартус қаласындағы Ресейдiң шалғай аймақтағы жал­ғыз әскери кемелер пунктiн жоғалтып алуы да ықтимал. Бұл - бiрiншiден. Екiншiден, Асад режимi құлаған жағдайда Ресей Сирияға батыс елдерi айтып жүргендей демократиялық билiк емес, дiни негiздегi билiктiң келуiнен қауiптенедi. Яғни, экс­тремистердiң төндiрер қаупi зор. Олардың ойынша, билiк басына сүнниттiк бағыттағы адамдар келiп, тек қана Еуропаға ғана қарсы емес, Ресейге де қарсы саясат жүргiзуi әбден мүмкiн. Үшiншiден, орыстар "аузы күйген үрлеп iшедi" деген қағиданы ұстанған. Яғни, Ливиядағы жағдайдың қайталануынан қатты сескенедi. Төртiншiден, Мәскеу Сауд Арабиясының уахаббиттiк бағытты қолдайтынын және оны тарататынын жақсы бiледi. Оның үстiне Эр-Рияд та Асадтың билiктен тайғанын жан-тәнiмен қалайды. Оның тезiрек кеткенiн күтiп жүр. Демек, орыстардың үрейi Сауд Арабиясының қолдауымен Сирия басшылығына уахаббшылар келiп алады дегенге саяды. Бiздiңше, мұның тағы бiр себебi мынада. Авторитарлы, диктаторлық режимдер шетiнен құлап, халықтың қарғысына қалуда. Бiр адамның қолына, қас-қабағына негiзделген барлық мемлекеттерде демократия орнап, үлкен реформалар орын алып жатыр. Бұл үрдiс Африкадан басталып, ендi Таяу Шығысқа тақады. Демек, Таяу Шығыстағы "демократияландыру" процесi аяқталса, ақырындап одан әрi шығысқа қарай және солтүстiкке қарай ойы­са түсетiнi анық. Яғни, Сириядан кейiнгi кезек Ресейге де келiп қалар деп орыстар түн ұйқысын төрт бөлуi мүмкiн. Осылай Сириядағы жағдайды созып, өз күшiн жинап алуға бел байлаған сияқты ресейлiктер. Демек, бұл Путиннiң "диктаторлық айласы" - Асадтан да асып, ойы мен түпкi мақсаты әрiде жатыр деген сөз.

 

ҚАЗАҚТАР СИРИЯҒА БАРУЫ МҮМКIН...

Осы айдың басында құрамына 9 мемлекеттi қамтыған Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмi ұйымының (ҰҚКҰ) бас хатшысы Николай Бордюжа аталған ұйымның Сириядағы қантөгiске араласуы мүмкiн екенiн айтып, былай деген: "ҰҚКҰ бiтiмгерлiк күштерi Сириядағы шиеленiстi шешуге қатысуы мүмкiн. БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мандаты бойынша қол қойылған қаулыда көрсетiлген заңдар мен келiсiмдерге сүйенiп, ҰҚКҰ бiтiм­герлерi осы ұйым төңiрегiнде және оның сыртында да жұмыс iстей алады". Сондай-ақ ол осы тұрғыда әрiптестерiмен келiсетiн­дiгiн де айтты. Алайда Бордюжаның аузынан осы сөздер шыққалы берi Қазақстан билiгi былқ еткен жоқ. Ресми түрде бұл соғысқа қатысамыз деп те, қатыспаймыз, бейтарап қаламыз деп те айтпады. Билiктiң мұндай үндеместiгi едәуiр үлкен күмән тудырады. Дей тұрғанмен, Қазақстан бұл ұйымның ең белсендi мүшелерiнiң бiрi. Сондықтан ресми Ақорда өз абыройы үшiн Бордюжаның айтқанын қостап, әскер жiберу жөнiнде келiсе кетуi әбден мүмкiн.

Саяси және әскери сараптамалар институтының директоры Александр Шаравин бүй дейдi: "Бiз жоқ дегенде бiр өте мықты дайындалған дивизия жасақтай аламыз. Және оның құрамында тек ресейлiктер ғана емес, қазақтар да, басқа ұлттар да болады". Бұл әрине, өте қауiптi. Қазақстанның Сирияға кiруi мүлдем дұрыс емес. Және ол жақта сирия халқы жағында емес, тек диктатор Асадтың мүддесiне "соғысамыз". Яғни, Башар Асад үшiн тiптi, оппозиция мен қарапайым халыққа, сондай-ақ еуропалықтарға қарсы тұрамыз. НАТО мен ҰҚКҰ дәрежесi бiр-бiрiмен мүлдем сәйкес келмейдi. Құрамы жағынан да, сапасы жөнiнен де. Қазақстандықтардың айдаладағы Сирияның iшкi қақтығысына бола жанын бере салуы екiталай. Сарапшылар егер ҰҚКҰ Сирияға кiрсе, алапат соғыс болады деп топшылап, болжап жүр. Оған дәлел, дәйектер де жетiп артылады. Сондықтан жоқ жерден жау тауып, Ресей соғысады екен деп, бiздiң де қыстырылғанымыз болмас. ҰҚКҰ жарғысында тек сыртқы агрессияларға тойтарыс беру мен олардан қорғану керек­тiгi жазылған. Ал бiреудiң iшкi жағдайына араласу қисынсыз. Әлде былтырғы Беларусь президентi­нiң айтқаны жүре бастады ма? Ол ҰҚКҰ-ның Қазақстандағы сам­митiнде: "Әрине, бiзге соғыс ашып, ешкiм ашық қарсы келе қоймайды. Бiрақ Конституциялық төңкерiс жасап, билiктi басып алуға талпынып, құштарланып отырғандар бастан асады. Сол себептi, бiз ҰҚКҰ елдерiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуiмiз керек" деп ұйымды авторитарлы билiктi нығайту үшiн қолдану керектiгiн ымдаған едi. Мүмкiн, осы желеумен "қол бастағалы" отыр­ған шығар "тұрақтылықты сақтағыштар".

"Заманауи даму институтының" (ИНСОР) директоры Игорь Юргенс бүй дейдi: "Сирияға ҰҚКҰ әскерiн жiберу бастамасын көтерейiк. Олар жақсы дайындықтан өткен, тәжiрибелi, жарақтанған 20 мың адам болады. Және әскердi К.Аннанға бiздiң есебiмiзден көмек ретiнде жiберейiк". Бұл әрине, үлкен қиындықтар туғызады. Себебi Қазақстан қоғамы шу шығаратыны айқын. ҰҚКҰ жарғысында мынадай бап бар: "Ұйым өз қызметiнде Ұйымның мүшелерi болып табылмайтын мемлекеттермен ынтымақтастық жасайды, қауiп­сiздiк саласында әрекет ететiн халықаралық үкiметаралық ұйымдармен қарым-қатынас орнатады. Ұйым халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптерiне негiзделген әдiл демократиялық бейбiтшiлiк тәртiптi қалыптастыруға көмек көрсетедi". Әрине, халықаралық шарттарды орындаған дұрыс. Бiрақ бiзде одан бас тарту құқығымыз да бар. Кеңес заманында Ауғанстанға ерiксiз соғысқа кiрген сияқты бұл жолы Сирияға да еркiмiзден тыс араласып жүрмесек болғаны.

dumka_k.o@mail.ru

Думан ҮСЕНХАН

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар